Шаңғышы екі шаңғыда сырғанап келеді. Қолын аздап бүгіп, ал тік бұрышпен таяқтарды шығыршығымен төмен-артқа (1-нүкте) қарай бағыттап алға шығарады. Таяқты сол аяқпен қадам жасап аттап түсумен бірмезгілде алға шығару керек.
Шаңғышы қолын алға шығарумен бірге оң аяқпен серпілуді бастайды. Бұл қимылдар біруақытта орындалады (үйлесімді), яғни аяқпен серпілудің аяқталуы (1-нүкте) қолды алға шығарумен сәйкес келеді.
|
Шаңғышы екі шаңғыда сырғанап келеді. Қолын аздап бүгіп, ол таяқтарды шығыршығымен төмен-артқа қарай бағыттап алға шығарады (1-нүкте) таяқтарды сол аяқпен сырғанап адымдаудан бұрын алға шығарады (2-нүкте), яғни оларды алға шығару аяқпен серпілумен ұштаспайды.
Таяқтарды қарға тіреумен бірге шаңғышыоң аяқпен қатты серпіледі (1-нүкте), сол аяқпен аттап басып адым жасайды да (2-нүкте) дененің салмағын соған түсіреді.
|
Аяқпен серпілу аяқталысымен шаңғышы тұлғасын алға қарай еңкейтеді (1-нүкте), қолын аздап бүгеді (2-нүкте) және таяқтармен тез серпіледі (3-нүкте), содан кейін екі шаңғыда сырғанайды (4-нүкте). Тұлға мен аяқты баяу жайлап жазу таяқпен серпілу аяқталысымен басталады.
|
Таяқпен серпілу қолдың шынтақ буынында 900 дейін бүгілуімен басталады (1-нүкте), ал таяққа күш негізінен тұлғаның горизанталь қалпына дейін иілуінің есебінен түседі (2-нүкте). Серпілу аяқталғаннан кейін қолдар артқа-жоғары қарай қимылды горизонталь қалыпқа келгенге дейін жалғастырады (3-нүкте), ал серпілуді аяқтаған оң аяқ, сол аяқтың жанына қойылады (4-нүкте).
|