Ұ әрпінің емлесі
Ұ - жуан, қысаң, еріндік дауысты дыбысты белгілейтін әріп. Сөздің алғашқы буынында жазылады: тұйғын, тұқым, тұлпар, ұран, ұстаз т.б. Бұл әріп те, ол белгілейтін дыбыс та орыс тілінде жоқ, қазақ тілінің ерекшелігі.
Ескерту: 1. Басқа тілден енген сөздерде кейінгі буындарда қолданылады: марқұм, мақсұт, мақұл, мақұлық, башқұт, бұлбұл,мағлұм т.б.
2. Біріккен сөзде кейінгі буындарда қолданылады.
3. Қос сөздің екінші сыңарында жазылады: ала-құла, алым-жұлым, жалт-жұлт т.б.
Бірінші буында «ұ» дыбысы келсе, екінші буындағы қысаң дауысты «ы» дыбысы «ұ» болып айтылды, бірақ жазуда «ы» жазылады. Мысалы: айтылуы-құлұн, жазылуы - құлын. Сондай-ақ сөз басындағы «р» дыбысының алдынан да «ұ» дыбысталады (айтылуы - ұрұқсат, жазылуы – рұқсат).
Ы, і әріптерінің емлесі
Ы, і – жуан және жіңішке қысаң, езулік дыбыстардың әріптері. Бұлар сөзде орын талғамайды, барлық буында жазыла береді: ызғырық, ыстық, ықылас, ізгілікті, ізденгіш, ізетті т.б.
І әрпі, ол белгілейтін дыбыс орыс тілінде жоқ.
1. Сөздің құрамында ы, і естілгенімен, жазылмайтын жағдайлар бар: а) сөз р, л дбыстарынан басталса, айтылуы ы, і дыбыстары естілгенімен, жазылмайды: разы, рұқсат, рәсім, лақ,ләззат т.б.
ә) Ы, і әрпітері я, ю әріптерінің алдынан жазылмайды: қиямет, қиянат, биязы, биялай, қию, жию т.б.
2. Сөз құрамындағы ы, і дыбыстарының түсіп қалып, жазылмайтын жағдайлары:
а) Етістік ы, і дыбыстарына аяқталып, оған тұйық етістіктің –у жұрнағы жалғанғанда, ы, і әрпітері түсіп қалады: тоқы (у) - тоқу, шоқы (у) - шоқу, оқы (у) – оқу, таны (у) - тану, көкі (у)- көку.
ә) Сөздің соңғы буынындағы ы, і әріптері оған дауыстыдан басталатын қосымша жалғанғанда, мағына өзгермейтін сөздерде түсіп қалады: а) халық (ы) - халқы, мүлік (і) -мүлкі, мұрын (ы) –мұрны, ерін (і) - ерні, ауыл (ы) - аулы, дауыс (ы) – даусы т.б. ә) бүйір (ек) - бүйрек, дәуір (ен) - дәурен, ойын (а) - ойна, жиын (а) – жина т.б.
Ескерту: Соңғы буында ы, і әріптері жазылатын сөздерге дауыстыдан басталатын қосымша жалғанғанға ы, і әріптері түспей жазылады: қорық (ы) - қорығы, қылық (ы) - қылығы, бүлік (і) - бүлігі т.б.
б) Етістік ы, і дыбыстарына аяқталып, оларға көсемшенің –й жұрнағы жалғанғанда, сөз соңындағы ы, і әріптері мен көсемшенің й жұрнағының орнына и әрпі жазылады, оқы (й) ды - оқиды, тоқы (й) тоқиды, таны (й)ды - таниды, көкі(й)ді – көкиді.
в) иы, иі тұлғалы етістікке көсемшенің -й жұрнағы жалғанғанда ій әріптерінің орнына и әрпі жазылады: бойы (й) - байиды, кей (й) – кейиді.
3. Сөзге ы, і әріптерінң қосылып жазылуы:
нк, нг, ск, нд, кт, рв, мб, мск, дж, пт, рз, нкт дауыссыздарына аяқталған орыс тілінен енген сөздерге дауыссыздан басталатын қосымша дәнекер ы, і әріптері арқылы жалғанады: факт+і+ні, шлангі+ні, киоск+і+де, фонд+ы+ны, пункт+і+нен, резерв+і+н, ромб+ы+да, Томск+і+де, коттедж+і+ден, рецепт+і+де, пункт+і+нен.
Э, е, ю, я әріптерінің емлесі
Э – тіл алды, езулік дауысты дыбысты белгілейтін әріп. Е – жазуда екі дербес дыбыстың (й+о) қосындысын белгілейтін таңба
1. Э, е әріптері орыс тілінен енген сөздерде, орыс тілі арқылы шет ел тілінен енген сөздерде, орыс тілі арқылы шет ел тілінен енген сөздерде жазылады. Қазақтың байырғы сөздерінде жазылмайды. Мысалы: экскурсия, эпиграф, эстрада, актер, елка, слет т.б.
2. Ю әрпі қосынды й+у дыбыстарын таңбалайды.
а) Байырғы сөздерде аю, баю, қою, жию т.б.
ә) Орыс тілінен кірген сөздерде глюкоза, юбка, мор, велюр, бюджет т.б.
3. Я әрпі й+а дыбыстарын таңбалайды:
а) Байырғы сөздерде: таяқ, қоян, аян, тұяқ т.б.
ә) Орыс тілінен, орыс тілі арқылы басқа тілдерден енген сөздерде. гвардия, геология, ядро, яхта т.б
Дауыссыз дыбыстар – сөйлеу мүшелерінің бір-бірімен жуысыуы немесе толық қабысуы арқылы пайда болтын және буын құрай алмайтын тіл дыбыстары. Дауыссыз дыбыстар сөйлеу мүшелерінің бірінің тікелей қатысуы арқылы жасалатындықтан олардың жасалу орнын (артикуляциялық белгісін) оңай табуға болады. Қазақ тілінің төл б, ғ,г, д,ж, з,к, қ, л,м, н, ң, п, р, с, т, у (тау), ш, сонымен қатар араб-парсы, орыс тілдерінен енген в, ф, х, ц, ч, щ, ћ дауыссыз дыбыстары бар.
Акустикалық белгілеріне қарай:
а) қатаң - к,қ, п, с, т, ш, ф, х,ц, ч, щ, ћ;
ә) ұяң - б, г, ғ, д, ж, з, в;
б) үнді - й, л, м, н, ң, у болып топталады.
Дауыссыз дыбыстардың қазақтың төл сөздерінде қолданылуы біршама өзіндік ерекшеліктері бар: сөз басында екі не одан да көп дауыссыз дыбыс қатар тұрмайды; л,р дауыссыздары сөз басында кездеспейді. (жазылуы - лақ, ру; айтылуы - ылақ, ұру); сөз соңында ұяң б, д, ғ, г дауыссыздары кездеспейді. Сөз ішіндегі дауыссыздар көршілес дауыстылармен үндес дыбысталады, яғни көрші дауысты жуан болса, дауыссыз да жуан, жіңішке болса жіңішке айтылады (сыз-сіз,тұз-түз, ақ-әк). Қ мен к, ғ мен г дыбыстарын жеке-жеке фонема деп (І. Кеңесбаев) және бір фонеманың екі түрлі дыбысталуы деп (Б.Тайлақбаев, Ә.Жүнісбеков, С.Татубаев) қарастырушылық бар. Соңғы жылдардағы экспериментті фонетика әдістерімен жүргізілген зерттеулердің нәтижесі к,г дауыссыздарының жасалу орнына қарай тіл ортасы, ал қ,ғ,ң дауыссыздарының кішкене тіл (веляр) арқылы артикуляцияланатынын көрсетті. ң дауыссызының тіл ортасы арқылы жасалатын жіңішке түрі (ең, іңір т.б.) бар.
Дауыссыз дыбыс әріптерінің емлесі
Дауыссыз дыбыстардың ішінде һ, в,ф,х, ч,ц дыбыстары қазақ тілінің байырғы сөздерінде қолданылмайды. Һ-қазақ тілінде бірден-бір көмей дыбысын таңбалайтын әріп. Мұны айтқанда дауыс шымылдығында діріл болмайды, фонациялық ауа сүзіліп шығады.Сондықтан «ћ» фонемасы ызың дыбыстардың қатарына жатады. Дауыс қатысы - қатаң дыбысқа жуық. Өзге дауыссыздан айырмасы мұны айтқанда ауа бөгетсіз, қарқынды шығады. «ћ» фонемасы келетін сөздер қазақ тілінде өте аз.
Ћ әрпі шығыс тілдерінен енген кейбір сөздерде және одағайларда қолданылады: мәшћүр, қаћарман, гаућар, оћо, еће, ећ т.б. Ф – тіс пен еріннің жуысыуынан жасалатын ызың, қатаң дауыссыз дыбысты белгілейтін әріп.
Х – тіл арты, ызың, қатаң дауыссыз дыбысты белгілейтін әріп.
Ал ф,х дыбыстары шығыс және орыс тілдерінен енген сөздерде кездеседі: Фатима, Хамит, Хамза, фабрика, хабар, хрестоматия т.б.
Ц, ч дыбыстары орыс тілінен енген сөздерде в әрпі фамилияларда қолданылады: вагон, валс, велосипед, вирус, вокзал, Омаров, цемент, чех, чемодан, центнер т.б.
Щ әрпі кейбір байырғы сөздерде және орыс тілінен енген сөздерде жазылады: ащы, тұщы, кеще, щетка, щи т.б.
Орыс тілінен енген сөздерде сөз ортасындағы қос дауыссыз жазуда сақталады: касса, грамматика, миллион, аттастат, калилиграфия т.б.
Қазақ тілінің байырғы сөздері б,в, г, д, ж дыбыстарына аяқталмайды.
П, б, ф дыбыстары тілде вариантты сөздер берген: Фатима, Бәтима, Патима, бәле, пәле, балуан, палуан т.б.
Орыс тілінен енген сөздерде дауыссыз дыбыстың жуан, жіңішкелігін білдіретін екі әріп бар: ь, ъ. Мысалы: альбом, статья, павильон т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |