Лекция Тақырып: Жоғары дәрежелі жүйке жүйесі. Мидың жеке дамуы және жалпы құрылысы



бет2/2
Дата23.09.2024
өлшемі0,49 Mb.
#145265
түріЛекция
1   2
Байланысты:
Лекция-1694625461965 4

2-сурет. Мидың құрылысы

Бұл клеткалардың талшықтары арқылы импульстер ми қыртысының қозғалысты реттейтін аймағындағы жүйке клеткаларына беріледі және одан әрі ми мен жұлынның қозғалыс ядроларына өтеді. Бұл ядролардағы жүйке клеткаларынан қозу қозғалыс жүйке талшықтары арқылы жұмыс істейтін мүшелерге беріледі. Қыртыста 14-18 миллиард нерв клеткалары болады (2-кесте).


2-кесте. Ми бөлімдерінің қызметі





Ми бөлімдері

Ми бөлімдерінің қызметі

Үлкен ми сыңарлары
Аралық ми
Ортаңғы ми

Мишық

Ми көпіршесі

Сопақша ми



Мидың басқа бөлімдеріне қарағанда жақсы дамыған, мидың 80% алып жатыр. Ми сыңарларының беті қатпарланған, көлемі 2000-2500cм, ол 14 млрд жүйке жасушасынан тұрады. Ми қыртысы адамның психологиялық әрекеттерінің материалдық негізі, мінез-құлық, тәлім-тәрбие, сөйлеу, есте сақтау, ойлау әрекеті ми қыртысында болады.
Ми қарыншасының біреуі аралық мида орналасқан, аралық ми құрылымында таламус және гипоталамус болады. Таламус арқылы ми қыртысына әртүрлі сезім (ауырсыну, қанағаттану, мимика) қалыптасады. Гипоталамус–вегетативтік жүйке жүйесінің орталығы, барлық ми бөлімдерімен байланысты. Аралық ми ішкі гормондардың бөлінуін,қан қысымын,ағзаның зат алмасу үрдісін, ағзаның ішкі ортасын тұрақтандырады. Зәр шығару, ұйқы, сергектік, бейімделу, физиологиялық процестер аралық мида өтеді.
Ортаңғы ми аралық және артқы мидың арасында жатыр,ми жүйкелері жоғары, төменгі өткізгіш жолдары қызметін атқарып, көру, тітіркену, есту, бағдарлау рефлексін, рефлекс доғасын өткізеді. Қаңқа бұлшық етінің тонусын сақтайды, оларды қимылға келтіреді. Аралық және ортаңғы ми тілек, ықылас, көңіл-күй, тәбет ашу шөлдеу сезімдерін реттейді.
Мишық сопақша мидың артында орналасқан. Қызметі –адамның қимыл әрекетін,дене бұлшық етінің қызметін реттейді.
Ми көпіршесінің нейрондары бет терісі, тілден, ауыз қуысының кілегейлі қабықшасын, есту мүшесінен ақпараттар қабылдайды. Көпір мен мишық артқы миға жатады.
Сопақша ми жұлынмен жалғасады. Оның сұр затында тіршілік үшін маңызды орталықтар бар. Бұл орталықтар арқылы жүзеге асатын рефлекстер: 1) қорғаныс (түшкіру, жөтелу, құсу, көзден жас ағу, көзді жыпылықтату); 2) қоректенумен байланысты ему, жұту, сөл бөлу, асқазан бездерінің жұмысын реттеу (автоматты түрде жұмыс істейтін тыныс алу жүрек пен қан тамыр жұмысын реттеу рефлекстері жатады). Сопақша ми ми көпірі аралық ми ортаңғы мидан ми бағаны құралады.


Әдебиеттер:

  1. Жас ерекшелік анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы [Мәтін]: Оқу құралы / С.О. Ордабеков, Б.Қ. Абдрақов, Г.А. Ахауова.- өңд. толықт., 2-ші бас.- Қарағанды: Ақнұр, 2019.- 332 б.

  2. Жүйке және сезім жүйелер физиологиясы (зертханалық тәжірибе жұмыстары) [Мәтін]: Оқу-әдістемелік құрал / С.Т. Төлеуханов, Қ. Дүйсембин, А.Ә. Мәутенбаев.- Алматы: Medet Group, 2019.- 160 б.

  3. Жас ерекшелік анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы [Мәтін]: Оқу құралы / С.О. Ордабеков, Б.Қ. Абдрақов, Г.А. Ахауова.- өңд. толықт., 2-ші бас.- Қарағанды: Ақнұр, 2019.- 332 б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет