Байланысты: Лекция тезисі та ырыбы Сыбайлас жем орлы ымы
2. Қазақстанның саяси партияларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру саласындағы қызметі. 2014 жылы «Нұр Отан» партиясының жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестер мәслихаттардағы депутаттық фракциялармен, прокуратура, қаржы полициясы органдарымен, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаменттерімен және басқа да мемлекеттер органдармен бірлесіп халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыруға, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, әлеуметтік маңызды мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуына қоғамдық бақылауды дамытуға бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы іс-шараларды іске асырды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңестер мен партиялық бақылау комиссияларының отырыстарында мемлекеттік органдардың жұмысы туралы БАҚ-та жарияланған сыни материалдар, мемлекеттік органдардың мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жұмысын ұйымдастыру, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау тағы басқа да салаларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қарастырылады. Жалпы алғанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестер мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы қатынасты байланыстыратын пәрменді құрал болды, олардың жұмысы бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен көрсетіледі. Қоғамдық кеңестердің жұмысының арқасында мемлекеттік органдардың қызметі қоғам өкілдері үшін ашық, қол жетімді бола түсті. Жастар арасында нысаналы жұмыс жүргізілуде. Патриоттық тәрбие және облыстық бағдарламаларды іске асыру мақсатында жұмысқа ҮЕҰ жастары тартылады. Жыл сайын көктемде «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» Жастар қанаты ұйымының қамқорлығымен еліміздің жоғары оқу орындарында студенттік жастар мен «Студент ЖОО-дағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы» жастар ұйымдарының арасында акция өткізіледі. Бұл акция барысында жоғары оқу орындарында сенім жәшігі орнатылып, Қазақстан студенттері Альянсы республикалық штабының сенім телефондарының нөмірлері басылады, студенттер арасында жоғары оқу орындарындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығының алдын алу бойынша парақшалар, плакаттар, стикерлер таратылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және халыққа сыбайлас жемқорлықтың қоғам мен мемлекет дамуына келеңсіз әсерін түсіндіру жөніндегі ақпараттық-насихаттық іс-шаралар кешені өткізіледі. «Жас Отан» ЖҚ кеңесінің белсенділері «Қарсы» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық жастар қозғалысын құрды, оның мақсаты әлеуметтік әрекеттің алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес болып табылады. «Қарсы» ЖҚ өткізетін іс-шаралар («Парасыз студенттік сессия», «Жастар сыбайлас жемқорлықты жояды» және т.б.) қазақстандық қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын қалыптастырады.