Лекция тақырыбы. Біртұтас педагогикалық процесс – педагогика пәні және мұҒалім әрекетінің объектісі ретінде



бет3/4
Дата01.05.2023
өлшемі64 Kb.
#88664
түріЛекция
1   2   3   4
Байланысты:
Лекция та ырыбы. Бірт тас педагогикалы процесс – педагогика п н

Педагогикалық процесс – оқушы тұлғасының жағдайын өзгертуге бағытталған, мазмұны жағынан толықтырылған және арнайы ұйымдастырылған тәрбиешілердің жүргізуші және бағыттаушы әрекетінің және баланың белсенді әрекетінің негізіндегі өзара әрекеттесу процесі. (Б.Т.Лихачев)
Педагогикалық процесс – белгіленген мақсатқа жетуге бағытталған және тәрбиеленушілердің қасиеттері мен сапаларын алдын-ала анықталған жағдайға өзгеруіне әкелетін тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің дамып отыратын өзара әрекеттесу процесі (И.П.Подласый).
Біртұтас педагогикалық процесс – жан-жақты үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыруға бағытталған мұғалім мен оқушылардың өзара әрекеттесу процесі (Н.Д.Хмель - Қазақстанда біртұтас педагогикалық процестің теориясын қалыптастырушы ғалым).
Сонымен, біртұтас педагогикалық процесс – ол мұғалім мен оқушылардың өзара әрекеттесу процесі болып табылады, оның барысында әлеуметтік тәжірибе тұлғаның қасиеттеріне алмасады.
Біртұтастық – ол педагогикалық процестің синтетикалық қасиеті, ол оның дамуының жоғары деңгейін, онда қызмет ететін субъектілердің саналы әрекетінің нәтижесін сипаттайды. Біртұтас педагогикалық процеске оны құраушы компоненттердің ішкі тұтастығы, олардың үйлесімділігі тән.
Біртұтас педагогикалық процестің негізгі белгілері – мақсаттылық, екіжақтылық және тұтастық. Мақсаттылық - БПП әр уақытта белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталады, яғни нәтижесі алдын-ала болжамданады. Екіжақтылық – процестің нәтижесінің тиімділігі мұғалім мен оқушының әрекеттерінің өзара байланыстылығына және белсенділігіне байланысты. Тұтастық – процестің нәтижелілігі оның шеңберінде іске асырылатын тәрбие мен оқытудың үйлесімді ұйымдастырылуына байланысты.
Біртұтас педагогикалық процесс келесі компоненттерден тұрады: мақсат, мазмұн, әдіс-тәсілдер және формалар, нәтиже, мұғалім әрекеті, оқушы әрекеті. Оны келесі сызба арқылы көрсетуге болады.
















Мақсат біртұтас педагогикалық процестің жүйе құраушы компоненті болып табылады, өйткені мақсатқа байланысты процестің мазмұны және оны іске асырудың формалары мен әдіс-тәсілдері таңдалады.
2. Оқушы педагогикалық процестің субъектісі ретінде - ол өзінің табиғи қажеттіліктері мен нышандары бар, шығармашылық жетілуге және өзінің қажеттіліктері мен қызығушылықтарын қанағаттандыруға ұмтылатын, педагогикалық әсер етуді белсенді қабылдауға немесе оған қарсы тұруға қабілетті даму үстіндегі тұлға.

3. Біртұтас педагогикалық процестің дамуы, алға жылжуы объективті және субективті қарама-қайшылықтарды шешуге байланысты, яғни біртұтас педагогикалық процестің қозғаушы күші - қарама-қайшылықтар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет