Лекция тақырыбы: «Бағалаудың өлшемдік технологиялары» жоо-дағы оқу пәні ретінде



бет3/15
Дата08.10.2023
өлшемі322,25 Kb.
#113419
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
1 lektsiya bagalaud n olshemdik tehnologiyalar kurmanova a.k

Бағалаудың мақсаты:

  • Оқытудың қиындықтарын анықтау;

  • Жетістіктер туралы кері байланыс (оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар үшін);

  • Уәж;

  • Болжау және сұрыптау;

  • Стандарттарды бақылау және орындау;

  • Оқыту бағдарламасының мазмұнын және білім беру стилін бақылау.

    Критериалды бағалау - берілген жүйе бойынша оқушының оқу жетістігін алдын-ала барлық қатысушыларға белгілі (оқушыларға, мектеп әкімшілігіне, ата - анасына және заң өкілдеріне) нақты анықталған, ұжымдасып жасалған критерийлермен салыстыруға негізделген үдеріс.
    Бұл бағалау жүйесі ең алдымен оқушыларды жақсы оқуға жетелеп, оның өсу қарқыны мен біліміндегі ақауларды анықтауға бағытталған.
    Критерийлер - талапқа сай бір нәрсені бағалауда қабылданатын ережелер немесе белгі, негіздеме. Критерийлер оқу тапсырмасының дұрыс орындалу жолдарының айқын, нақты көрсетілген көрсеткіштерінен тұрады, ал осы көрсеткіш бойынша бағалау – оқушының белгіленген мақсатқа қандай деңгейде жеткенін анықтау болып табылады.
    Рубрикатор (бағалау бойынша нұсқаулық) – әрбір критерий бойынша оқушының жетістігі жазылған нақты сипаттама және соған сәйкес ұпай саны.
    Дескриптор – оқушының ең жақсы нәтижеге жетудегі әрбір қадамын сипаттайтын нақты бір ұпай бойынша жетістік деңгейі, әрбір деңгей белгілі ұпай санымен бағаланады: жетістік жоғары болған сайын – сол критерий бойынша ұпай да көп болады.
    Критериалды бағалаудың қызметі :

    • Білім беру

    • Бақылау

    • Дамыту

    • Қызықтыру

    • Диагностикалау

    • Тәрбиелеу

    Критериалды бағалау міндеттері:
    - Оқу үрдісінің әрбір кезеңінде оқушының дайындық деңгейін анықтау;
    - Оқу бағдарламасына сәйкес оқытудың мақсаты мен нәтижелерінің жетістіктерін оқушылардың өздерінің талдауы;
    - Әрбір оқушының жеке даму траекториясын бақылау;
    - Оқу бағдарламасын меңгерудегі олқылықтарды жою үшін оқушыларды ынталандыру;
    - Оқу бағдарламасының тиімділігін бақылау;
    - Оқу үрдісін ұйымдастырудың және оқу материалын меңгерудің ерекшеліктерін анықтау үшін мұғалім, оқушы және ата-ана арасында кері байланысты қамтамасыз ету.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет