Лекция. Тақырыбы: Қоғамның саяси жүйесі Саяси жүйе түсінігі Саяси жүйенің құрылымы мен қызметтері



Дата17.10.2022
өлшемі16,72 Kb.
#43533
түріЛекция

6-лекция. Тақырыбы: Қоғамның саяси жүйесі



  1. Саяси жүйе түсінігі

  2. Саяси жүйенің құрылымы мен қызметтері

1. Алғашқы қауымдық қоғамда жалғыз адам жеке дара өмір сүре алмайтын. Сондықтан ұжымдасып ру, тайпа болып өмір сүрудің арқасында ғана табиғаттың дүлей күшіне қарсы тұрып, өздерінің қауіпсіздігін қамтамасыз еткен. Еңбектерінің өнімі аз болды. Тапқан табыс ру мүшелерінің арасында тең бөлінетін. Артық өнім болмады.
Уақыт өте келе өндіріс құралдары бірте-бірте жетіле берді. Қоғам ішінде еңбек бөлінісі пайда болды.
Мал шаруашылығымен қатар егіншілік, одан кейін қолөнер пайда болды. Осы еңбектің бөлінуі нәтижесінде өнімдер айырбасы дүниеге келді.
Еңбектің бөлінуінің арқасында өнім қажетті мөлшерден артық өндіріле бастады. Бұл қосымша өнімнің өсуіне әкелді.
Енді қоғамдық өнім екі бөліктен құралды:
1.Қажетті өнім, яғни күнделікті тұтынатын игіліктер.
2.Қосымша өнім, яғни экономикалық даму нәтижесінде пайда болған, басы артық еңбек өнімі.
Қосымша өнімнің 2 салдары бар:

  1. Қоғамды шектен тыс мұқтаждықтан құтқарады.

  2. Оны иемденудің арқасында шектен тыс баюдың көзі ашылады.

Қосымша құн жеке меншікті дүниеге әкеліп, адамды адам қанауын туғызды.
Сөйтіп, алғашқы қауымдық қоғамды таптық қоғам ауыстыра бастады . Бұл қоғамдар басқарушылар мен бағыныштылардан тұрды.
Бірқатар ұйымдар мен саяси өмір саласы қалыптасты. Қоғамдағы азғантай адамдар тобы, әкімшілік аппаратына сүйеніп, билік қызметіне жеке-дара иелік ете бастады. Қоғамда алғаш рет заң ережелері, нормалар жиынтығы қалыптасты.
Осыдан бастап қоғамдағы таптар арасында қайшылық басталды. Олардың арасындағы қатынас саяси заңдылыққа негізделе бастады. Сондықтан да басқарушылардың саяси өкімет ұйымы – мемлекет пайда болды. Бұл саяси ұйым үздіксіз өзгеріп, күрделеніп отырды. Саяси партиялар және басқа қоғамдық ұйымдар пайда болды. Осы ұйымдар мен әлеуметтік институттар бәрі қоғамның саяси жүйесін құрады.
Қоғамдық саяси жүйесі деп – билік жүргізіп, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін, әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар, мемлекеттер арасындағы саяси өзара қатынастарды реттейтін ұйым мен мекемелердің жиынтығын айтады.



  1. Зерттеушілер саяси жүйенің құрылымы мынадай негізгі төрт бөліктен тұратынын атап көрсетеді:

  1. Саяси институттар

  2. Саяси қатынастар

  3. Саяси ережелер

  4. Саяси мәдениет

Саяси институттарға: мемлекет, саяси партиялар, кәсіподақтар, кооперативтік, жастар, әйелдер, т.б. ұйымдар мен бірлестіктер жатады.
Солардың ішіндегі ең негізгісі – мемлекет. Ол қоғамда белгілі бір тәртіпті орнатады, оны басқарады, экономикалық және әлеуметтік құрылымын қорғайды.
Қоғамдық жүйенің екінші бөлігін саяси қатынастар құрайды. Оған таптардың, этникалық бірлестіктердің, тұлғалар мен қоғамның, азаматтар мен мемлекеттің арасындағы қатынастар кіреді.
Саяси жүйенің үшінші бөлігі болып саяси ережелер (нормалар) есептеледі. Олар саяси институттардың өзара бірлесіп әрекет етуін қамтамасыз етеді және саяси жүйенің ережелік негізін құрайды. Олардың ішіндегі ең маңыздысына конституция және оған сүйенетін заңдар мен басқа нормативтік актілер жатады.
Саяси жүйенің төртінші бөлігі – саяси мәдениет. Ол саяси сана мен іс-әрекетте, саяси қөзқарастарда, идеяларда, теорияларда, баяндамаларда, шешімдерде, саяси ережелерге қатынаста көрініс табады.
Саяси жүйенің көрсетілген бұл төрт бөлігі үздіксіз дамып отырады. Олар өздеріне тән арнайы әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, белгілі бір мақсаттар мен қызметтерді атқарады. Ол бір-бірімен тығыз байланыста болады.
Қоғамда саяси жүйе мынадай қызметтер атқарады:

  1. Белгілі бір әлеуметтік топтың немесе көпшілік халықтың саяси билігін қамтамасыз етеді.

  2. Жеке топтар мен көпшіліктің мақсат-мүддесіне сай қоғамдық қатынастарды реттеу.

  3. Экономиканың қалыпты жұмыс жасап, дамуына қажетті саяси жағдай орнату.

  4. Қоғамда жинақтаушылық, топтастырушылық қызметтерін атқару.

  5. Қоғамды және оның мүшелерін ішкі, сыртқы бүліндіргіш әрекеттерден қорғау.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет