Лекция Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде



бет29/37
Дата19.05.2023
өлшемі145,18 Kb.
#95235
түріЛекция
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   37
Байланысты:
Дәріс

2. Әлеуметтік жіктелу.
Біз егеменді ел болдық. Бірақ оған көп болған жоқ. Мұндай аз уақыттың ішінде әлеуметтік құрылыс жылдам өзгере қоймайтыны белгілі. Оның тамыры әріде.
Әлеуметтік жағдайларды зерттеуде елеулі еңбек еткен белгілі әлеуметтанушы-- Т. И. Заславская. Ол 1991 жылы әлеуметтік құрылымды 3 топқа бөліп қарастырды. Ол жоғарғы тап, төменгі тап және оларды бөліп тұрған жік деп бөліп көрсетті. Жоғары таптың негізін партияның, әскери, мемлекеттік және шаруашылық бюрократиясының біріктіретін номенклатура ( жоғарғы партиялық, өкімет органдарының шешімі бойынша басқарушы қызметті атқаратын қызметкерлер( құрайды. Ол ұлттық байлықтың, меншіктің иесі болды және оның көпшілігін өз мақсатына пайдаланды. Өйткені номенклатуралық қызметкерлер жоғары еңбек ақы алумен қатар қосымша игіліктерге ие еді. Олардың қызметтік машинасы мен жүргізушісі, жабдықталған пәтер, қала сыртындағы үйлері, соларға ғана қызмет ететін жабық дүкендері мен ательелері, емханалары, демалыс орындары және т.с.с. болды.
Төменгі тапқа Заславская мемлекеттің жалдамалы еңбеккерлерін: жұмысшыларды, шаруаларды, зиялыларды жатқызады. Олардың меншігі мен саяси құқықтары жоқ. Бұл таптың өмір салты жеткіліксіз табыспен, ішіп жеу, тұтыну құрамының мардымсыздығымен, үй-жайының тарлығымен, дәрәгерлік қызмет көрсету дәрежесінің шамалылығымен, нашар денсаулығымен сипатталады.
Жоғары және төменгі таптардың арасындағы әлеуметтік жіккке номенклатураға қызмет ететін орта деңгейдегі басшылар идеология қызметкерлері, партиялық журналистер, арнаулы емханалардың дәрігерлері, жазушылар, артистер, дипломаттар, КГБ,МВД-ның қызметкерлері, әскер мен флоттың командирлері және т.б.кіргізеді. Сырттай қарағанда бұл жік шетелдердегі орташа тап сияқты болып көрінеді.Ал шын мәнәнде, олай емес.Себебі, Батыста орташа таптың негізін саяси және әлеуметтік тәуелсіздікті қамтамасыз ететін жеке меншік құрайды. Ал біздің қызмет көрсетуші жіктің жеке меншігі болған жоқ, ол қоғамдық меншікті басқарып, оған иелік еткен жоқ.Сондықтан ол жоғарғы таптан толық тәуелді болатын.
Біздің Қазақстанға келсек, еліміздің егемендігін алғаннан кейінгі кезеңде меншік иесі жоғары тап пайда болды.Оның негізін баяғы партиялық кеңестік номенклатура қалайды. Олар экономикалық реформа басталар кезде экономикада, саясатта, мәдениетте басты қызметтерді атқарады. Сондықтан кәсіпорындарды жекешелендіру, жеке меншікке айналдыру олар үшін өте қолайлы болып шыға келді.Бұл тапқа солармен қатар қатар көлеңкелі экономиканың пысықтары, алыпсатарлықпен айналысып байыған қулар және т.с.с. кіреді. Бұл таптың өкілдері халықтың 1-3 пайызын құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет