3-мақсат. Бірмезгілді бір адымды жүріс тәсілін жетілдіру.
1.Жүрісті ылдиға қарай және тегістік жерлерде әр түрлі жылдамдықпен орындау
2. 50-100м. жер бөлігін бір адымды жүріспен жүріп өту (жалпы мәреден).
3. Қимылдық ойындарда бірмезгілді бір адымды жүріспен қозғалу.
4. Жарыстарға қатысу
Қимылдың үйлесімділігін және ырғақтың дұрыстығын қадағалау. Шұғылданушылардың аяқпен және қолмен серпілуінің аяқталуына және оң аяқпен және сол аяқпен жүруінің кезектесіп келуіне көңіл аудару. Таяқты алға дұрыс шығарып, қарға дұрыс тіреуін қадағалау.
Бір мезгілді бір адымды жүрісті үйрету әдістемесі (негізгі нұсқа)
11 – к е с т е
Үйретуге арналған жаттығулар
Құралдар
Әдістемелік құралдар
1-мақсат. Шұғылданушыларда бір мезгілді бір адымды жүріс тәсілінің негізгі нұсқасы туралы дұрыс түсінік қалыптастыру.
Ескерту. Бұл міндетті шешу барысында бір мезгілді бір адымды жүрістің жылдам жүру нұсқасын үйрентуге пайдаланылған құралдар мен әдістемелік нұсқаулар қолданылады (қараңыз 10-кесте, 1-мақсат).
2-мақсат. Аяқ пен қолдың қимылының үйлесімділігіне үйрету.
Бір мезгілді бір адыммен жүруге ұқсас қимылды бастапқы қалыптардан 3-ке бөліп орындау. Б.қ-тан қос тіреуішті сырғанаудың басталуы, “бір”-санағы бойынша жайлап тұлғаны түзеп, қолды алға шығару “екі”–санағы бойынша оң (сол) аяқпен алға бір адым жасап, келесі аяқты жоғары-артқа қарай шығару (алдыңғы қос тіреуішті қалыпқа қайта оралу). “үш”–санағы бойынша тұлғаны артқа еңкейтіп қолдарды артқа шығарып (серпілуге ұқсас қимыл жасап) серпілетін аяқты тіреуіш аяқтың қасына қою.
Топты аралығы 1-2 м. болатындай етіп бір қатарлы сапқа тұрғызу. Түсіндіргеннен кейін шұғылданушылар оқытушының берген санағы бойынша жаттығуды орындайды.
Жаттығуларды таяқсыз және таяқпен орындайды (таяқтарды қардың бетінен өткізеді). Тұлғаны тіктеуді қолдың қимылы алға қарай иектің тұсына келгенде бастау керек.
Жаттығуды қимылды бірде оң аяқтан, бірде сол аяқтан кезектестіре бастап, бірнеше рет қайталау керек. Аяқ пен қолдың үйлесімді қимылына және бір мезгілді бір адымды жүру фазасындағы қалпына назар аудару керек.