Лекция тезисі тақырыбы: Сыбайлас жемқорлық ұғымы


Сыбайлас жемқорлық қылмыстарды туындататын себептер мен жағдайларды жою бойынша мемлекеттік органдардың қызметі



бет40/57
Дата09.10.2024
өлшемі172,51 Kb.
#147459
түріЛекция
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   57
Байланысты:
Лекция тезисі та?ырыбы Сыбайлас жем?орлы? ??ымы

1. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарды туындататын себептер мен жағдайларды жою бойынша мемлекеттік органдардың қызметі.
Конституция – еліміздің Негізгі заңы.
Қазақстан халқы 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдум арқылы ел егемендігінің қалыптасу негізін, қоғам мен мемлекеттің құқықтық жүйесін айқындайтын қолданыстағы Конституцияны қабылдады. Өткен жылдарға назар аударсақ, барлық уақытта Конституцияның нормаларын орындау мақсатында адам мен азаматтың құқықтары мен бостандығын жүйелі әлі тұрақты түрде қорғау, сондай-ақ халықаралық қатынастарда ұлттық мемлекеттілік пен тәуелсіздікті нығайту процестері жүзге асырылып келді. Бұл ретте, ең алдымен, Конституцияның ішкі логикасы негізге алынды. Онда Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырып, ең маңызды негіз ретінде адам мен азаматтың құқықтары мен мүдделерін толыққанды қорғау және сонымен бірге саяси билік нормаларының көмегі арқылы ықтимал қиянат жасау мен сыбайлас жемқорлықты шектеуге ұмтылу міндеттері белгіленді.
Бұл жөнінде еліміздің Конституциясы бойынша ең маңызды негіз ретінде оның 12-бабы 2) тармақшасының нормалары қолданылады, онда «Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады» деп анық жазылған. Әрине, 20 жылдан аса уақыт бойына Негізгі заңның мәртебесін көтеру, жоғары заңдық күші бар және республика аумағында тікелей әрекет ететін нормативтік құқықтық акт ретінде іске асыру және оның барлық құқықтық жүйесі мен қолданыстағы құқықтарының негіздерін қамтамасыз ету ғылыми негізделген бағдарламалар мен тұжырымдамаларды әзірлеуді талап етті. Бұндай саяси-құқықтық құжаттар үшін біздің қоғам өмірінің заң саласын кешендік бағалау негізге алынып, конституциялық нормалар мен ережелерді құқық жүйесіне, заң практикасына, еліміздің егемендігінің объективті әлеуметтік-экономикалық, саяси, ұлттық, діни, мәдени және тарихи факторларын ескере отырып, үстемдік етіп отырған құқықтық идеологияға енгізу жолдары ұсынылды, қоғам, мемлекет және құқықтың өзара қарым-қатынасын құқықтық реттеудің тиімділігін қамтамасыз етті. Ең алдымен, Конституцияны еліміздегі Негізгі заң ретінде қарастыру керек. Бұл конституциялық құрылысты, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бекітетін, республиканың жоғары мемлекеттік билік органдарын тағайындайтын негізгі құрылтайшы саяси-құқықтық акт болып табылады. Негізгі заңымыздың негізінде біздің барлық саяси және құқықтық жүйеміз құрылды, сондай-ақ үш негізгі тірек: саясат, құқық және экономика арасындағы белгілі бір теңгерімге қол жеткізілді. Оған екі рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді және олар жоғары дәрежеде алға жылжу мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталуымен ерекшеленеді. Мысалы, 1998 жылғы қазанда Қазақстан Республикасының Конституциясына алқабилердің қатысуымен сот ісін жүргізу туралы норма енгізілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет