Лекция тақырыбы : Бір шаңғы жүрісінен екіншісіне ауысуды үйрету әдістемесі. Бір мезгілдегі жүрістер-адымсыз жүріс, бір адымды жүріс, қос адымды жүріс. Қозғалыс білік дағдылары


Бірмезгілді бір адымды жүрісті үйрету әдістемесі (жылдам жүру нұсқасы



бет5/8
Дата05.02.2023
өлшемі97,33 Kb.
#65263
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
10 daris

Бірмезгілді бір адымды жүрісті үйрету әдістемесі (жылдам жүру нұсқасы)
Бірмезгілді бір адымды жүрісті үйретудің негізі аяқпен серпілумен алғашқы кезде тұлғаның, содан кейін шаңғышының қолының қимылдары біртіндеп кезектесіп қосылуы және серпитін аяқты жылдам тіреуіш аяқтың қасына қою.

10 – к е с т е


Үйретуге арналған жаттығулар

Құралдар

Әдістемелік нұсқаулар

1-мақсат. Шұғылданушыларда бірмезгілді бір адымды жүріс тәсілі туралы дұрыс түсінік қалыптастыру.

1. Бірмезгілді бір адымды жүріс тәсілі туралы қысқаша әңгімелеу

Қысқаша әрі түсінікті етіп әңгімелеу керек. Бұл жүріс қай уақытта және қалай қолданылатынын, қандай элементтерден тұратынын түсіндіру керек.

2. Оқытушының бірмезгілді бір адымды жүріспен жүру тәсілін орындап көрсетуі

Жүру тәсілін әдеттегі қарқынмен және баяу қарқынмен қатесіз орындап көрсетеді. Жүрісті орындап көрсету қимылдың негізгі элементтерін бөліп көрсетумен санақ арқылы немесе сол элементтердің атын толық айтумен қоса жүргізіледі.

3. Бірмезгілді бір адымды жүріс тәсілін кинограммада, суреттерде, оқу кино және бейнефильмдерде көрсету.

Жүрісті орындап көрсету қимылдың негізгі элементтерін және шаңғышының сырғанау кезіндегі тұлғасының қалпының жекелеген бөліктерінің орналасу қалпын сөзбен айтып түсіндіре отырып жүргізіледі.

2-мақсат. Қол мен аяқтың үйлесімділігіне үйрету.

1.Бірмезгілді бір адымды жүріске ұқсас қимылды екі санақ бойынша мынандай бастапқы қалыптан орындау: б:қ:–“бір”санағы бойынша қос шаңғыда сырғанаудың басталуы –оң (сол) аяқпен қадам жасаумен қолды алға шығарып (1-нүкте) екінші аяқты жоғары–артқа қарай шығару (2-нүкте). “екі” санағы бойынша қолмен бір мезгілдегі серпілудің қимылын көрсетіп, серпілетін аяқты тіреуіш аяқтың қасына қою (екі тіреуішті сырғанау қалпын қабылдау).




Жаттығуларды таяқсыз және таяқпен орындау керек. Қозғалуды бірде оң аяқтан, сол аяқтан бастап бірнеше рет қайталау керек. Адымды орындау кезінде серпілетін аяқ артқы жақта толық жазылған және шаңғышының тұлғасымен бір түзуді бойын құрайды. Серпілетін аяқты тіреуіш аяқтың қасына шұғыл қимылмен жылдам қою керек.

2.Онша биік емес еңкейістердегі және тегістік жерлердегі шаңғы ізінде жүруді екі санақ бойынша жай қарқынмен және орташа қарқынмен орындау (1-ші жаттығудағыдай).


Сөрелік нұсқада аяқпен серпілумен бір уақытта қолды таяқтармен бірге шығыршығын өзіне қарай жақын ұстап алға шығарады. “Бір” санағы бойынша оң немесе сол аяқпен адым жасағанда қолды таяқтарымен бірге тік бұрышпен қарға тіреместен алға шығарады (1-нүкте).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет