Лекция. Тақырыбы: Түркі филологиясының танымдық, тәрбиелік мәні. Жоспары: Тіл тарихын зерттеудің мәні. Жазба ескерткіштерді зерттеудің мәні



бет28/36
Дата16.03.2022
өлшемі111,05 Kb.
#28194
түріЛекция
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   36
Байланысты:
Ëåêöèÿ. Òà?ûðûáû Ò?ðê³ ôèëîëîãèÿñûíû? òàíûìäû?, ò?ðáèåë³ê ì?í³.

II. Көне ұйғыр кезеңі. 741 ж Шығыс түрік қағанатын Селенга өзенінің солтүстігін мекендеген ұйғырлар басып алады. Олар 100 жылдай билейді. Алайда Батыс түрік қағанатының ұйғырлар мемлекетінін құрамына кірмеуі ұйғырлардың әлсіреуіне әкеледі. Соның нәтижесінде 840 ж Енисей бойын қырғыздар басып алады. Ұйғыр тайпаларының басым көпшілігі өздерінің бірлігін бұзбастан Шығыс түркістанға қоныс аударады. Олар жоңғарияда жаңа мемлекет құрады. Оларды тарихта «Тоғыз ұйғырлар» деп атайды. Бұлар монғол шапқыншылығына дейін өмір сүрді. Олардан көптеген тілдік материал жетті. Бұл жазба ескерткіштерді екі топқа бөлеміз:

  1. Тасқа рун жазуымен жазылған ескерткіштер:

    • Селенга тасы – түрік қағанатының құлау дәуірінде жазылған.

    • Суднен тасы – көне ұйғыр мемлекетінің құлау дәуірінде жазылған.

  2. Соңғы жазуымен (тік жазу) жазылған манихей және будда діни философиялық жазбалары және ұйғырлардың ресми іс қағаздар

Олардың тілі мен жазуы Қараханид дәуіріндегі түркі тілінің (X – XII ғ), оғыз – қыпшақ әдеби тілінің (XII – XIII ғ), шағатай әдеби тілінің (XIII – XIX ғ), Алтын Орда әдеби тілінің (XIII – XIV ғ), ескі өзбек әдеби тілінің (XV – XIX ғ) қалыптасуына игілікті әсерін тигізді.

III. Көне қырғыз кезеңі. Көне Қытай жылнамаларында б.э.д. 201 жылдарда Қырғыздар енисей өзенінің жоғарғы және ортаңғы ағысын мекендегені айтылады. Нағыз құнды деректер олардың өзі жазып қалдырған Енисей ескерткіштерінде кездеседі. Өлген адамдардың моласына жазу қашалған тастар орнатқан. С.Е. Малов ол тастарды «V ғасыр мола поэзиясы» деп бағалады. (Малов С.Е. Енисейская письменность тюрков. М- Л, 1952, 8 б).

В.В.Радлов пен С.Е.Маловтын пікірінен, қырғыздар – V ғасырда көне түркі рун жазуының негізін салушылар. Олардың жазуы Орхон алфавитіне қарағанда жетілдірілмеген.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет