Лекция Такырыбы: Пәнге кіріспе Жоспары



Pdf көрінісі
бет31/77
Дата15.02.2023
өлшемі1,47 Mb.
#68061
түріЛекция
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   77
Байланысты:
Лекция Такырыбы П нге кіріспе Жоспары Физиология п ні, бас а с

Қанның т о п т а р ы . 1901 жылы дені сау адамның қанын екінші адамға құйғанда, эритроциттер 
желімделіп қалатындығы байқалған.
Желімделіп қалуды агглютинация деп атайды.
Кейбір адамдардың эритроциттері екінші адамның қанының плазмасымен қосылғанда 
агглютинациялануын зерттеу нәтижесінде қан құю арқылы емдеудің ғылыми негізі салынды.
Адам қанындағы эритроциттерде екі түрлі желімденетін зат: агглютиноген А және агглютиноген В 
болатыны, ал плазмада екі түрлі желімдейтін зат: агглютинин а және агглютинин вg бар екені анықталған. 
Бір адам қанында агглютиноген А мен агглютинин а, агглютиноген В мен агглютинин g болмайды. 
Сондықтан бір организмнің өзінің эритроциттері бір-бірімен желімденбейді яғни агглютинацияланбайды. 
Эритроциттердегі агглютиногеннің, плазмадағы агглютининнің баржоғын зерттеп, есептеп барлық 
адамдардың қанын 4 топқа бөлуге болатыны анықталған. Қаны I топқа жататын адамдардың 
эритроциттерінде агглютиноген болмайды, плазмасында агглютинин а және g болады. Қаны II топты 
адамдардың эритроциттерінде агглютиноген А, плазмасында агглютинин g болады. Қаны III топқа жата-тын 
адамдардың эритроциттерінде агглютиноген В және плазмасында агглютинин а болады. IV топ қанның 
эритроциттерінде А және В агглютиноген бар, ал плазмасында агглютининнің екеуі де болмайды. 
Агглютинация жүрсе плюс ( + ), жүрмесе минус(—) деп белгілеу арқылы, төмендегі таблицада қанның 
қандай тобын қай топтағы қаны бар адамға құюға болатыны көрсетілген. 
Эритроциттер тобы (агглютиногендер) 
Плазма тобы (агглютининдер) 
жоқ I (0) 
II (А) III (В) 
IV (АВ) 
I (а) және (g ) 
— 
 + + 

П (g) 
— 
— 
+
 + 
III (а) 
— 
 + 
— 

IV (0) (жоқ) 
— 
— 
— 
— 
Эритроциттердің агглютинациясы тек агглютиноген А мен агглютинин а, агглютиноген В мен 
агглютинин g кездессе ғана жүреді. Сонда I топты барлық (I, II, III, IV) топтарға құюға болады. II топты II 
және IV топқа, III топты III және IV, ал IV топты тек IV топқа ғана құюға болады. Қан құярда дәрігерлер 
қанның тобын ұқыпты түрде айырып барып құяды. Қанның тобын айыру үшін зерттелетін қанның әуелі бір 
тамшысын II топтың плазмасымен, содан кейін екінші тамшысын III топтың плазмасымен араластыру керек. 


Егер қан I топқа жатса, екі тамшыда да агглютинация жүрмейді, IV топ болса, екеуінде де агглютинация 
жүреді, II топ болса, агглютинация III топ плазмасымен қосылған қан тамшысында жүреді, ал III топ болса, 
керісінше, II топ плазмасында жүреді. 
Қан беретін адамды донор, қан қабылдайтын адамды .реципиент деп атайды. Донордан бір алғанда 
300—400 мл мөлшердей қан алуға болады. Айына бір рет жоғарыда көрсетілген мөлшердей қан алғаннан 
организмде айтарлықтай физиологиялық өзгерістер болмайды, адам денсаулығына зиян келмейді. 2—3 
жетіде қанның мөлшері бұрынғы қалпына қайта жетеді.
1940 жылы, қан құю процесін ұдайы зерттеу нәтижесінде эритроциттерде агглютиноген А мен В-дан 
басқа, үшінші агглютиноген заты бар екені табылған. Ең бірінші рет бұл агглютиноген Масасиs rhesus 
маймылының эритроциттерінде табылғандықтан резус-фактор аталынып, Rh-деп белгіленген.
85% адамдардың қанының эритроциттерінде резус-фактор табылған, оны оң резус-факторлы қан (РҺ+) 
деп атаған. Ал 15% адамдардың эритроциттерінде резус-фактор болмағандықтан, оны теріс резус-факторлы 
қан (Рһ-) деп атаған. Теріс резус-факторлы қаны бар адамға, оң резус-факторлы қан құйылса, құйған қанда 
қорғағыш денелер жасалады. Осы қорғағыш денелер жасалған қанға, екінші рет тағы да оң резус-факторлы 
қан құйылса, соңғысы қанның оң резус-факторы, құйған қанның қорғағыш денелерімен әрекеттесіп, 
эритроциттер желімделіп, тіршілігін жояды. Резус-фактор тұқым қуалайды. Егер шешесінің қаны Rh
_
болып, әкесінің қаны Rh+ болса, ұрықта Rh+ болуы мүмкін. Бұл жағдайда ұрықтың қанындағы (Rh+) оң 
резус-фактор жатыр арқылы анасының қанына өтіп, онда қорғағыш денелер жасалады. Қейіннен анасының 
қанындағы қорғағыш денелер қайтадан ұрыққа жатыр арқылы өтіп, ондағы эритроциттерді
агглютинациялайды, соның ңәтижесінде ұрық өледі не қан ауруларының ауыр құбылысы байқалады. 
Қанында қорғағыш денелер жасалғандықтан, анаға да оң резус-факторлы қан құюға болмайды. Жануарлар 
қанының құрамындағы агглютинин және агглютиногеннің мөлшері мен құрылысына байланысты, 
олардың қанының тобы адам қанының тобынан көп не аз болады. Мысалы, жылқының қаны 4-топқа, 
қойдың қаны 3-топқа, ал шошқаның қаны бірнеше топқа бөлінеді.
Л е й к о ц и т т е р. Лейкоциттер немесе қанның ақ тү/йіршіктері, организмде қорғаныс қызметін 
атқарады. Олар дың атқаратын негізгі қызметі: фагоцитоз, қорғағыш денелер жасау, белок алмасу процесі 
кезінде белінген улы заттарды зиянсыздандырып ыдырату.
Дені сау адам қанының бір куб миллиметрінде 6—8 мыңға жуық лейкоциттер болады. Лейкоциттердің 
санының көбеюін лейкоцитоз, лейкоциттердің санының азаюын лейкопения деп атайды. Лейкоцитоз әр 
түрлі, қабыну сияқты, ауру кезінде және дені сау адамдарда да байқалады, мысалы ас қорыту процесі, дене 
жұмысы, ауру түйсіктері күшті сезім әрекеті кездерінде т. б. Лейкоциттер екі үлкен топқа белінеді: 1) 
түйірлі лейкоциттер немесе гранулоциттер; 2) түйірсіз лейкоциттер немесе агранулоциттер.
Түйірлі лейкоциттер тобына эозинофильдер, базофильдер, нейтрбфильдер жатады. Нейтрофильдер өзін 
қоршаған ортаға лизосомды ферменттер бөледі. Базофильдер қанды ұйытпайтын системаның құрамына 
кіретін активті — гепарин өнімін көбейтеді, | әрі биологиялық активті-гистамин синтезіне қатынасады. 
ІТүйіршік лейкоциттерге — моноциттер мен лимфоциттер жатады. Моноциттер— барлық
лейкоциттер санының 4—8 процентін құрайды. Олар сүйек кемігінде, лимфа түйіндерінде және
дәнекер тканьдерінде жасалады. Моноциттер макрофагтар деп аталады да, нейтрофильдер сияқты қызмет 
атқарады.
Лимфоциттер барлық лейкоциттер санының 25—35%-ін құрайды, лимфа түйіндерінде, көк бауырда, 
кілегейлі қабықта дамып жетіледі. Бұл клеткалар қабыну процесіне ұшыраған организмнің қайта қалпына 
келуін қамтамасыз ететін реакцияларға қатысады.
Адам мен жануарлар қанында лимфоциттердің Т және В түрлерІ бар. Екеуінің де алғашқы формалары 
сүйек миында жасалады, кейін Т лимфоциттер өзінің дамуын тимуста, ал В лимфоциттер ішектің 
қабырғасында аяқтайды. Егер тимусты алып тастасақ қанда тек В лимфоциттер болады. Қалыпты жағдайда 
Т және В лимфоциттері өзара байланыса отырып жұмыс жасайды.
Т лимфоциттері организмдегі барлық иммунитет процесінің активті факторы әрі ұйымдастырушысы. 
Организмдегі антигендермен жанасу арқылы, Т лимфоциттері олардың генетикалық құрылымын сақтап, 
онымен күресетін қарсы дененің синтез программасын анықтайды. Т лимфоциттерінде фагоцитоз процесін 
активті түрге түсіретін заттар да синтезделеді. Т лимфоциттері организмге жат тканьдер мен белоктарды, әрі 
организмнің өзінің өзгерген (өлген) немесе мутанттарды жою қызметін де атқарады.
Лимфоциттер қан жасаушы органдардың қызметін реттейді. Әсіресе Т лимфоциттері сүйек миында 
пайда болған басқа ствол клеткаларын жояды.
Лимфоциттер қарсы денелердің құрамына кіретін р және у глобулиндерді синтездей алады. 
Т лимфоциттерінің қатысуымен қарсы дене пайда болатын «фабрика» — плазмоциттердің 
программасы жасалады.
Лейкоциттер — өте аз өмір суретін қан клеткалары. Олар 7—14 күн ғана тіршілік етеді. 
Лимфоциттердің ішінде өте ұзақ тіршілік ететін түрлері де бар. Мысалы Т имфоциттері антигенмен 
жанасқаннан кейін, қарсы дене жасалатын «фабрикаға» айналып, ұзақ уақыт тіршілік етеді.
Лейкоциттердің қорғаныш функциясы ретикулоэндотелия системасымен (РЭС) байланыса отырып 
орындалады.
Ретикула және эндотелия клеткалары, гистоциттер де (кезеген байланыстырғыш ткань клеткасы), 
лейкоциттер сияқты қанға, ткань сұйықтығына түскен басқа жат денелерді жұтып жібереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет