Алтай тілдерінің туыстығы туралы пікірді жинақтап 2 ге бөлуге болады: Г.И. Рамстедтің пікіріне қосылатындар: В.В. Владимирцов, Е.Д.Поливанов, Н.Н.Поппе, Н.А.Баскаков, О.П.Суник, У.Кеңесбаев, Ш.Ш.Сарыбаев алтай тілдері бір негізден тараған, сондықтан да ортақ негізді мойындауға олар мүмкіндік береді.
В.А.Котвигтің пікіріне сүйеніп, о баста өзара көрші орналасқан тілдер генеологиялық жағынан туыстығы болмаса да, талай ғасыр бойы араласу негізінде жаңа қасиетке ие болған дегендер: Л.Лигети, Г.Д.санжеев, Т.А. Бертагаев т.т алтай тілдеріндегі ұқсастық туыстық негізінде емес, кірме материалдар негізінде қалыптасқан деп тұжырымдайды.