Ішкі жиынтық бағалау – оқу ақпараты блогын оқып болғаннан кейін білім және оқу дағдысының қалыптасу деңгейін анықтау. Ішкі қорытынды бағалауды педагогтар немесе мектеп әкімшілігі жүзеге асырады.
Сыртқы жиынтық бағалау – бастауыш мектепте (5-сынып), негізгі мектепте (10-сынып), жоғарғы мектепте (11-12 сынып) оқу дағдысы мен білімін қалыптастыру деңгейін анықтайды. Қорытынды жұмыстарға қойылған баға, оқытудың есеп беру кезеңінің қорытынды бағасын анықтауға негіз болып табылады.
Оқушылардың жетістіктері туралы есеп – оқушы бойында қандай біліктің қалыптасқандығын, сондай-ақ алған білім-біліктілігін іс жүзінде қалай қолданатындығын көрсететін, белгілі бір кезеңдегі ақпарат.
Портфолио – оқушының білім алудағы белгілі бір кезеңде, бір немесе бірнеше пән бойынша жетістігін, ілгерілеушілігін, оқытудағы нәтижесін көрсететін жеке жетістіктер бағасын тіркеу әдісі. Портфолио критериалды жүйені енгізуде оқушы нәтижелерін шынайы және әділ бағалау мақсатында енгізіледі.
Модерация – шынайылық пен әділдік үшін бағалауды стандарттау мақсатында бір пәннен беретін мұғалімдердің бір сынып оқушыларының қорытынды жұмысын талқылау процесі. Модерация білім беру процесінің нәтижесі мен сапасын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.
Баға қою механизмі Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау, тоқсандық жиынтық бағалаудың нәтижелері электронды тіркеу журналына жазылуы керек. Балл мен баға есебі электронды журналда автоматты түрде есептеледі. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау, тоқсандық жиынтық бағалаудың электронды тіркеу журналында қойылған нәтижелері талдау жүргізу үшін ақпарат беріп, сабақ беру практикасын жетілдіруге мүмкіндік береді.
Негізгі әдебиеттер: 3, 5, 6, 8,9.
Қосымша әдебиеттер: 11, 14, 16,18, 19.
Семинарлық сабақтардың жоспары
Тақырып 1. «Бағалаудың өлшемдік технологиялары» ЖОО-дағы оқу пәні ретінде.
Сұрақтар «Бағалаудың өлшемдік технологиялары» пәнінің нысаны, пәні, басқа ғылым салаларымен байланысы.
Бағалау мәселесі педагогикалық категория және оқу әрекетінің компоненті ретінде.
Дәстүрлі бағалау түрлері және олардың оқушылардың оқу жетістіктерін анықтаудағы рөлі.
Қазақстан Республикасы бастауыш, орта, жоғарғы сыныптарындағы бағалау жүйелері.
Тапсырмалар Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауға арналған нормативтік және ресми құжаттарға талдау жасау
Дәстүрлі бағалау мен өлшемдік бағалауға салыстырмалы талдау
Бағалау мәселесі педагогикалық категория және оқу әрекетінің компоненті ретінде деген сауалға сұрақ қою және жауап беру нәтижесінде тақырыпты талқылаңдар.
Төмендегі құралдарды қолданып, кері байланыс ұсыныңыздар