Лекция. Тақырыбы: Химиялық сандық талдаудың негізгі ұғымдары. Сандық талдау жайлы түсініктер. Анализдік реакциялар және олардың сипаттамасы. Сандық талдау әдістерінің жіктелуі. Жоспары


Анализдік реакциялар және олардың сипаттамасы



бет2/3
Дата31.03.2023
өлшемі18,2 Kb.
#77878
түріЛекция
1   2   3
Байланысты:
ЛЕКЦ 1 - САН ХТ

2. Анализдік реакциялар және олардың сипаттамасы.
Анализдік химияның бұл бөлімінің мақсаты – заттардың, түрлі қоспалардың құрамын анықтау әдістерін зерттеу, оқып үйрену.
Мөлшерлік талдаудың көмегімен қоспалар құрамындағы элементтердің арақатынасын, массалық үлесін, ерітіндідегі еріген заттың мөлшерін, қоспа құрамындағы кейбір элементтердің проценттік үлесін, мысалы, кен құрамындағы, құймалар құрамындағы, ауадағы, судағы және т.б. объектілерді зерттеуге болады. Бұл талдаудың мәліметтері бойынша қоспалар құрамындағы негізгі компоненттерді анықтауға, мысалы, тыңайтқыштарда азотты, фосфор және калийді, топырақтағы микроэлементтерді және т.б. анықтауға болады.
Көптеген технологиялық процестер, металлургия, фармацевтика тіпті космос объектілерін зерттеуде химиялық талдаудың орны орасан зор.
Кейбір өндірістік өнімдер химиялық бақылаусыз болмайды. Дайын құймалар, түрлі химиялық өнімдер, тағамдар, ауылшаруашылық өнімдер, тіпті қоршаған ортадағы түрлі өзгерістерді де бірнеше сатылы бақылаулар нәтижесінде қажетті деректер алынып, оларды өңдеу арқылы әр түрлі химиялық талдаудың технологиялық есептеулері жасалады.
Мөлшерлік талдаудың есептеу нәтижелері массалық үлес арқылы (%), 1 л ерітіндіде, 1 кг еріткіште және т.б. шамалармен көрсетіледі.
Көпшілік талдауларға жекелеген элементтерді емес, талданатын қоспаның құрамына кіретін оксидтерді көрсетеді. Мысалы, карбонатты кен орындарында (кальцит, бор, әктас) кальций, көміртек және оттектің массасын емес, олардың оксидтерінің СаО және СО2 мөлшерін (%) көрсетеді.
Кейде элементтердің немесе иондардың мөлшерлерін ғана анықтап қана қоймай, олардың әр қайсысы қандай формада екені де анықталады. Мысалы, кендерді зерттеуде күкірттің тек қана жалпы көлемін, мөлшерін ғана емес, сонымен қатар бос (S0), сульфиттік (S2-), пириттік (S22-) және сульфаттық (SО42-) күкірттің мөлшері де анықталады.
Мөлшерлік талдауды бастамастан бұрын сапалық талдауды қолдану арқылы қоспаның немесе талданатын заттың құрамын білу керек және соның нәтижесінде мөлшерлік талдаудың дұрыс анықтау әдісі таңдалып алынуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет