3. Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық бақылаудың негізгі қағидаттары, кезеңдері мен тетіктері. Сыбайлас жемқорлықты тиімді болдырмауды қамтамасыз ету үшін азаматтық қоғам институттарын (үкіметтік емес ұйымдарды – ҮЕҰ) дамыту және сол арқылы олардың мемлекеттік органдарға әсер етуін күшейту қажет. Қоғамдық ұйымдар мемлекеттік органдардың қызметін анағұрлым ашық, айқын ететін заңдарға өзгеріс енгізе алар еді, мемлекеттік басқарудың көптеген процестерінде қоғамдық, оның ішінде заң шығару процесіне, бюджеттік және сайлау процестеріне қатысуды болжай алар еді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау үшін шешімді мәселелер сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға және азаматтық құралымдарды дамытуға, осы процеске ҮЕҰ және барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар өкілдерін тартуға ие болады.
Қоғамдық бақылау кезеңдері:
1. Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымдық тұлғаларының шешімдері мен әрекеттерін жүйелік мониторингілеу. Оны жүзеге асыру үшін бәрінен бұрын, осындай органдар мен адамдар қызметі туралы жеткілікті толық және дұрыс ақпараттың, яғни барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың шешімдері мен әрекеттерінің азаматтар үшін айқындылығы мен ашықтығының болуы қажет.
2. Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымдық тұлғаларының шешімдері мен әрекеттерін қоғамдық сараптама. Қоғамдық бақылаудың осы кезеңін іске асырудың мәні мемлекеттік органдар қабылдаған актілер мен құжаттардың талдауын жасауда болады. Қоғамдық сараптама қоғамдық бақылаудың анағұрлым ресурсты қажет ететін кезеңі болып табылады – оны өткізу адами сонымен қатар қаржылық, материалдық ресурстарды тарту мен пайдалануды талап етеді.
3. Қоғамдық сараптаманың нәтижелерін мемлекет пен қоғамға жариялы түрде ұсыну, сондай-ақ қоғам мен мемлекеттік орган арасында мүдделер теңгерімін қамтамасыз ету.
Қоғамдық бақылау жүйесінің жұмыс істеуі мынадай міндетті шарттар болғанда мүмкін болады: – қоғамдық бірлестіктің еріктілігі; – ақпаратқа қол жетімділік; – тәуелсіз БАҚ; – мемлекеттік органдардың демократиялылығы мен ашықтығы. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда үш қағидатты іске асыру маңызды болып табылады: бақылау, есепке алу және ашықтық. Ашықтық пен жариялылық заңнамалық деңгейде қоғамдық бақылаудың көмегімен мүмкін болады. Ол құқықтық базаға, жағдайға нәтижелі әсер ету үшін құқықтық базаға ие болады. Қоғамдық бақылау сыбайлас жемқорлық қатынастардың туындауына ықпал ететін жағдайларды жою мен мүмкіндіктерді болдырмау, сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтау және жолын кесу мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ету құралы ретінде азаматтар мен олардың автономды бірлестіктері жүзеге асыратын әрекеттердің ілеспелігін қамтиды. Қоғамдық бақылау жүйесі әрекеттерінің нәтижелері: сыбайлас жемқорлықты төмендету, азаматтардың мемлекеттік органдарға сенімін арттыру, мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есептілігін арттыру, қоғамдық және мемлекеттік құрылымдардың әлеуметтік-экономикалық проблемаларды бірлесіп шешуі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық бақылаудың тиімдігі: – азаматтық қоғам институттары өкілдерінің кәсіби даярлығы мен адалдығы деңгейіне; – мемлекеттік органдар мен жергілікті басқару органдарының қызметі туралы ақпараттың қол жетімділігін шын мәнісінде қамтамасыз етуге. Яғни, мемлекеттік органдар ұсынатын ақпарат қаншалықты толық және дұрыс болып табылады;– мемлекеттік органдардың азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарламасын қамтитын өтініштерін қарау бойынша қызметінің тиімділігіне тәуелді болады. Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау саласындағы қоғамдық бақылау жүйесінің қалыптасуы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының қазіргі заманғы кезеңінде сыбайлас жемқорлықты ауыздықтау елдің экономикалық және саяси дамуының маңызды стартегиялық бағыттарының бірі болып табылады. Республиканың қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету жеке кәсіпкерлікті дамытуға бөгет болатын, табиғи ресурстарды талан-тараж етуге әкелетін, ұлттық экономикаға тиімсіз инвестицияларды жүзеге асыратын және т.с.с. сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетусіз мүмкін емес. Осылайша, Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен тиімді күресу үшін қоғамдық, саяси және экономикалық салалардағы барлық стратегиялық міндеттерді шешу қажет. Қоғамның қолдауынсыз сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар тек қана жартылай әсер береді. Сондықтанда сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың маңызды бағыты тиімді қоғамдық бақылау болып табылады. Тәжірибе көрсеткендей, азаматтардың қоғамдық-саяси белсенділігінің төмендігіне қарамастан Қазақстанда қоғамдық бақылау жүйесінің қалыптасуы басталды.
Қазақстанда қоғамдық бақылау жүйесін қалыптастыру процесінің маңызды кезеңдері «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (1998 ж.), «Мемлекеттік қызмет туралы» (1999 ж.), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (2015 ж.), «Қоғамдық бақылау туралы» (2015 ж.) заңдарды қабылдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі арнайы мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін құру болды. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган, сондай-ақ оның аумақтық департаменттері қоғаммен өзара іс-қимыл жасасу, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын; азаматтардың өтініштерін қарау сапасын іс жүзінде бақылау бойынша жұмысты бастады. Осының арқасында Қазақстанда мемлекеттік аппарат жұмысының, мемлекеттік қызметтер көрсетудің тиімділігі мен айқындылығы артып келеді, бизнеске әкімшілік жүктеме төмендеуде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама жетілдірілуде. Азаматтарға сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлау мүмкіндігін беру үшін әртүрлі нысандағы интернет-қабылдаулар, ресми сайттарда тиісті бөлімдер, шұғыл желілер, сенім телефондары ұйымдастырылған.