Лекция. Тақырыбы: Қоғам және мәдениет Лекция жоспары: Қоғам философиялық ұғым ретінде «Қоғамдық сана» ұғымы. Қоғамдық сананың түрлері



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата06.01.2022
өлшемі155,14 Kb.
#16082
түріЛекция
1   2   3   4   5
Байланысты:
12 лекция

4.Материалдық  мәдениет.  Материалдық  мәдениет  адам  өмірінің  материалдық  аяда  қол 

жеткізген  жетістіктерінің  жиынтығынан  тұрады.  Оған  адамның  биологиялық  өмірін 

қамтамасыз етуге қажетті игіліктер — азық, киім, баспана, еңбек және қатынас құралдары 

т.б. жатады. 

Материалдық  мәдениетке  тарихи  және  мәдени  ескерткіштер  де  кіреді.  Республикамыз 

тарихи ескерткіштерге өте бай. 

Бүгінгі  күні  18,5  мың  тарихи  ескерткіш  орындары  анықталып  отыр.  Оның  ішінде  13,5 

мыңы  құжаттандырылып,  3,1  мыңнан  астамы  мемлекеттік  қорғауға  алынды.   205 

республикалық. дәрежедегі ескерткіштер бар. 

Олардың ішінде Қорқыт-ата  мемориалдық  кешені, Орда ескерткіші, Қожа Ахмет  Йасауи 

кесенесі,  Ш.Уәлиханов  кешені,  Жидебай  әдеби-мемориалдық  корығы,  Черкасск  қорғаны 

бар. 


Тарихи мәдени заттык мұраның бірі — Түркістандағы тайқазан. Қазанның сыртына араб 

әріптерімен үш қатар мәтін жазылған, онда Темірдің бұл казанды Қожа Ахметке арнағаны 

көрсетілген. Жазуда «Адамды  сыйла, адамгершілікті  әз тұт»  деген сөздер  бар.  Шеберлік 

пен  бейнелеу  өнерінің  үлгісі  ретінде  1935  жылы  Санкт-Петербургтегі  Эрмитажға 

қойылған  қазан  54  жылдан  кейін,  1989  жылы  қайта  құтты  орнына  қайтарылды.  Алты 

ғасыр  жасаған  тайқазанды  құйған  адамдардың  астрономия,  математика,  физика,  химия 

дан мол хабары болғандығы, металл өңдеу технологиясын жетік білгендігі көрінеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет