Лекция Тақырыбы: Психологияға кіріспе


Сезім мен эмоцияның өзара қатынастары



бет13/27
Дата28.04.2023
өлшемі192,21 Kb.
#87756
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27
Байланысты:
Лекция каз психология

6.Сезім мен эмоцияның өзара қатынастары. Эмоциялар мен сезімдер өзара тығыз байланыста. Сезімдер эмоциялар негізінде қалыптасып дамиды.
Эмоциялар ас ішу, тұрғын үй, киім ққажеттіліктері, жыныс қажеттілігі,иқанағаттандырылған немесе қанағаттандырылмаған жағдайда туады. Олар айнала қоршаған дүниедегі заттар мен құбылыстарға адамның жауап реакциясы кездерінде сондай-ақ түйсік процестерінде олардың эмоциялық реңкі ретінде пайда болады. түрлі иіс, шу, сықырлар белгілі бір түйсіктер туғыза отырып эмоциялық реңкпен қосарланады және жеке адамның сенсорлық, эмоциялық құрылуының біртұтастығын көрсетеді.
Эмоцияларадамға да, жануарларға да тән. Адамның бірінші сигнал жүйесі қызметін жануарлардың бірінші сигналдық құрылымынан айырып отырғанымыз сияқты адамэмоциясын жануарлар эмоциясынан ажыратып отыру да қажет болады. Адам эмоциясына оның өмірінің әлеуметтік бейнесі, орындайтын әрекетінің өзгешеліктері өз іздеріін қалдырған соның нәтижесінде эмоциялар сипаты мен көріну формалары өзгерістерге ұшыраған. Адам сусынды, асты, киімді оған қажеттілік туған сәтте тарпа ьас салмайды, өз қажеттіліктерін орнымен бар мүмкіндіктерді ескере отырыпқанағаттандырады.
Эмоциялар қарым-қатынастағы эмоциялық күй түрінде пайда болады. Әңгімеге араласқан адам әңгімелесушіге эмоциялық ыңғайлана икемделеді. Биязылық, дөрекілік, ілтифаттылық, ожарлық жеке адамның ерекшелігіне сәйкес комуникациялық қатынас мазмұнын толықтырады және қалыптаса басиаған байланыстың эмоциялық сипатына (қарым-қатынастық тілектестік, тартымдылық немесе жабырқаңқылықатмосферасы) айналады. Айнала қоршаған орта заттарына тікелей реакция ретінде туғанымен эмоциялар алғаш алған әсерімен байланысты. Жиналмаған бөлме көрінісі жағымсыз эмоциялық реакция туғызады да, мұнтаздай таза бөлме жарасымды орналастырылған жиһаз тартымды әсер етеді. Адаммен танысудан туған алғашқы әсер таза эмоциялық сипатта болады, оның ерекшеліктерінің қайсыбір сыртқы көріністеріне тікелей реакция болып табылады.
Адамның әлеуметтік қатынастары оның өз ісі мен заттық дүниеге деген қатынастары адамзат тарихы процесінде пайда болған қажеттіліктерді қанағаттандыруы оның сезімдерін қалыптастырады. Дүниеге деген сезімдік қатынастың мұндай ерекше формасы тек адамға ғана тән. Ол еңбек рахаты патриоттық және колективтік сезім, жаңалықты сезіну, ұят және ар, білуге құмарлық, күдіктену сияқты және басқа көптеген жоғары сезімдерді бастан кешіреді.
Адамның қоршаған дүниеге деген қатынасының өзіндік сапалық өзгешелігі алуан түрлі сезімдерден көрініп отырады. Адамның индивидуалдылығы оның айнала қоршаған шындық заттары мен құбылыстарына деген жеке бастық қарым-қатынастан ашылып көрінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет