Лекция. Тақырыбы: Ислам өркениеті, әдет ғұрпы. Исламдағы діни, мәдени салт-дәстүрлер. Ислам және ғылым. Лекция жоспары



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата06.01.2022
өлшемі407,01 Kb.
#16085
түріЛекция
1   2   3
Байланысты:
12-лекция

Дәстүр  –  ұрпақтан-ұрпаққа  ауысатын,  тарихи  қалыптасқан  нормалар  мен  үрдістер.  Ол  – 

қоғамдық  ұйымдар  мен  халықтың  мінез-құлқының,  іс-әрекетінің  рухани  негізі.  Дәстүр 

мәдениетпен  тығыз  байланысты,  сондықтан  мәдениеті  дамыған  ел  дәстүрге  де  бай.  Ата-

ананы  құрметтеу,  үлкенді  сыйлау,  адалдық,  әділеттілік,  мейірімділік  сезімдері  озық 

дәстүрлерге жатады. 



Сеййид  Хусейн  Наср  атты  түркі  ғалымы:  «Дәстүр»  сөзі  уаһи  жолымен  адамдарға 

білдірілген  қасиетті,  әрі  осы  иләһи  хабарлардың  адамзат  тарихы  бойынша  тоқтамастан 

ашыла беруі мағынасында қолданылады. Дәстүр - Иләһи хабар, әрі Негізге жақындататын 

үздіксіздік  мағынада  дей  келе  Аллаға  ғашықтық  ақиқатына  жалғаған  тұп-тура  байланыс 

құралы ретінде сипаттайды.  Сөйтіп ол ойын ары қарай былайша тұжырымдайды: «Дәстүр 

дінді және оның заңдылықтарын қамтыған» дейді.  

Ислам барлық заман және ұрпаққа тиісті өз шариғатын ұсынады. Себебі бір қауым 

жат  көрген  нәрсенің  басқа  ортада  қабыл  алынуы,  ал  бір  заманда  орындалуы  мүмкін 

болмаған нәрсенің осы немесе келер ғасырларда ақиқатқа айналуы мүмкін.    

Әртүрлі бағыттағы ағымдар, топтар, секталары болумен қатар Ислам - біркелкі түтас 

діни  жүйе.  Шығыс  пен  Европа  мәдениетінің  өркендеген  кезінде  өзіне  христиан  және 

иудей, грек философиясының, римдік құқық, ескі парсы империясының және индуизм мен 

буддизмнің  мистикалық  -  метафизикалық  саудасының  әкімшілік  құрылысынан  тәжірибе 

жиған бұл жүйе көп салада синтезден өткен күрделі қорытынды еді. Бұл синтездің негізі - 

араб мәдениеті, араб этносы, араб мемлекеті. 

Шығыстың  көлемді  территориясында  кішігірім,  мәдени  тұрмысы  жағынан  артта 

қалған  семиттер  әулетінен  күшті  саяси  жүйесімен,  өрбіген  өркениетімен,  көп  санды, 

өзіндік  этномәдениетімен  ірі  қауым  пайда  болғаны  белгілі.  Араби  ислам  -  діни 

мәдениетінің  әдет  -  ғұрпы  тез  арада  төңірегіндегі  және  кейінгі  кезде  басып  алған 

мемлекеттер  мен  халықтарға,  оның  ішінде  ерте  дүниеде  әлемдік  өркениет  шыңына 

шыққан  мемлекеттерге  тарап  кетті.  Қысқаша  айтқанда,  араби  ислам  екігіні  қысқа 

мерзімнің  ішінде  Аравияға  жақын  және  қашық  елдерді,  ондағы  көп  тайпалы,  өзінің 

ертеден келе жатқан әдет  - ғүрыптары бар халықтарды өз ішінде ерітіп, бойына сіңдіріп 

жіберді. 

Бұл күшті ассимиляция толқыны өзіне сай екпінді қарсы күшті тудырды. Нәтижеде 

Египет,  Месопотамия,  Индия,  Иран,  Орта  Азия,  Африка,  Испания,  тағы  басқа  елдердің 

мәдениетін жинақтаған ,,халықтарынын рухани әдет - ғұрыптарымен байыған күшті араби 

ислам дінінің әдет - ғұрпы, салт - дәстүрі пайда болды. Бұл әдет - ғұрып өсіп - өрбіп келе 

жатқан  араби  ислам  мәдениетіне  алып  күш  беріп,  әрі  қарай  дамуына  ықпалын  тигізді. 

Мұның  өзі  орта  ғасырдағы  араби  мұсылман  мәдениетінің  аз  уақыттың  ішінде  әлемдік 

өркениеттің  басында  болуына  алып  келді.  Бұған  әсерін  тигізген  күрделі  мәселе  -  ҮІІІ 

ғасырдан бастап Европа мәдениеті құлдырау жолына түсіп, ескі, көне және жаңа кезеңге 

бөліне  бастаған  еді.  Европада  христиан  мәдениеті,  Батыс  Европада  католик,  Византияда 

православие діні өрбіп тұрған кез бола тұра, олардың жағдайы араби ислам өркениетінің 

алдында  нашарлана  бастады.  Араби  ислам  мәдениетінің  жетістігі  көп  елдерге,  оның 

ішінде  орта  ғасырдағы  Европа  елдерінің  мәдени  орталығына  үлкен  әсерін  тигізді.  Бұл, 

әсіресе,  математика,  химия,  философияда  көрнекті  орында  болды.  Кордов  халифаты 

(Испания)  ҮІІІ  -  ХІІ  ғ.  араби  ислам  мәдениетінің  орталығы  болған  Европа  университеті 

арқылы  әлемдегі  ірі  тұлға,  ойшылдар  Авиценна,  Аверроэс,  әл  -  Газалидің  еңбектерімен 

танысуға  қолы  жетті.  Мысалға,  Аристотельдің  ғылыми  мұраларына  берген  Аверроэстың 

түсініктемесінің  төңірегінде  Европаның  ірі  философтары  ұлы  Альберт,  Сигер 

Брабантский,  Фома  Аквинскийлердің  арасында  дау  -  дамай  пікірталастар  ашылып  кетті. 

Кейін  араб  мәдениеті,  Кордов  халифатының  күйреуімен\  жалпы  араб  мемлекеті  мен 



өркениеті  құлдырап  кетті.  Бірақ  исламның  тараған  аудандары,  түкпір  -  түкпірдегі  ең 

қашық жерлерде де ислам дінінің әдет - ғұрыптарын ұстап, Құран оқып, Сунна хадистерін 

амал  етті.  Міне,  осы  жағдайда  ислам  дінінін  жойылған  жерлердегі  араби  ислам 

мәдениетінің  (құдайшылдық,  фикх,  шариат,  әдет  -  ғұрып,  отбасы  тәртібі)  ролі  үлкен. 

Сонымен,  ислам  бұл  елдердің  әлеуметтік  -  мәдени  жүйесін  өзгерткені  сонша,  арабтар 

қашықтап кеткен жағдайға қарамай, араб мәдениетінің көптеген ықпалы халық арасында 

қалып қойды. Діни форманы да арабтардан алды, соның бірі  Ирандағы шииттік ағымын 

алуға болады. Мұның барлығы, Құран көптеген ғасырлар бойы өзге тілдерге аударылмай 

араб  тілінде  оқылуымың  өзі  араб  тіліне  деген  құрмет  туғызды.  Сондықтан  араб  тілі 

католиктер  үшін  латын  тілі  сияқты  бүкіл  ислам  әлеміне  тарады  Осы  тілде  Аллаға 

жалбарынды,  осы  тілді  мешіттерде,  медреселерде  оқытты.  Ислам  елдерінде  зиялылар, 

мемлекет  қызметкерлері  міндетті  түрде  араб  тілшле  оқып,  араб  тілінде  жазады. 

Сонымен, араб тілі, араб мәдениеті және мемлекеттері ислам әлемін құруда, бүкіл ислами 

мемлекеттердің  бір  -  бірімен  қарым  -  қатынас  жасауында  үлкен  роль  атқарды.  Басқаша 

айтқанда,  араби  ислам  салт  –  дәстүрі  "Ислам  елемік"  қалыптастырды.  "Ислам  элемент 

деген теокин - заңдылық, ұл шынайы болмысқа әсерін тигізетіні хақ. Қайткенде де ислам 

көптеген  ғасырдан  бері  өзіндік  салт  -  дәстүрімен  Еуропаны;  Азиядан,  Европаны 

Африкадан геограсриклық территорисы ғана емес, қайта діни мәдениет жағынан да бөліп 

тұрды.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет