Лекция тезисі тақырыбы: Сыбайлас жемқорлық ұғымы


Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қоғам



бет56/57
Дата09.10.2024
өлшемі172,51 Kb.
#147459
түріЛекция
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57
Байланысты:
Лекция тезисі та?ырыбы Сыбайлас жем?орлы? ??ымы

3. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қоғам.
2004 жылы бастау алған әкімшілік реформа Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Жарлығында анықталған қағидаттар негізінде жүзеге асырылғанын атап өткен жөн. Бұл кезеңдердің жүйелілігі мен кезектілігі; болжамды шешімдердің жүйелілігі мен реформалау бойынша қойылған міндеттердің кешенділігі; транспаренттілік; қабылданатын шешімдер мен барлық қатыстырылатын мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылының тиімділігіне тұрақты мониторинг.
Осы кезеңде әкімшілік реформа бойынша іс-шаралар кешені іске асырылуына қарамастан, мемлекеттік басқару жүйесінде мынандай шешілмеген мәселелер қалды: сыбайлас жемқорлықтың болуы, ашықтық және айқындықтың болмауы, мемлекеттік органдар қызметінде қайталанудың болуы және және т.б. Сәйкесінше, реформаларды іске асыру тиімділігі мемлекеттік органдар жұмысының сапасына байланысты болатындықтан, мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту бойынша жұмыстарды жалғастыру міндеті тұрды. Мемлекеттік қызметке аса талантты мамандарды тарту үшін жағдай жасау, мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу жүйесін жетілдіру, түпкі нәтижеге бағдарланған, мемлекеттік менеджменттің оңтайлы әдістерін енгізу ерекше мәнге ие болды. Осы міндеттерді шешу сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуі тиіс болды. Осы кезеңде функционалдық талдау негізінде мемлекеттік басқару құрылымдарын оңтайландыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру, мемлекеттік органдардың қызметін рейтингтік бағалауды енгізу жұмыстары жалғасты. Жыл сайын мемлекеттік басқаруды реформалаудың жаңа басымдықтары анықталып отырды.
Ол қоғамдық өмірдің кез келген саласында мемлекеттік саясаттың өзгеруіне, дамудың жаңа мақсаттары мен міндеттерінді ілгерілетуге байланысты болды. Қазақстан үшін дамудың жаңа кезеңінде шешілетін міндеттердің күрделілігі мемлекеттік басқаруға қатысты өзге тәсілдерді қолдануды талап етті. Сондықтан, жаңа стратегиялық бағыттың басты мақсаттарының бірі мемлекеттілікті нығайту және қазақстандық демократияны дамыту болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «мемлекеттік басқарудың жаңа түрін қалыптастыру. Ол қоғамға қызмет ету мен мемлекеттілікті нығайтудың жаңа міндеттеріне сай болуы тиіс» міндеті қойылды. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін негізгі міндеттер айқындалды, оларды табысты іске асыру көп жағдайда мемлекеттік басқарудың ұтымдылығы нәтижелілігіне, әрбір мемлекеттік орган мен мемлекеттік қызметшінің қызметіне байланысты.
Бірінші кезектегі міндет, әкімшілік реформаның алдыңғы кезеңдеріндегідей, мемлекеттік қызметті одан әрі жетілдіру, кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастыру, жетілдірілген іріктеу рәсімдері мен кәсіби даярлықты енгізу арқылы штат, мемлекеттік қызметтің кадрлық құрамын жақсарту болды. Халыққа мемлекеттік қызмет көрсетуді тез әрі тиімді жүргізу, бизнес-қоғамдастықпен өзара іс-қимылдың жаңа жүйесін қалыптастыру үшін мемлекеттік аппаратқа қойылатын талаптар күшейе түсті. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін реформалау жалпы алғанда мемлекеттік аппараттың тиімділігін қамтамасыз ету үшін жүргізілген, жүргізіліп жатқан және жүргізілетін болатын мемлекеттік басқару жүйесін реформалаумен тығыз байланысты. Мемлекеттік қызмет саяси институт ретінде мемлекеттің маңызды негізі болып табылады. Мемлекеттік қызметсіз кез келген мемлекет бола алмайды. Сондықтан, қоғамның саяси институты ретінде пайда болысымен барлық мемлекеттер өз мемлекеттік қызметін қалыптастыруды бастайды. Қазақстан Республикасы да тәуелсіздігін алғаннан сәттен бастап өз мемлекеттік қызметін белсенді құра бастады. Мемлекет құрылысының бастапқы кезеңінде мемлекеттік қызметтің негізін бұрынғы партиялықкеңестік мемлекеттік аппарат атқарды. Әрине, тәуелсіздік жағдайында егемен мемлекеттің жаңа болмысына сәйкес бұл аппараттың түрі өзгертілді, сонымен қатар өзінің қазақстандық мемлекеттік қызметін құру бойынша жұмыстар жүргізілді. Мемлекет пен қоғам өмірінде мемлекеттік қызметтің қажеттілігі мен маңыздылығы аталған институтты конституцияландыруға негіз болды.
1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабы 4-тармағында, азаматтардың мемлекеттік қызметке кіруге тең құқығы бекітілген. Бұл тармақ, атап айтқанда, мемлекеттік қызмет қалыптастырудың маңыздылығын – аталған институттың ерекше қызметін сипаттайды. Осы нормаға сәйкес, мемлекеттiк қызметшi лауазымына кандидатқа қойылатын талаптар тек лауазымдық мiндеттердiң сипатына негізделген. Мемлекеттік қызметті ұйымдастырудың осы және басқа да мәселелері, талаптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгiленген. Осындай талаптардың бірі мемлекеттік қызметшілердің адал болуы. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының практикасы мен барлық мемлекеттік саясаты бүгінгі күні аталған талаптарды іске асыруға бағытталған, олай болмаған жағдайда адалдықтың болмауы нәтижесінде сыбайлас жемқорлық көбейіп, ұлттық қауіпсіздікке қауіп төне бастайды. Әрине, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттің негізгі функцияларының бірі болып табылады, 1999 жылдың 23 шілдесінен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінің құрылуының саясиайқындаушы кезеңінен бастап жүзеге асырылды, оның құқықтық базасы және жеке уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі құрылды. Мемлекеттік қызметтің қазақстандық жеке моделін құру бойынша белсенді жұмыс атқарылумен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тетіктерін қалыптастыру бойынша жұмыстар да жүргізілді. Жұмыстың жүйелік сипатын қамтамасыз ету үшін, бірқатар нормативтікқұқықтық және ұйымдастырушылық-практикалық іс-шаралар қабылданды, атап айтқанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесін жетілдіру және оның алдын алуға бағытталған, Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай бірнеше Жарлықтары шықты: - 2000 жылғы 20 сәуірдегі № 377 «Қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы»; - 2002 жылғы 2 сәуірдегі № 839 «Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы»; - 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 1550 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметiндегi тәртiп пен реттiліктi нығайту жөнiндегі шаралар туралы» және басқалар. Осы және өзге де нормативтік құқықтық актілерге негізделген шаралар сол уақытта кең ауқымды сипатқа ие болған (өкінішке орай, осы күнге дейін жойылмаса) сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге бағытталды.
Сондықтан, жоғарыда атап өткен нормативтік құқықтық акті бойынша құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия Елбасының жанындағы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этика қағидаларын бұзуына қарсы күресті күшейтуге, мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілік деңгейін арттыруға бағытталған, консультативтік-кеңестік орган болып табылады.
Бұл консультативтік-кеңестік орган сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері бойынша уәкiлеттi адамдарға тәртіптік жаза қолдану, қызметтік тергеу жүргізу тралы ұсынымдар дайындауға құқығы бар. Жергілікті деңгейде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес органы – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің тәртіптік кеңестері болып табылады, ол Қазақстан Республикасы Президентінің жоғарыда аталған Жарлығына сәйкес, 2005 жылы мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар қызметіндегі тәртіп пен реттілікті нығайту үшін құрылды. Бұл органдар өз қызметтін жүзеге асыру кезінде жариялылық, жүйелілік және өз қызметінің профилактикалық бағыттылық қағидаттарын, жұртшылық өкілдерін және бұқаралық ақпарат құралдарын жұмыс отырыстарын дайындауға және өткізуге кеңінен тартуды басшылыққа алады. Бұдан әрі мемлекеттік қызметті реформалау мәселесі Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Парламенті палаталарының пленарлық отырысында «Мемлекеттік басқаруды корпоративтік басқару, транспаренттілік және қоғам алдындағы есептілік қағидаттары негізінде жаңғырту» туралы бағдарламалық баяндамасында белгіленді. Баяндамада айтылған әкімшілік реформаның басым бағыттарының бірі ретінде сыбайлас жемқорлық деңгейін азайту және мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыр және нығайту секілді бағыттар ерекше атап көрсетілді. Мемлекеттік басқару жүйесінде ауқымды өзгерістер, меритократия, адалдық және тиімділік қағидаттарына негізделген мемлекеттік қызметтің жаңа моделін қалыптастыру міндетін жүзеге асыру басталды.
Бұл қағидаттарды 2008 жылдың 17 маусымында Қазақстан Республикасының Президенті халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда жариялады. 2011 жылғы 21 шілдеде Қазақстан Республикасы Президентінің № 119 Жарлығымен, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі жаңа моделінің тұжырымдамасы бекітілді. Бұл тұжырымдаманы толық жүзеге асыру үшін 2012 жылы желтоқсанда «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына түзетулер мен толықтырулар енгізілді, ол 2013 жылғы 26 наурыздан бастап күшіне енді. Реформалау шеңберінде құрылған мемлекеттік қызметтің жаңа моделі мемлекеттік қызметті ұйымдастыруға қатысты жаңа тәсілдерді талап етті. Осыған байланысты мемлекеттік қызмет туралы қолданыстағы заңнамаға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Мемлекеттік қызметтің жаңа институттары құрылды және мемлекеттік қызметке дарынды жастарды тарту үшін жаңа тетіктер енгізілді. Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет тиімділігін қамтамасыз ететін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы компонент күшейтілді. Сонымен бірге жаңа моделді қалыптастыру бойынша практикалық шаралар Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы наурыздағы жарлықтарында регламенттелді. Осылайша, 2013 жылдың наурызында мемлекеттік қызметті реформалаудың күшті саяси және құқықтық базасы құрылған болатын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет