Лекция мазмұны: Қарым-қатынастың перцептивті жағы – қарым-қатынас процесіндегі
адамдардың бірін-бірі қабылдауыретінде. Қарым-қатынастың перцептивті механизмдері:
эмпатия, идентификация, децентрация, аттракция, толеранттылық, рефлексия, кері
байланыс. Тұлғааралық өзара әрекеттесу кеңістігі. Мен және басқалар. Перцепция
(перцептивті) – адамдардың бірін-бірі тануы мен тәрбиелеуі негізінде құрылатын белгілі
тұлғааралық қатынастар. Перцептивтік қарым-қатынас — адамның парапар қабылдауы,
оның ішкі дүниесіне бойлау, әрбір жеке сәтінде оның психикалық жағдайын сезіну
дағдысы, оның тәртіп себебін түсіну дағдысы. Перцептивті жағы – қарым-қатынасқа
түсушілердің бір-бірін қабылдауы, тануы (түсінуі) , соның негізінде өзара түсіністіктің
пайда болып қалыптасуы. Перцептік жағы - қарым – қатынасқа түсіп, тұрған адамдардың
бірін – бірі қабылдауы. Адамдардың қарым – қатынасқа түсер алдында бір – бірін
адекватты қабылдап, сезінудің өзара қарым – қатынас барысында сеніммен түсінісулеріне
маңызы өте зор. Қарым-қатынаста оған қатысушылар арасында өзара түсінушілік болуы
керек. өзара түсінушілік дегенімізді әр түрлі түсінуге болады: өзара әрекет бойынша
партнердің мақсатын, мотивтерін, бағдарын түсіну немесе осы мақсат, мотив, бағдарды
түсініп қана қоймай, оларды қабылдау, бөлісу әрекетті келісімде етіп қана қоймайды
сонымен қатар ол қарым-қатынастың ерекше түрін: жақындықты, махабатты, достықты
орнатады. өзара түсінудің екі жағы зерттеудің екі бағытына негіз болады: бірінші
жағдайда өзара әрекетті талдауда, екіншісінде «аттракцияны» талдауда. Бірақ екі
жағдайда да маңызды орындықарым-қатынастағы партнерді қалай қабылдау алады, басқа
сөзбен айтқанда бір адаммен екінші адамды қабылдауы қарым-қатынастың құрамдас
бөлігі болып табылады да, шартты түрде қарым-қатынастың перцептивтік жағы деп
аталады.Адамның адамды қабылдауы көбіне «әлеуметтік перцепция» ұғымымен беріледі.
Жеке адамаралық қарым-қатынастың пайда болуы және табысты іске асырылуы, егер де
қатысушылар арасында өзара түсініктік болғанда ғана мүмкін. Озара түсіністіктің болуы,
бір жағынан, басқаның мақсат-мүддесін, мотивтерін, бағдарын түсіну, екіншіден түсіну
ғана емес, сол мүдде, мотивтер, бағдарды қабылдау, бөлісу түрінде көрінеді. Осы екі
жағдайда да қарым-қатынасқа түсушінің басқа адамды қабылдауының маңызы өте зор,
яғни қарым-қатынастың үшінші құрамды бөлігі перцептивті жағы туралы айтылып отыр.
Әлеуметтік психологияда әлеуметтік перцепция ұғымы кең мағынада: перцептивті
процестердің әлеуметтік детерминантасы мәселеге көңіл аудару қажет-қабылданатын
адамның (субъект) психологиялық және әлеуметтік ерекшеліктерін зерттеуге, екіншіден
жеке адамаралық бейнелеу механизмдерінің талдауы. Бақылаушының психологиялық
ерекшеліктерінің зерттеу әлеуметтік психологияның зерттелінген саласына жатады.
Адамдардың бір-бірін қабылдауы мен түсінуінде жеке-даралық, жынытық, жас
ерекшеліктеріне, кәсіби және жыныстық – ролдік айырмашьшықтар бар екені тіркелген.
Мәселен, балалар көбіне ересектерге қарағанда сыртқы кейіп пішінге (киімі, шаш қоюы,
сыртқы ерекшеліктерге, т б.) көңіл аударады. Мұғалімдер мен оқытушылар өз
шөкіртгерінің білімге ұмтылуы, тағы сол сияқты қасиеттеріне көбірек көңіл бөлсе, ал
студенттер педагогтардың тіпті басқа қасиеттеріне көңіл аударатыны байқалған. Сол
сияқты басшылардың қол астындағыларды қабылдауы мен керісінше қол
астындағылардың басшыларды қабылдауы да әр түрлі.Дегенмен, адамды қабылдауда,
негізінен, ол адамның психологиялық ерекшеліктері мен бағдарлары маңызды рөл
атқарады. Әсіресе, бұл айтылғандар алғашқы таныстық кезінде байқалады.Әлеуметтік
психологияда қабылданатын объектінің психологиялық қасиеттерін зерттеу де дәстүрлі
түрде қалыптасқан. Көбінесе, бақыланатын адамның қандай психологиялық және басқа
қасиеттері маңызды, оны тануға көбірек мәлімет береді, басқаша айтқанда адамдар қарым-
қатынас барысында партнерді бағалауда қай нөрсеге көбірек көңіл бөледі?Ондай маңызды
қасиеттерге бақыланатын адамның бет-бейнесінің қимылы (мимика), сезімдерінің білдіруі
(экспрессия) отырыс-тұрысы, жүруі жатады. Киімі, шаш қойысы және дауыс
ерекшеліктері мен сөйлеу мәнері де жатады. Зерттеулерден байқалғанындай, кең таралған,
“интернационалды” ым-ишараттармен қатар, белгілі мәдени және ұлттық топтарға тән
ым-ишараттар бар.Сонымен бірге, қабыддаудың табыстылығын қамтамасыз етуге
бағытталған әмбебап психологиялық механизмдерда де қарастыруға болады. Оған
әлеуметтік перцепция механизмдері жатады.Көптегензерттеулерде идентификацияның
оған жақын ұғым эмпатиямен тығыз байланысты екені анықталған.Эмпатияны, басқа
адамды сезіну, оның тебіреністеріне бой ұғына білу деп анықтауға болады, оның
эмоциялық жағы басым, егер идентификацияда басқаның “проблемасы” “ойланылса”,
эмпатияда “сезініледі”. Екеуінде де басқаның орнына қоя білу көрінеді, бірақ
бастапқысында өзін партнермен теңестіру механизмі, ал соңғысында басқамен теңестіру
қажет емес, өз пікірі болуы мүмкін, дегенмен басқаның проблемасын сезіну іске
асырылады.Эмпатия — басқаның қуаныш ~ сүйініштеріндұрыс сезіне білу қасиеті.
Қарым-қатынас жасаудағы эмпатияның болуы психолог, педагог, әлеуметтік
қызметкердің кәсіби маңызды қасиеттерінің бірі.Осы екі жағдайда да, арадағы қарым-
қатынастың іске асырылуы, үшінші жағдайдағы, партнердің “мені” түсінуіне байланысты.
Басқаша айтқанда бір-бірін түсіну рефлексия құбылысымен күрделенеді. Әлеуметтік
психологияда, рефлексия -қарым-қатынасқа түсушінің басқа адам оны қалай
қабылданайтынын түсінуі. Ол басқаша қабылдау мен тусінуі ғана емес, басқа “мені” қалай
түсінетінін білу, ерекше бір-бірін бейнелеу, яғни “мен” басқаларға қалай
көрінемін.Әлеуметтік психологияда зерттегендер: Дж. Холмс,Г.Гибш пен М.Форберг,
негізінен диадалық (екі адамдық) әрекеттесу тұрғысынан қарастырады. Топтың
рефлексиялық құрылымын зерттегенде диадалық әрекеттесумен қатар, топтың ортақ
әрекеті және соған байланысты жеке адамаралық қатынастарда пайда болатын
рефлексияларда күрделене түседі.Гибш пен Форбердің ұсынған диадалық рефлексиясы
схема түрінде былай көрсетіледі.Екі партнер бар: А және Б. Олардың арасында қарым-
қатынас бар: А-»£ және Б->.А. Онымен бірге А мен Б-ның өздері туралы түсініктері бар
А-А
1
, Б-Б’ және басқа туралы түсінігі бар: А-да Б туралы Б”, Б-да А туралы А”.
Коммуникативтік процестегі әрекеттесу мына түрде іске асырылады: А, А’ тұрғысынан
Б”-ге қарап сөйлейді, Б, Б’ түрғысынан А”-ға жауап қатады. Накты жагдайда осы
айтылғандардың қаншалықты жақын екендігі зерттеу қажет, себебі А-да, Б-да, объективті
шындықпен сейкес келмейтін А’; Б
1
; А”, Б” бар екендігін білмейді. Қарым-қатынастың аса
табысты болуы А-А’ — А” Б-Б’-Б” арасындағы алшақтық неғұрлым аз болуымен
байланысты екендігі түсінікті.Мысал ретінде лектордың аудиториямен, байланысын
қарастыруға (А) болады (Б). Егер де лектор (А) өзі туралы, тындаушылар (Б”), әсіресе өзін
тындаушылар қалай қабылдайтыны туралы (А”) дұрыс түсінікте болмаса, онда лектордың
аудиториямен өзара түсіністігі болмайды, демек өзара әрекеттесуі де іске асырылмайды.
Өзін-өзі дұрыс түсіну, басқаны дұрыс түсіне білуге үйрету – өте күрделі процесс, оған
баулудың бір әдісі — перцептивті біліктілікті жетілдіретін әлеуметтік — психологиялық
тренингтің түрі.Қабылданатын адамға деген эмоциялық көзқарастардың пайда болу
механизмдерін анықтаумен байланысты зерттеу аймағы – аттракция деп аталады.
Аттаркциянын_қазақша мағынасы - тартымдылық дегенге жақын! Аттракция, бір
жағынан, қабылдаушы үшін басқа адамның тартымдылығының қалыптасу процесі,
екіншіден, осы процесс өнімі, яғии көзқарастардың біршама сапасы. Қарым-қатынастың
перцептивті жағын зерттегенде осыны есте тұтқан жөн, себебі бір жағынан, адамдар
арасында бір-бірін ұнатушылық, достық сезімдері немесе, керісінше, жақтырмау
сезімдерінің қалыптасуы, екіншіден, бұл құбылыстың қарым-қатынастағы маңызы қандай
деген мәселелер туындайды. Аттракцияны бір адамның екінші адамға деген әлеуметтік
бағдары және сол жағдайда эмоциялық компоненті басым деп қарастыруға
болады.Аттракцияның түрлі деңгейлері анықталған: ұнатушылық, достық, сүйіспеншілік.
Кеңестік әлеуметтік психологаяда аттракция көп зерттелінбеген. Қазіргі кезде топтық іс-
әрекетте аттракцияны зерттеу қолға алына бастады.Әлеуметтік психологаяның ерекше
саласы – каузалды атрибуциядеп аталады. Зерттеушілер Г.Келли, Э.Джонс, К.Дэвис,
Д.Кенноу, Р.Нисбет, Л.Стрикленд. Атрибуцияның аудармасы, телу, есептеу дегенге
келеді. Латын тілінен аударғанда— себеп, яғни каузалды атрибуцияны — себепті телу деп
түсінуге болады. Каузалды атрибуция адамдар “туралы алынған мәлімет жеткіліксіз
болғанда, оның мүмкін әрекеттері мен қасиеттерін тауып, сол объектіге телу жағдайы.
Әлеуметтік психологияға енгізген Ф.Хайдердің идеясы бойынша, адамдар негізінде былай
ойлаайды: “жаман адамға жаман қасиеттер тән”, ” жақсыға — жақсы қасиеттер”, яғни
“жаман” адамдарға әрқашан жаман істер телінеді, ал “жақсыларға” — жақсы істер
телінеді.Сонымен қатар каузалды атрибуция теориясында “жаман” адамға теріс істер
телінгенімен қабылдаушы өзін тек оң әрекеттер жасаушы деп бағалауы да
қарастырылады. Көптеген эксперименттердің нәтижелері, адам қабылдауында маңызды
рол атқаратын бағдар (установка) мәселесіне келіп тіреледі, әсіресе, оның маңызы таныс
емес адам туралы алғашқы ой қалыптасуында ерекше екенімен анықталады.Майрон
Ротбарт пен Памела Биллер (1977) өз экспериментінде суретте көрсетілген адамның бет
әлпетінің көрінісіне баға беруді өтінген. Бір топ адамдарға – суреттегі адам туралы,
гестапо бастығы, концентрация лагеріндегі жан түршіктірер медициналық экспериментке
кінәлі деп айтқан. Ол адамдар, суретіне қарап, оны қатыгез адам деп бағалаған. (Бет
әлпетінде кекесінді жымию бар емес пе?). Басқа адамдарға астыртын: сол суреттегі адам
туралы-нацистерге қарсы күресетін қозғалыс жетекшісі деген, ал олар суреттегі адамды ақ
ниетті, мейірімді адам сипаттаған. (Суретке қараңыз: көздері қандай қамқор және ол
күлімсіреп тұр емес пе?)Осы сияқты құбылыс А.А.Бодалевтің экспериметтерінде (1982) де
анықталған. Бір адамның суреті студенттердің екі тобына көрсетілген. Бір топтағы
студенттерге ол адам-қылмыскер, ал екінші топтағыларға сол адам туралы – көрнекті
ғалым деп айтылған. Бірінші жағдайда студенттер: суретгегі адамның тереңде орналасқан
көздері құпия қаһарын, алға қарай шыққан иегі қылмыстың түбіне шейін жететінін
көрсетеді, т.с.с. сипаттамалар берген. Екінші топтағылар сол тереңде орналасқан көздер,
терең ойлы адамды, ал алға кеткен иегі — білім жолында кездесетін қиындықтарды
жеңуге қажет күш-жігері, т.с.с. деп бағаланған.Мұндайзерттеулерадамаралыққатынаста
сипаттамалар маңызды, қандай жағдайда қалай сияқты сұрақтарга жауап беруге
тырысады.Адамаралық қатынастарда адамдардың бір-бірін қабылдауында тағы да зерттеу
саласы болып табылатын түрлі “эффектілерді”, де есепке алу қажет. Үш түрлі
“эффектілер” көбірек зерттелген: ореол эффектісі (ореол – құрмет, даңқ), жаңа мен
алғашқылық эффектісі және стереотип эффектісі (таптауырын). “Құрмет эффектісінде”
қабылдаушыға алдын-ала қабылданатын адам туралы арнаулы бағдар беріледі , белгілі
қасиеттер телінеді: ол адам туралы алынған мәлімет алдын-ала жасалынған бейненің
үстіне салынады. Бұрын жасалынған бейне “құрмет” рөлін атқарып, нақты қасиеттерді
көріп, дұрыс қабылдауға кедергі жасайды. Бұл эффектімен “жаңа” және “алғашқы’
эффектілері тығыз байланысты. Бұл екеуі де адам туралы берілетін мәліметтің ретімен
байланысты. Бір экспериментте студенттердің төрт түрлі тобына таныс емес адамды
көрсеткен. 1- топқа бұл адам-экстраверт, 2-ге — интраверт, 3-топқа алдымен экстраверт,
кейіннен интраверт, 4-топқа керісінше деп айтылған. Барлық төрт топқа бейтаныс адамды,
алдын-ала айтылған тұлғалық қасиеттері терминдерімен сипаттап беру ұсынылған.
Алғашқы екі топтағылар қиындықсыз сипаттаса, үшінші және төртінші топтағы
сипаттамалар тікелей мәлімет реттінде байланысты болған, янаи алдымен айтылған
мәлімет басым болған. Осындай эффект “алғашқы” эффект деп аталады. Ал керісінше,
таныс адамды сипаттауда “жаңалық” эффектісі басым, бұл жерде кейін айтылған мәлімет,
яғни жаңалау мәлімет маңыздырақ екені анықталған. Қарым-қатынастың перцептивті
жағы- Әлеуметтік қабылдау басқа адамның бейнесін тұтастай елестеу, оның сыртқы кейпі
мен мінез-құлқына баға беру. Таныс емес адамдарды қабылдаудың негізі-әлеуметтік
топтағы адамдардың, құбылысты қабылдауы. Әрбір ересек адам тәжірибелі адамның
сыртқы кейпіне, киіміне, сөйлеу мәнеріне қарап оның әлеуметтік –психологиялық
сипатын, жасын, мамандығын нақты айтып бере алады.
Достарыңызбен бөлісу: |