Критериалдыбағалау - берілген жүйе бойынша оқушының оқу жетістігін алдын-ала барлық қатысушыларға белгілі (оқушыларға, мектеп әкімшілігіне, ата - анасына және заң өкілдеріне) нақты анықталған, ұжымдасып жасалған критерийлермен салыстыруға негізделген үдеріс.
Бұл бағалау жүйесі ең алдымен оқушыларды жақсы оқуға жетелеп, оның өсу қарқыны мен біліміндегі ақауларды анықтауға бағытталған.
Критерийлер - талапқа сай бір нәрсені бағалауда қабылданатын ережелер немесе белгі, негіздеме. Критерийлер оқу тапсырмасының дұрыс орындалу жолдарының айқын, нақты көрсетілген көрсеткіштерінен тұрады, ал осы көрсеткіш бойынша бағалау – оқушының белгіленген мақсатқа қандай деңгейде жеткенін анықтау болып табылады.