3-мақсат. Бірмезгілді адымсыз жүру тәсілін толығымен үйрету және оны жетілдіру.
1.Адымсыз жүрісті екі санақ бойынша орындау б.қ.–қолдар көздің деңгейіне дейін көтерілген (1-нүкте) және аздап бүгілген (2-нүкте), таяқтар шығыршықтарымен артқа қараған (3-нүкте); “1”санағы бойынша тұлғаны алға еңкейтумен бір мезетте (4-нүкте) таяқтарды қарға ботинкалардың жанына тіреу (5-нүкте), таяқпен серпілуді орындау (6-нүкте) және екі шаңғымен жылжу (7-нүкте); “2”санағы бойынша тұлғаны баяу жайлап жазу (8-нүкте) және таятарды бастапқы қалыпқа шығару
2.Жайпақ ылдилардан адымсыз жүріспен сырғанап түсу
3.Тегіс жерлермен адымсыз жүріспен қозғалу
4.Әр түрлі жағдайдағы жерлермен адымсыз жүріспен жүру (ылдиға қарай, тегіс жерде, дөңес өрге қарай
5.Қимылды ойындарда және ойын жаттығуларында адымсыз жүріспен жүру
6.Жарыстарға қатысу
Адымсыз жүрісті жақсы тапталған шаңғы ізі бар ылдида және жақсы сырғанау жағдайында үйрену ұсынылады.
Алғашында адымсыз жүрістің жекелеген элементтерін жай ақырын таяқпен серпілу басталардағы және аяқталар кезіндегі тұлғаның қалпын ескере отырып орындау керек. Таяқтардың қарға тірелетін жерін қадағалау қажет.
б.к. 5 бір 7 екі б.к
Бірмезгілді бір адымды жүру тәсілі
Бірмезгілді бір адымды жүрістің екі түрін ажыратады: жылдам жүріс (бұрын сөрелік деп аталған)–бірмезгілде аяқпен серпілумен және қолды алға шығарумен (27-сурет) және негізгі–таяқпен серпілу басталардың алдында қолды және таяқты шығыршығымен алға шығару (28-сурет).
27- сурет 28- сурет
Бұл жүрісте серпілуді оң және сол аяқпен кезек-кезек орындаған маңызды. Бірмезгілді бір адымды жүріс негізінен еңіске қарай сырғанап келе жатқанда қолданылады, бірақ кейде (өте жақсы сырғанап келе жатқанда немесе ең жоғарғы жылдамдыққа жету керек болған жағдайда) оны жазық жермен сырғанағанда қолданады.
Бірмезгілді бір адымды жүрістің жекелеген элементтерінің орындалу тәсілін қарастырайық (9-кесте).
9 – к е с т е