Лекция тақырыбы: Электростатика. Биоэлектрлік потенциал



бет1/4
Дата15.03.2023
өлшемі77,67 Kb.
#74598
түріЛекция
  1   2   3   4
Байланысты:
DUEYJXNLPHZJ14032023125430


7 лекция тақырыбы: Электростатика. Биоэлектрлік потенциал.


Лекцияның оқыту нәтижелері: 1. Студенттер биологиялық объектілерде, оның ішінде адам ағзасында өтетін физикалық қасиеттер мен физикалық процестер туралы жүйелі білімдерін қалыптастырады
2. Диагностикалық зерттеулер кезінде өлшенетін шамалардың (механикалық, жылудық немесе акустикалық) табиғатын ажырата алады
3. Биологиялық объектілердің әртүрлі физикалық және механикалық сипаттамаларын анықтау әдістерін талдай біледі.


Лекция мазмұны: Элетростатика — физиканың инерциялық санақ жүйесімен салыстырғанда қозғалмайтын электр зарядтарының өзара әсерін және олардың тепе-теңдік шартын қарастыратын саласы.
Тыныштықта тұрған электрзарядтарының өрісін электрстатикалық өріс деп, ал сол зарядтардың өзара әсер күшін электрстатикалық күш деп атайды. Электрстатиканың негізіне Кулон заңы алынады. Электрстатикалық күш потенциалдық күшке жатады. Сондықтан электрстатикалық өрістің күштік сипаттамасы – кернеулікпен (Е) қатар, сол өрістің энергетикалық сипаттамасы – потенциал да пайдаланылады. Электрстатикалық заңдары электр аппараттарында, электронды оптикалық приборларда, зарядты бөлшек үдеткіштерінде, т.б. приборлар мен құрылғыларда кеңінен қолданылады.
Электростатиканы қолдану. Электростатика күнделікті өмірде бізге көбірек таныс, көруге және сезуге мүмкіндік беретін зарядтардың әсер ету құбылысы. Олардың кейбір мысалдары: Көшіру машиналары және лазерлік принтерлер.

  • Дефибриллятор Зарядталған электродтар арқылы берілетін жоғарғы кернеудің көмегімен жүрек соғысын қалыпқа келтіру үшін қолданылады.

  • Отын жанған кезде пайда болатын түтіннің бөлшектерін сүзіп алып жою үшін, шаңды ұстап қалу үшін электрофильтрлерді пайдаланады.

  • Автомобильдерді электростатикалық күшті пайдалану арқылы бояуға болады. Оң зарядталған бояуды шашырататын заттар бояудың молекулаларын бір-бірінен тебілуге мәжбүрлейді, сол себепті бояу бірқалыпты жайылады. Автомобильдердің корпусы теріс зарядқа ие болғандықтан бояу оған тартылады.

  • Пештерге арналған электростатикалық фильтрлерде ауаның құрамын шаңның бөлшектерінен тазарту үшін электростатикалық күш пайдаланылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет