Лекция тезисі тақырыбы: Сыбайлас жемқорлық ұғымы


Ұлыбританиядағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет



бет15/57
Дата09.10.2024
өлшемі172,51 Kb.
#147459
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   57
Байланысты:
Лекция тезисі та?ырыбы Сыбайлас жем?орлы? ??ымы

4. Ұлыбританиядағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет.
Ұлыбританиядағы сыбайлас жемқорлық превенциясы
Британ қоғамында ағылшын шіркеуі әділ және адал мінез-құлық идеалдарына негізделген сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды таратуда маңызды рөл атқарады. Басты өзегі інжілдік өсиет «ұрлама» болып табылатын діни этиканың негізін Біріккен Корольдіктің бастауыш және орта білім жүйесінің басым бөлігін құрайтын елдің ағылшындық және католик мектептері бала кезден британдықтардың миына құя білді.
Дегенмен Ұлыбританияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім бағдарламалары ведомстволық деңгейде іске асырылады.
Мысалы, арнайы сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинарлар Ұлыбританияның СІМ қызметкерлері, сондай-ақ сауда және өнеркәсіп министрлігінің шетелдегі өкілдері үшін курс бағдарламасына енгізілген. Аталған семинарлар барысында британ бизнесінің қатысуымен көзіне түскен сыбайлас жемқорлық фактілері туралы дереу хабарлау міндеті түсіндіріледі. Семинарларға ірі британ және трансұлттық компаниялардың қызметкерлері шақырылады. Ұлыбританияның халықаралық даму министрлігінің және сауда және инвестициялар агенттігінің бірлескен жобасы шеңберінде сыбайлас жемқорлық фактілерін танып-білу бойынша арнаулы оқулық шығарылды, ол міндетті түрде сауда өкілдіктеріне және шет мемлекеттердегі елшіліктерге жіберілді.
Әскери полиция (МОD Police Fraud Squad, Азаматтық полиция қызметі Қорғаныс министрлігінің қарамағына жатады) елдің полицейлерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық негіздеріне оқытады. Соңғы жылдары Әскери полицияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі бөлімшесі Ұлыбританияның өңірлік полиция басқармаларында білім беру бағдарламаларының санын көбейтті.
Ұлыбританияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі негізгі органы – ірі көлемді алаяқтыққа қарсы күрес басқармасы (SFO, Serious Fraud Office) – өздерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру күш-жігерінде британ бизнесіне негізделеді және Ұлыбританияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ауқымды науқанды іске асыра отырып, сыбайлас жемқорлықтың зияны туралы алдын алу мақсатында әңгімелесу өткізеді. Лейбористік партия қалыптастырған Ұлыбританияның алдыңғы үкіметі кәсіподақтардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімге ерекше көңіл бөлген. Премьер-министр Г.Браунның нұсқауы бойынша Ұлыбританияның СІМ-і кәсіподақ ұйымдарының басшылығы мен қатардағы мүшелері үшін тұрақты түрде арнайы тренингтер өткізіп отырған, тиісті ақпараттық материалдар басып шығарған. Ұлыбританияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте азаматтық қоғам институттары ерекше орын алады. Ұлыбританияның халқын сыбайлас жемқорлыққа қарсы хабардар ету деңгейін арттыру міндетін парламент, коммерциялық компаниялар, БАҚ пен үкіметтік емес ұйымдар атқарады. Британдықтардың бұқаралық санасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы басымдықтарды тарату мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің аса тиімді тәсілі мен азаматтық белсенді ұстанымның көрінісі ретінде сөз жеткізудің жағымды келбетін қалыптасады. Ұлыбританияның сыбайлас жемқорлықты ғаламдық түп-тамырымен жою жөніндегі идеясын жақтаушылардың қатарына мыналар жатады: «Ұлыбританияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумы», «Transparency International», «Кедейшілікке қарсы инженерлер», «Ғаламдық инфрақұрылымдық сыбайлас жемқорлыққа қарсы орталық» және басқалар. Ұлыбританияда превентивті шаралар арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүзеге асыратын екі негізгі мемлекеттік ведомство бар: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство және Ұлыбританияның жария саласының стандарттары бойынша комитет [10].
Жоғарыда аталған екі құрылымдық элемент Ұлыбританияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі субъектілері болып табылады. Оларға тән ерекшелік – бизнес-қоғамдастыққа бағдарлану болып табылады. Ұлыбританияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін жауапты құрылымдары өз жұмысында превентивтілік қағидаттарын басшылыққа алады. Жария тұлғалар мен мемлекеттік қызметшілердің этикасын дамытуға, сондай-ақ оларды оқытуға екпін беру өте маңызды, себебі этикалық стандарттар мен нормаларға сәйкес шенеунік өзінің бағыты бойынша сыбайлас жемқорлыққа теріс қарай бастайды, кейіннен жоғары мінез-құлық стандарттарының қалыптасуына әкеледі, оған мемлекеттік саланың басқа өкілдері бағыттала бастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет