Лекция тезистері №1 Лекция тақырыбы: Стилистиканың ғылым және пән ретінде қалыптасуы


Сөйлеу актісіне бейне қимылы, интонация, ым қолданылады



бет14/21
Дата04.11.2023
өлшемі410 Kb.
#121985
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21
Байланысты:
СТИЛИСТИКА ЛЕКЦИЯ ОРИГИНАЛ

Сөйлеу актісіне бейне қимылы, интонация, ым қолданылады. Мысалы:
Пұлыш (қабағын тыржитып). Сол мені де айналдыратын болыпты.
Мамық (қолын сілтеп). Сұрама келін, байыңнан түңілесің. Құдай басқа бермесін де. «Салхоз» болатындардың көретіндері сол ғой! (тыржия түседі).
Сөйлеу тілінде ой автоматты түрде дайындықсыз айтылады. Мысалы, Сіз шай ішесіз бе, кофе ішесіз бе? – деудің орнына ауызекі тілде: Шай, кофе дей саламыз.
Сөйлеу тілінде қазақ сөзіне орысша қосымшаны қосып айтады. Жазушының ондағы мақсаты – кейіпкердің тілді нашар білетіндіктерін көрсету: Біз көтерілісте боламыз деп келдік. Қару әкеп тапсырамыз деп келгеніміз жоқ. Ондай сенің малайкаң жоқ дегенде малай деген қазақ сөзіне -ка деген орыс тіліндегі қосымшаны қосып, өзгеше жаңа сөз жасаған.
Сөйлеу стилінде кейбір жағымды мағына сөз жағымсыз мағынада беріледі. Осындай көп ерекшеліктерімен қатар басты үш ерекшеліктерін атауға болады:
І. Лексикалық ерекшеліктер
1. Ауызекі сөйлеу тілі лексикасында күнделікті тұрмыста қолданылып жүрген сөздер жиі ұшырайды. Бұл – сөйлеу стиліне әдеттегідей, күнделікті тұрмыстық сипат береді, тілдің халықтығын да танытады.
2. Ауызекі сөйлеу тілістилінде күнделікті тұрмыста қолданылатын қарапайым сөздер жиі ұшырасады.
3. Кейде ауызекі тілі стилінде тұрпайы сөздер де кездеседі.
4. Сөйлеу тілі стилінде диалектизмдер де кездеседі.
5. Ауызекі сөйлеу стилінде әдеби кейіпкердің сөйлеу ерекшелігі мен мінезін таныту үшін, ол өмір сүрген ортадағы жергілікті сөздерді жазушылар стильдік мақсатта пайдаланады.
6. Ауызекі сөйлеу тілі стилінде кәсіби сөздер көбірек қолданылады.
7. Сөйлеу тілінде эмоциональдық қасиет күшті болғандықтан, ауыспалы мағынада келтірілген бейнелі сөздер көбірек пайдаланады.
8. Сөйлеу тілі стилінде фразеологизмдер көбірек қолданылады.
ІІ. Морфологиялық ерекшеліктер
1. Ауызекі сөйлеу стилінде қыстырма, қаратпа, одағай сөздер жиі қолданылады.
2.Ауызекі тілде сын есімнің шырай жұрнақтары үстемеленіп жалғануы жиі ұшырасады. Мысалы: үлкеніректеу.
3. Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы құрамында келген соң шылауы кейде қысқартылып айтылады. Мысалы: Барған соң – барғасын.
ІІІ. Синтаксистік ерекшеліктер
Ауызекі сөйлеу стилінде сұраулы және лепті сөйлемдер көп қатысады. Диалогқа құрылған сөйлемдерде ой тұжырымды, әрі әсерлі болу үшін толымсыз және жалаң сөйлемдер жиі қолданылады. Сөз қайталау тәсілі кездеседі. Ауызекі сөйлеу тілінде көсемшенің -ып, -іп, -п формасы арқылы құрмалас сөйлем жасаудың да жазба тілге қарағанда өзіндік ерекшелігі бар.
Сонымен қатар, сөйлеу стилінің лексико-фразеологиялық, грамматикалық және фонетикалық ерекшеліктері айрықша зерттеуді қажет ететін тың мәселелер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет