Лекция Тақырыбы: Қазақ хандығы (xv-xviiғ.ғ.)



Pdf көрінісі
Дата22.12.2016
өлшемі62,54 Kb.
#139

Лекция 

Тақырыбы: 

Қазақ хандығы (XV-XVIIғ.ғ.) 

Мазмұны:   

1 Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы (15-16 ғғ.) 

2 Қасым ханның тұсындағы Қазақ хандығы 

3 Хақназар ханның тұсындағы Қазақ хандығы 

4 Тәуекел ханның тұсында Қазақ хандығы 

5 Есім ханның тұсында Қазақ хандығы 

6 Жәңгір ханның тұсында Қазақ хандығы 

7 Пайдаланған әдебиет мен сайттар 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


1 Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы (15-16 ғғ.) 

Қазақ  хандығының  пайда  болуы  Қазақстан  жерінде  14-15  ғғ.  болған 

әлеуметтік-экономикалық  және  этникалық-саяси  процестерден  туған  заңды 

құбылыс.  Өндіргіш  күштердің  дамуы,  көшпелі  ақсүйектердің  экономикалық 

қуатының  артуы,  феодалдық  топтардың  тәуелсіздікке  ұмтылуы,  осы  негізде 

Әбілхайыр 

хандығы 

мен 


Мо

ғолстан 


арасындағы 

тартыстың 

өршуі, 

әлеуметтік  қайшылықтардың  үдеуі  15  ғ.  2  жартысында  бұл  мемлекеттердің 



құлдырап ыдырауына апарып соқтырды. 

Әсіресе  Әбілхайыр(1428-1468)  Жошы-Шайбан-  Дәулет-Шайх  оғланның  ұлы 

хандығы  өте  нашар  еді.  Территориясы  бат

ысында  Жайықтан  бастап, 

шығысында  Балқаш  көліне  дейін,  оңтүстігінде  Сырдың  төменгі  жағы  мен 

Арал өңірінен, солтүстігінде Тобылдың орта ағысы мен Ертіске дейінгі жерді 

алып  жатты.Бір  орталықа  бағынған  мемлекет  болмады.  Көптеген  ұлыстарға 

бөлінді.  Олардың  басында  Шыңғыс  әулетінің  әр  тармақтағы  ұрпақтары, 

көшпелі тайпалардың билеушілері тұрды. Әбілхайыр билік еткен кезде халық 

өзара  қырқыс  пен  соғыстан  шаршады.  30  жж.  ол  Тобыл  бойында  Шайбани 

ұрпағы  Махмұт  Қожаханды  талқандады.  Сыр  бойындағы  далада  Жошы 

әулетінің  Махмұтханы  мен  Ахметханын(Тоқа  Темір  тұқымы)  жеңді.  1446 

жылы Әбілхайыр  Темір ұрпақтары мен Ақ Орда хандары ұрпақтарынан Сыр 

бойы  мен  Қаратау  баурайындағы  —  Сығанақ,  Созақ,  Аққорған,  Өзгент, 

Аркүк  сияқты  қалаларды  басып  алады.  1457  ж. Үз-Темір  тайшы  бастапан 

ойраттардан  (жайылым  жер  іздег

ен)  Түркістан  өңірінде  жеңіліп  қалды. 

Масқара  ауыр  шарт  жасасып,  ойраттар  Шу  арқылы  өз  жерлеріне  кетті.  Ал 

Әбілхайыр  өз  ұлысында  ,  қатал  тәртіп  шараларын  орнатуға  кіріседі.  Бұл 

халық бұқарасының оған деге өшпенділігін күшейтті. Нәтижесінде халықтың 

жартысы  Шығыс  Дешті  Қыпшақтан  Түркістан  алқаптарына  және  Қаратау 

бөктерлерінен  Жетісудың  батыс  өңіріне  көшіп  барулары  еді.  Оны  Жәнібек 

пен Керей басқарды. 

Дешті  Қыпшақ  пен  Жетісудағы  көшпелі  бұқара  феодалдық  қанаудың 

күшеюіне,  соғыстарға  наразылық  ретінде,  хандар  мен  феодалдардың  қол 

астынан  көшіп  кетіп,  қоныс  аударды.  Сөйтіп,  15  ғ.  50-70  жж,  яғни  1459ж. 

Әбілхайыр  хандығынан  Жетісудың  батысына  Есенбұға  хан  иелігіне  Шу  мен 

Талас өзендерінің жазықтығына көшіп келді. Олардың қоныс аударуының бір 

себебі,  оларды  Шыңғыс  әулетінен  шыққан  Керей  хан  мен  Жәнібек  ханның 

жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ халқының дербес мемлекетін құру, оның 

тәуелсіз  саяси  және  экономикалық  дамуын  қамтамасыз  ету  жолындағы 

қадамы мен қызметі өз ықпалын тигізді. Жетісу рулар мен тайпалар мемлекет 



бірлестігінің  орталыпына  айналды.  Олардың  саны  200  мың  адамға  жетті. 

Моголстан  ханы  Есенбұға өзінің солтүстік  шекарасын қорғату үшін,  сондай-

ақ  өзінің  бауыры  Тимурид  Абу  Саид қолдап  отырған  Жүністің  шабуынан 

батыс 


шекарасын  қорғату  үшін 

пайдаланғысы 

келді. 

Ж

әнібек  қазақ 



хандығының тұңғыш шаңырағын көтерген Барақ ханның ұлы, ал Керей оның 

ағасы 


Болат 

ханны


ң  баласы. 

Барақтан 

басталатын  қазақтың  дербес 

мемлекеттігі 

жолындағы 

күресті 


оның  туған  ұлы 

мен 


немересіні

ң 

жалғастыруы  табиғи  құбылыс.  Мырза  Мұхамед  хайдар  Дулати  Қазақ 



хандығының  құрылған  уақытын  хижраның  870  жылына  (1465-1466  жж.) 

жатқызады. 

Қазақтың  алғашқы  ханы  болып  Керей  жарияланды (1458-1473  жж.).  Одан 

кейін  қазақ  ханы  болып  Жәнібек  сайланды  (1473-1480  жж.).  Бұлардың 

тұсында Жетісу халқы, 1462 жылы Моғолстан ханы Есенбұға өлгеннен кейін 

ондағы  тартыстың  күшеюіне  байланысты,  өзара  ынтымақтықты  нығайтуға 

үлес  қосты.  Әбілхайыр  хандығынан  көшіп  келушілер  Жәнібек  пен  Керейдің 

қазақ  хандығын  күшейте  түсті.  Едәуір  әскери  күш  жинапан  және  Жетісуда 

берік  қорғанысы  бар  Ж

әнібек  пен  Керей,  Ж

ошы  әулетінен  шыққан 

сұлтандардың Шығыс Дешті Қыпшақты билеу жолындағы күресіне қосылды. 

Бұл  күрес  1468  ж. Әбілхайыр  өлгеннен  кейін  қайтадан  өршіді.  Қазақ 

хандарының  басты  жаулары  Әбілхайырдың  мұрагерлері-  оның  ұлы  Шайх  -

хайдар мен немерелері Мұхамед Шайбани мен Махмұд сұлтан болды. 

Сыр  өңірі  мен Қаратау  —  қазақ  хандарының  Батыс  Жетісудағы  иеліктеріне 

ең  жақын 

болды. 


Ж

әнібек 


пен 

Керей 


хандар 

сауда


-экономикалық 

байланыстардың  маңызды  орталықтары  және  күшті  бекініс  болатын  Сыр 



бойындағы қалаларға өз құқықтарын орнатуға тырысты. 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет