Ерітінділердің концентрациясы.
Ерітінділерді сандық тұрғыдан сипаттау үшін концентрация ұғымын пайдаланады – ол көлем (немесе масса) бірлігіне зат (немесе масса) санының қатынасын көрсететін шама. Ерітінділердің концентрациясы келесідей негізгі әдістермен өрнектеледі:
Еріген заттың массалық үлесі ω (омега) – ол еріген зат массасының ерітіндінің жалпы массасына қатынасын көрсететін шама. Өлшем бірлігі: үлес, %.
,
,
мұндағы mзат – еріген заттың массасы;
mер-ді – ерітіндінің массасы;
mер-ш – еріткіштің массасы;
ρ – ерітіндінің тығыздығы;
V – ерітіндінің көлемі.
Еріген заттың массалық үлесін ерітіндінің пайыздық (проценттік) концентрациясы деп жиі атайды.
Еріген заттың молярлық үлесі - ол еріген зат мөлшерінің еріген зат пен еріткіштің жалпы мөлшеріне қатынасы.
,
Мысал. 500 г көміртек тетрахлоридінде ССІ4 20 г йод J2 бар, осы ерітіндідегі йодтың молярлық үлесін есептеңдер.
Шешуі. Берілген ерітіндідегі йод пен көміртек тетрахлоридінің зат мөлшерін табамыз:
Сонда, көміртек тетрахлоридінің массалық үлесі:
(ССІ4) 1 – 0,024 0,976
Достарыңызбен бөлісу: |