Лекция тезисі тақырыбы: Сыбайлас жемқорлық ұғымы


Отбасының қазақстандық патриотизмді тәрбиелеудегі әлеуметтік жауапкершілігі



бет19/57
Дата09.10.2024
өлшемі172,51 Kb.
#147459
түріЛекция
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   57
Байланысты:
Лекция тезисі та?ырыбы Сыбайлас жем?орлы? ??ымы

3. Отбасының қазақстандық патриотизмді тәрбиелеудегі әлеуметтік жауапкершілігі.
Әдемі, алаңсыз өмір, рахат пен ләззат, жасампаздық еңбекке белсенді түрде қатыспай-ақ ырду-дырду өмірді көрсету қоғамның псевдоидеалдарын жасайды. БАҚ «гламур» құндылықтарын тарата отырып, тұтынушылық психологиясын қалыптастыру көзіне айналуда. Бұл туралы Н.А. Назарбаев өзінің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына жиырма қадам» атты мақаласында былай деп жазды: «Тұтынудың бұл идеологиясы бүлдіруші болғанына бүгін бүкіл әлем ерекше көз жеткізіп отыр. Ол әлемнің дамыған елдерінде жаппай әлеуметтік масылдық туындатты және жаһандық дағдарыстың басты себептерінің бірі болып табылады».
– Егер ұлттық мәдениеттің мысалын алсақ, отбасында балаларды еңбекке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу дәстүрі әрқашан да болған. Сондықтан отбасында ұлттық тәрбиенің негізі, адамгершілік пен ісәрекеттің өзегі ретінде адал еңбек басым болуы тиіс. Сонда ғана отбасы деңгейінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тосқауыл қоя аламыз. Бұл тосқауыл осы мәселені заңдық реттеуге қарағанда мықтылау, тиімдірек.
– Жоғарыда айтылғандарға орай мынадай қорытынды шығаруға болады:
– өскелең ұрпақты тәрбиелеуде отбасының адамгершілік жауаптылығын арттыру қажет;
– отбасында борыш, адалдық, ар-намыс, әділдік талаптарына сәйкес келетін тұлғаның мінез-құлқының адамгершілік реттеуіштерін күшейту қажет;
– адамды адамгершілік, әділдік пен ар-ождан рухында тәрбиелеу тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің негізі ретінде қоғам мен мемлекеттің тарапынан сұранысқа ие болуы тиіс.


Пікірталас үшін сұрақтар
1. Отбасылық салт-дәстүрлер, мәдениет тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртібін қалыптастыруға бағытталған ба?
2. Отбасылық тәрбие, дәстүрлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда қандай орын алады?
3. Қазіргі отбасы не себепті қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қатыспайды?
4. Отбасы тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеуге қатысуы үшін не істеуі қажет?


Әдебиет
1. Назарбаев Н. Ә. Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам // Егемен Қазақстан. – 2012. – 10 шілде.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет