Лекция тезистері №1 Лекция тақырыбы: Стилистиканың ғылым және пән ретінде қалыптасуы



бет18/21
Дата04.11.2023
өлшемі410 Kb.
#121985
түріЛекция
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
СТИЛИСТИКА ЛЕКЦИЯ ОРИГИНАЛ

4. Қысқаша теориялық мәлімет:
Функционалдық стильдің бір түрі-ғылыми стиль. Ғылыми стильге ғылымның әр саласына қатысты жазылған ғылыми еңбектер кіреді. Белгілі бір ғылыми еңбектің зерттеу нысаны болған зат немесе құбылысы ғылыми негізделіп, сипаттауды, ойлау арқылы жүзеге асады. Дұрыс ойлап, пікір дұрыстығын дәлелдеу, логикаға (қисынға) тікелей байланысты. Логикалық жүйелі ой қорытындысы-ғылыми стиль мәтіндерінің басты ерекшелігі. Ғылыми еңбек сол ғылым саласының белгілі бір заңдарына, қағидаларына бағынады, оған негізделген ой қорытындысы нақты, жүйелі,әрі қисынды болады.
Жазба стильдің басқа түрлері сияқты ғылыми стильде жалпыхалықтық әдеби тілде жазылады. Бірақ тілдік тәсілдерді пайдалануда өзіндік ерекшеліктері бар.
Ғылыми стиль өз ішінде шағын стильдерге бөлінеді. Бұл мәселе орыс тіл білімінде былай қарастырылады: «К научному стилю можно отнести следующие типы текстов:
1. Академические(собственно-научные) тексты представленные следующими жанрами: монография, статья, тезисы, диссертация, научно-технические отчеты, доклады,научные собщения выступление.
2.Информационо-реферативные(жанры, реферат, аннотация).
3.Справочно-инциклопедические(жанры, словарь, справочник и т.д).
4.Научно-оценочние жанры (рецензия, отзыв, экспертное заключение, полемическое выступление).
5.Научно-учебные жанры (учебник,учебное пособие, лекция).
6.Научно-инструктивные(инструкция, руководство, памятка, рекомендатцие).
7.Научно-деловые жанры (патент, авторское свидетельство, описание, изобретение, заявка, акт, постанавление, решение, отчет)».
Ал қазақ тілінде ғылыми стиль шартты түрде былай: таза ғылыми шағын стиль, ғылыми-оқулық шағын стиль, ғылыми-көпшілік шағын стиль.
Ғылыми стильдің лексикалық белгілері:
- лексикалық құрамы кітаби-жазба стиль негізінде қалыптасады;
- сөз тікелей нақты өз мағынасында қолданылады;
-сөздің көп мағыналылығы, образды сөздер аз кездеседі;
-ғылым саласының ерекшелігіне байланысты термин сөздер, интернациональдық терминдер мол қолданылады;
-нақты зат есімдер жалпылама мағынада қолданылады;
-күрделі сөздер, қысқарған сөздер және символ-белгілер кездеседі;
-неологизм сөздер жиі кездеседі.
Ғылыми стильдің синтаксистік белгілері:
- күрделі ой логикалық жүйелі баяндалады;
-ой анықтама, формула, дәлелдемеге негізделеді;
-ғылым саласының өзгешілігіне байланысты баяндау тәсілі де әр түрлі болады.
Ғылыми стильдің мазмұны мен мағынасы, жазылу үлгісі, құрылымы әртүрлі ғылыми еңбектер қарастырылады. Олар: ғылыми-оқулық әдебиеттер, ғылыми-техникалық ақпаратты әдебиеттер, өндірістік-техникалық әдебиеттер, монографиялар т.б. Сондай-ақ ғылыми стильдің шағын жанрларын да шартты түрде былай жіктеуге болады: мақала, баяндама, конспект, пікір, дәріс, реферат т.б. Ғылыми стильге тән қасиет-нақтылық, обьективтік және қисындылық.
Терминдер-ғылым мен техниканың, өнер мен саясаттың белгілі бір саласында қолданылатын нақты бір ұғымның атау білдіретін сөз немесе сөз тіркесі. Қазіргі кезде нақты ғылым саласының іштей саралануына байланысты терминдер салалық, сала аралық және жалпы ғылыми болып қарастырылады.
салалық терминдер белгілі бір ғылым саласының іштей сараланған түрінің бірінде ғана қолданылады;
сала аралық терминдер-белгілі бір ғылым саласының сараланған ішкі түрлерінің бәріне ортақ терминдер;
жалпы ғылыми терминдер-көптеген ғылым салаларына ортақ терминдер. Заттың, құбылыстың, ұғымның атауын білдіретін терминдер жеке сөздердің бірігуі және тіркесуі арқылы жасалып, қолданылады.
Терминдерді нақты ғылым саласында қолданылуына қарай шартты түрде жаратылыстану ғылымдарының термині, техникалық терминдер, гуманитарлық ғылымдар термині, саяси-әлеуметтік терминдер және ғылыми-көпшілік терминдер деп бөлуге болады.
Ақпаратты жеткізудің бірнеше жолы бар. Олар: баяндау, хабарлау, сипаттау, пайымдау.
Баяндауда оқиғаның іс-әрекеттің жайы, оның дамуын, оқиғаның ары қарай өрбуі туралы айтылады. Басты белгісі оқиға, іс-әрекеттің даму, өрбу, шегіне жету қарқынын қадағалау болады. Хабарлаудың мақсаты-неғұрлым жаңа оқиға, іс-әрекет, жағдай туралы нақты фактілер негізінде уақыты мен оқиға болған жерге шынайы сілтеме жасай отырып ақпарат беру.
Пайымдау-автордың құбылыс, процесс, ғылыми түсінік, белгілі бір ғылым саласындағы заңдылықтар мен категорияларды ой елегінен өткізіп, тұжырым жасауы, жаңа қорытындыға келу.
Ғылыми мәселеге байланысты пайда болған жаңа ойды негіздеу, қорыту. Әрбір ғылыми мәтін пайымдау мен сипаттаудан түрады, кейде бір мәтінде екеуі кезектесіп келуі де мүмкін.
Ғылыми стильде деректі зат есімдер қолданылады. Зат есімдер құрамына қарай жалаң және қүрделі болып бөлінеді. Жалаң зат есімдер бір ғана сөзден түрса мысалы бейімделу (адаптация), белдеу (ярус) т.б, күрделі зат есімдер біріккен, тіркескен зат есімдерден тұрады.
Зат пен құбылыстың әр түрлі белгілері мен қасиеттерін сипатау арқылы беруге болады. Сипаттау үшін ғылыми стильде сын есімдер мен қолданылады. Себебі, күрделі терминдер қатыстың сын есімдер арқылы жасалады. Мысалы орманды дала т.б. Күрделі термин жасауда жиі қолданылатын ең өнімді жұрнақтар: -лы, -лі; -ды, -ді; -ты, -ті; -лық, -лік; -дық, -дік ; -тың, -тін;
Сын есім ғылыми стильде заттың, құбылыстың белгілерін, қасиеттерін білдіріп, анықтауыш болды.
Заттың қасиеттін, белгілерін салыстыра сипаттау сын есімнің шырай формасы (-рақ, -рек, -ірақ, -ірек; -лау, -леу; -тау, -теу; -дау, -деу;) арқылы жүзеге асады.
Ғылыми мәтінде сан есімдер көбінесе анықтауыш қызметінде жұмсалады, цифр арқылы жазылатын саннан кейін ешқандай белгі қойылмайды.
Мысалы: 15 студент, 5 адам, 30 кітап.
Реттік сан есімнен кейін қосымша жалғану керек болса, дефис арқылы жасалады.
Мысалы: 10 сынып, 5-қатар т.б.
Жыл, ай, күнді білдіретін сан есімдерге дефис қойылмайды.
Мысалы: 2005 жыл, 21 ақпан.
Рим цифрынан кейін ешнәрсе қойылмайды.
XXI ғасыр Студенттердің XIII конференциясы т.б.
Ғылыми мәтіндер көбінесе ауыспалы осы шақта жазылады, III жақта баяндалады.
Ғылыми мәтінде етістіктің ашық және шартты рай түрлері жиі қолданылады.
Ғылыми мәтінде ырықсыз етіс (-ыл, -іл, -л) және ортақ етіс (-ыс, -іс, -с) жиі қолданылады. Мысалы; зерттелді, жинақталды, табылды, ғылыми негізделді, ғылыми дәлелді түсіндірілді т.б.
Ғылыми стильдің жанрлары.
Ғылыми мәтіндегі мәліметтердің берілу жүйесі мен оның ішкі бөліктерінің орналасу ретін, ерекшеліктерін білу ғылыми мәтін мен жұмыс істеуді жеңілдетеді. Яғни ізденуші реферат, түсініктеме, конспект немесе аудармамен айналысып жұмыс жасағанда уақыт үнемдей отырып, қажетті материалды тез, дәл таба алады. Ғылыми мәтіннің құрылымы ішкі және сыртқы элементтерден тұрады. Ғылыми мәтіннің ішкі құрылымы элементтеріне-экскурс, тақырыптық шегініс, авторлық бағалау жатса, сыртқы құрылымы элементтеріне-атау, түйін, кіріспе, бап, тарау, қорытынды жатады. Мәтіннің құрылымы-мәлімет беру мақсатында өзара күрделі байланысқа түскен тілдік элементтердің жиынтығы.
Экскурс-сөз болып отырғын ғылыми саласына байланысты, жанама мәселелерден хабардар ету, соған шолу жасау. Тақырыпқа жанама мәселелер реттінде мәселенің тарихы, жалпы қоғамдық , әлеуметтік, саяси, қаржыландыру мәселелері өарастырылады. Экскурс таза ғылыми мәтіндерден гөрі жалпы жұртшылыққа арналған ғылыми-көпшілік мәтіндерде кездеседі. Себебі таза ғылыми мәтіндер көп сөзділіктен гөрі нақты тұжырымдарға негізделуі тиіс.
Тақырыптық шегініс-қаралып отырған мәселелермен тығыз байланысты, бірақ нақты осы еңбекте зерттеу нысаны болмай отырған мәселені қамтиды.
Авторлық бағалау-көтерілген мәселеге байланысты автордың субьективтік көзқарасы, эмоцияналды-зерделі ой толғаныстары, өзіндік ғылыми тұжырымдары.
Авторлық бағалау ғылыми-көпшілік мәтіндерде де, нақты ғылыми мәтіндерде де кездеседі. Себебі, автор қандай мәселеге байланысты болмасын өз ойын ортаға салуға құқылы.
Құрылымның сыртқы элементтері:
Аталуы-көбіне хабарлы сөйлем арқылы беріледі, алайда сұраулы сөйлем арқылы да мәтін атауын беруге болады. Мәтін атау бірнеше қызмет атқарады:
нормативті(қалыпты үлгі)
мәліметтік
жарнамалық
саралау.
Ғылыми-көпшілік мәтіндердің атауы, экспрессивтік-эмотционалды болып, көп жағдайдан, хабар беруі керек.
Түйін- оқырманның қажетті мәліметті тез тауып , уақыт үнемдеуіне мүмкіндік жасайды. Түйіннің негізінде мәтінге арқау болған негізгі ой жатады.Түйін ғылыми-көпшілік мәтінде де,таза ғылыми мәтінде де кездеседі.Ғылыми-көпшілік мәтінде зерттеудің болашағын, мақсатын, көтерілген, не қозғалған мәселенің тиімділігін, ғылым саласында алатын орнын құсқайды, зерттеудің нақты қысқаша мазмұнын баяндайды.Зерттеу әдісі мен оның нәтижесін көрсетеді.
Кіріспе – ғылыми- көпшілік мәтіндерде мәселенің таихын баяндай келіп, оқырманды сол мәселеге байланысты ,соңғы ғылыми жаңалықтармен таныстырады.Жеке ғылыми мәтіндерде зерттеудің мақсатына,зерттеу нысанына, мәселенің тарихына қысқаша шолу жасалады.
Бапта жалпы қарастыратын мәселенің бір ғана сұрағы төңірегінде сөз болады.Көтерілген мәселе туралы айтылған ой нақты, жинақы, бірізді берілуі тиіс.Әр баптың өз атауы болып, ол сонымен белгіленеді.Бап таза ғылыми-зерттеу еңбектерінде қолданылады.
Тарау-логикалық жағынан аяқталған біртұтас мәтіннің бөлігі болып табылады.Тараудың құрамына бірнеше бап кіруі мүмкін, сондықтан ол таза ғылыми-зерттеу еңбектерінде кездеседі. Тарауда көтерілген мәселе топық тұжырымдалған болуы тиіс.
Қорытынды-мәтін құрылымының соңғы бөлігі. Мұнда зерттеудің болашағы , оның ғылым саласындағы алатын орны, маңыздылығы сөз болады. Оқырман үшін қорытынды бөлім аса маңызды,себебі онда зерттеу нысаны болып алынған мәселе туралы нақты ғылыми тұжырым, ғылыми ұсыныс жасау арқылы, зерттеу нәтижесінде қорытынды жасалады. Ғылыми- ба ғалау мәтіндерін түсініктеме(аннотация),пікір(отзыв),сыни-пікір(рецензия) жатады. Бұл мәтіндердің барлығы да жазылып біткен белгілі бір ғылыми еңбекке арналып жазылады, бірақ олардың жазылу мақсаты әр түрлі. Мысалы, сын-пікір жазылып біткен, бірақ әлі жарыққа шықпаған, басылуға жолдама алған еңбекке жазылса, пікір жазылып біткен және баспадан шыққан немесе баспасөз бетінде жарияланған еңбекке жазылады. Түсініктеме басылып шығатын еңбекке арналып жазылатын қысқаша мәлімет.
Ғылыми-бағалау мәтіндерін жазу барысында мынадай библиографиялық мәліметтер міндетті түрде жазылуы тиіс: еңбектің атауы, авторы,қашан, қайдан шыққаны, қысқаша мазмұны, кімдеге арналғаны т.б.
Түсініктеме-тұпнұсқаға(кітап, оқулық, монография, мақала)жазылған қысқаша сипаттама.
Мұнда түсініктеме жазылып отырған еңбектегі негізгі тақырыптық мәселелер қамтылады.Түсініктемеде сол еңбектің мақсаты, қысқаша мазмұны, кімдерге арналғаны, ғылымның қай саласын қамтитыны көрсетіледі. Түсініктеменің оқырман үшін маңызы зор. Дұрыс, сауатты жазылған түсініктеме қажетті еңбектерді тез тауып, уақыт үнемдеуге септігін тигізеді. Түсініктеме көпшілікке түсінікті, қарапайым тілмен жазылуы тиіс.Сыни- пікір- белгілі бір еңбекке (монография, диссертация, ғылыми мақала) сыни бағытта жазылады. Сыни-пікір (рецензия) жарыққа шығатын еңбектің кемшіліктерін болдырмау мақсатында кемшін жетімсіз, қате пікір айтылған тұстары көрсетіле жазылады. Еңбекте көрсетілген мәселеге байланысты әділ сын айтылады. Мұнда зерттеу нысанының дәлдігі, зерттеу әдісі, фактілердің топтастырылуы, мәліметтердің дәлдігі мен сәйкестілігі, зерттеу нәтижелерінің маңыздылығы баса көрсетіледі. Сыни-пікір ғылыми негізде, түсінікті тілде, салалық және сала аралық терминдерді негізді қолдана отырып жазылады.
Сыни-пікір соңында автор нақты тұжырымдар негізінде ғылыми-сауатты қорытынды жасайды. Ғылыми еңбекке жазылған сыни-пікір объективті болу керек, себебі ғылым жолы аса жауапкершілікті қажет етеді. Мұның өзі ғылым саласының дағдарысына ұшырамай, тұйықталмай еркін дамуына септігін тигізеді.
Пікір әдетте аяқталған еңбекке(монография, диссертация, ғылым мақала)жолдама баға ретінде жазылады. Пікірде еңбектің жазылу мақсаты, ғылым саласында алатын орны, қолданыс қажеттілігі түсіндіре пайымдау арқылы баяндалады. Зерттеу еңбегінің нәтижесі бойынша автордың жетістігі нақты негізделіп түсіндіріледі. Қорытынды бөлімінде еңбектің кімге арналғандығы, қолдану аясы ескертіледі.
Пікір жазушы сол саланың білікті маманы болуы тиіс. Ол пікірді жазу барысында ғылым саласына байланысты терминдерді жеткізе білуі тиіс. Сөйлем шұбалаңқылығына, ой көмескілігіне жол бермей, оң бағасын берген жөн.
Ғылыми стильде белгілі бір ғылыми мәтінге(түпнұсқаға) жазылатын талдау, сипаттау мәтіндері: жоспар, тезис, конспект, пайымдау болады.
Жоспар-ғылыми мәселеде қаралатын басты мәселелердің белгілі бір тәртіппен жүйелі түрде берілуі.
Жоспар құру үшін –мәтінді мұқият оқу, оны бөліктерге бөлу, әрбір бөлікте қаралатын мәселені мазмұнына қарай атау. Қысқа, жүйелі, тұжырымды, дұрыс құрылған жоспар ғылыми еңбекті жеңіл қабылдауға негіз болады. Жоспарға қойылатын талаптар негізгі тақырыптан ауытқымауы, тақырыпты терең, берілген ойды жүйелі, түсінікті өрбіте алуы қажет. Құрылымына қарай – жай, күрделі жоспар болып бөлінеді.Жай жоспарда еңбектегі көтерілген негізгі мәселелер қарастырылады. Күрделі жоспарда негізгі мәселелермен қоса, оған қатысты қосалқы, жанама мәселелер де, қарастырылады. Осыған байланысты жоспардағы сөйлем құрылымы да әртүрлі болады.Ғылыми еңбекті жоспарлауда атаулы сөйлем, жалақ, жайылма сөйлемдер, жай және күрделі сөйлемдер қолданылады.
Тезис жоспардың негізінде жасалады. Тезисті жазбас бұрын еңбекті оқып қажетті жерін бөліп, белгілеп алу керек. Мәселені қысқа, нақты тұжырымдау үшін жоспар жасап, сол жоспарда көрсетілген мәселенің қысқаша тұжырымы беріледі. Тезис дегеніміз-ғылыми еңбектегі айтылмақ, дәлелденбек негізгі мәселені бөліп алып, қысқаша, нақты тұжырымдау.
Тезис бөліктері еңбектің құрылымын бұзбайтын өзара логикалық байланыста болу керек, бұл жүйелі болуға шашыраңқылыққа бой алдырмауға ықпал етеді.
Конспект-ақпараттың қысқартылып берілуі. Ол да жоспарға негізделіп жасалады. Жүйелі, сауатты жазылған конспект автордың «жеке еңбегі»сияқты болады.
Дәйексөз-ғылыми еңбектен сөзбе-сөз алынған үзінді. Дәйексөзді қолдану барысында оның қайдан алынғанын (еңбектің авторын, атын, алынған бетін, жылын т. б.) көрсету ғылыми еңбектің басты шарты. Мәтін ішінде дәйексөз тырнақшаға алынып жазылады.
Ғылыми пайымдау-ғылыми түсінік, ғылыми категорияларды, әр түрлі құбылыстарды ой елегінен өткізу арқылы тұжырым жасау, қорытындыға келу. Пайымдау жан-жақты білімділікті қажет ететін, аса терең ойлауды, өзіндік ой қорытуды қажет ететін ғылыми жанр түрі. Пайымдаудың құрылымы күрделі:
1.Автордың қаралатын мәселе жайлы жан-жақты түсінігі болу керек;
2.Автор сол мәселенің проблемалық жағын тани білу керек;
3.Көтерілген проблеманың тезисін жасап, соны ғылыми дәлелдей алу керек;
4.Көтерілген проблемаға байланысты ой қорытындысын жасап, ғылыми тұжырым жасау керек;
Пайымдаудың үш түрі бар: түсіндіре пайымдау, дәлелдей пайымдау, ойландыра пайымдау.

  1. Түсіндіре пайымдауда автор тезистің шындық екенін дәлелдемейді, тек оның көпшілікке белгілі мазмұнын ғана ашып көрсетеді.

  2. Дәлелдей пайымдауда автор тезистің ақиқат, шындық екенін дәлелдейді. Мәселенің мәнін түсіндіріп дәлелдейді.

  3. Ойландыра пайымдауда-өзара байланысты бірнеше пікірді қатар беру арқылы автор ойландыруды мақсат тұтады.

Сипаттау-сөйлеу тілінің функциональды-мағыналық қызмет атқаратын ерекше түрі. Ол заттардың, құбылыстардың құрамын, бөліктерін, түрлерін, олардың әртүрлі белгілеріне нұсқау арқылы сипатталатын нысанның (объектінің) бүтін көрінісін береді. Сипаттаудың бірнеше түрі бар: ғылыми сипаттау, іскерлік сипаттау және әдеби-көркемдік сипаттау.
Ғылыми сипаттау-сипатталатын заттың, құбылыстың ең маңызды, негізгі белгілерінің логикалық жүйелі, фактіге сәйкес ұғымдарының жиынтығы болып табылады.
Академиялық мәтіндерге-диссертация түрлері(магистрлік, кандидаттық, докторлық) реферат, ғылыми мақала, ғылыми баяндама т. б. жатады.
Магистрлік диссертация-магистранттың бітіру жұмысы, магистрант тақырыбы бекітілгеннен соң, 2-3 ғылыми мақаласы баспасөз бетінде жарияланады. Магистрлік диссертациясын сәтті қорғап шыққан магистрант-Мемлекеттік Аттестациялық комиссия ғылым магистрі академиялық дәрежесін береді.
Магистрлік диссертацияда магистранттың өз мамандығына байланысты белгілі бір ғылым саласы бойынша таңдап алған тақырыбына сәйкес өз бетімен жүргізген ғылыми зерттеу нәтижесі баяндалады. Магистранттың тақырыбы өз магистрант ретінде қабылданып, кафедраға бөлінгеннен кейін кафедра мәжілісінже талқыланып, бекітіледі.
Магистрлік диссертацияның мазмұнына мынадай талаптар қойылады:
-зерттелетін тақырыптың өзектілігі;
-зерттеу нәтижесінің жаңалығы;
-қорғауға шығарылатын тұжырымның ғылыми маңыздылығы;
-автордың алған нәтижелердің шынайылығы;
-алынған нәтиженің практикалық қажеттілігі мен маңыздылығы;
Магистрлік диссертацияның мазмұнына қатысты жауапкершілік авторға жүктеледі. Магистрлік диссертацияның құрылымдық элементтеріне қойылатын талаптар кандидаттық және докторлық диссертацияларға қойылатын талаптармен бірдей. Олар:
-диссертацияның ең сыртқы беті (титульный лист)
-реферат. Мұнда жұмыс көлемі туралы мәліметтер – бет саны, иллюстрация (кесте, сызба, сурет, диаграмма т.б.), диссертация мазмұнында жиі қолданылатын негізгі тірек сөздер, яғни термин сөздер мен термин тіркестер (15-20сөз) беріледі.
Сондай-ақ реферат мәтінінде зерттеу нысаны, жұмыстың мақсаты, зерттеу әдістері, жұмыс нәтижесі, оның жаңалығы, нақты жинақталған материалдың сандық және сапалық мазмұны туралы баяндалады. Реферат көлемі бір беттен аспауы тиіс:
-мазмұны (беттері көрсетілуі тиіс);
-қысқартулар, символдар, белгілер тізімі (қажет болған жағдайда);
-кіріспе;
-негізгі бөлім. Бұл бөлім тақырып мазмұнына қарай таруларға, тармақтарға бөлініп қарастырылады.
-қорытынды;
-пайдаланған әдебиеттер мен ақпарат көздері тізімі.
Жұмысты ресімдеу барысында қойылатын талаптар:
-А4 форматты ақ қағаздың бір бетіне компьютермен кегль 14, сол жағынан 3 см., оң жағынан 1 см., жоғарғы жағынан 1,5 см., төменгі жағынан 2 см қалдырылып теріледі.
-диссертацияның көлемі гуманитарлық факультеттер үшін 50-60 беттен, жаратылыстану факультеттері үшін 30-50 беттен кем болмауы тиіс;
диссертацияның тарауларының атаулары жолдың ортасына, бас әріптермен, қалың шрифпен, соңынан нүкте қойылмай жазылуы тиіс. Тармақтарлың атауы азат жолдан бастап жазылып, соңына нүкте қойылмайды;
-диссертация беттері араб сандарымен белгіленіп, бірінші беттен (титульный листан) есептеледі, бірақ бірінші бетке 1 саны қойылмайды. Беттің нөмірі парақтың жоғарғы жағының оң жақ бұрышына қойылажы;
- иллюстрациялар (кесте, сызба, сұлаба, сурет т.б.) мәтін мазмұнында ол туралы айтылғаннан кейін беріледі. Әр иллюстрацияның атауы болады және ол төменгі жағында жазылып, нөмірленеді. Формулалар мен теңдеулер мәтіннен жеке жоға бөлек жазылады да, нөмірденіп, жақша ішінде көрсетіледі. Сілтеме диссертацияның соңында жазылады.
Реферат-ғылыми стиль жанрларының күрделі түрі болып табылады. Реферат-латын сөзі, баяндау, мазмұндау дегенді білдіреді. Реферат-ғылыми еңбек(мақала, диссертация, монография т.б.) түпнұсқасының қысқаша мазмұны. Оның көлемі түпнұсқадан әлдеқайда шағын, мазмұны мен мағынасы түпнұсқаға тең, құрылымы тұрақты жеке ғылыми еңбек болып табылады.
Рефераттың құрылымы тұрақты үш бөлімнен тұрады:
а) Кіріспе бөлім
ә) Негізгі бөлім
б) Анықтамалық немесе қорытынды бөлім.
1. Кіріспе бөлімде еңбек туралы мәліметтер беріледі: еңбектің атауы, автордың аты-жөні, басылымы, көлемі, қандай мәселені баяндайтыны немес қарастыратыны, неге я қандай мәселеге ғылыми талдау жасалатыны, еңбектің құрылымы (қанша бөлім, тарау, атауы т.б.).
2. Негізгі бөлімде яғни, рефераттың өзінде азат жол (абзац) белгіленбейді. Мұның өзі осы бөлімде қаралатын мәселені, көтерілетін проблеманы логикалық өзара жүйелі байланыста берілген бір бүтін дүние деп есептеуге мүмкіндік береді. Мұнда еңбекте қаралатын мәселенің негізі мазмұны, яғни мақсаты мен міндеті, негізгі қарстырылатын мәселе, оның сипатталуы, оның шешімі, ғылыми негізделуі, тұжырымы, автордың сол мәселеге байланысты келісім-көзқарасы, дәлелі қарастырылады.
3. Анықтамалық бөлімге ғылыми еңбекке қатысты басқа да ақпараттар, мысалы, еңбектің библиографиясына енгізілген әдебиеттердің саны, рефераттың жеке ойлары мен ескертулері т.б. енгізіледі. Реферат автордың қортындысын келтіре отырып, өз ойын тұжырымдайды. Бірақ бұл ақпараттар рефератқа көбіне енгізілмейді.
Реферат жазуға дайындық тақырыпты таңдап алудан басталады. Содан кейін тақырыпқа байланысты әдебиеттерді іріктеп, танысып, рефераттың жазылу мақсатын анықтау қажет.
Ғылыми мақала-академиялық мәтін түрлерінің бірі. Кез-келген ғылым саласына байланысты мақала жазу үшін автор өзінің зерттеу нысанасын жан-жақты, терең зерттей білу керек.
Ғылыми стильдің ауызша түрлері: диалог пне монолог жатады. Монологқа лекция, диалогқа-пікірталас, алқалы жиын, сұхбат жатады. Монолог бір жақтан ғана өрістеп, дамып отыратын ой болса, диалог екі немесе бірнеше адамның арасында өзара жалғасын тауып отыратын ой болып табылады.
Дәріс-жоғары мектептердің оқу-тәрбие үрдісінде жетекші орын алады. Дәріс типтік жоспар мен жұмыстық оқу жоспарына сәйкес, соңғы жетістіктермен толықтырыла отырып баяндалатын білім деңгейі.
Алқалы жиын-ғылыми стиль жанрларының ауқымды және күрделі түрі. Ол ерекше дайындықты қажет етеді. Оның мазмұнды, әрі тартымды өтуі ұйымдастырушыға тікелей байланысты.
Пікірталас(дискуссия)-ғылыми стильдің ауызша түрлерінің бірі. Оны өткізудегі мақсат-шешімін күтіп тұрған өзекті мәселеге арналған даудың шешімін, ой-пікірін ортаға сала отырып табу.
Ғылыми стильдің лексикасындағы ерекшелік-сөзтек өзінің негізгі мағынасында жұмсалады. Сөздің көп мағыналылығы, образды сөздер мұнда аз кездеседі. Ғылыми стильде синтаксистік құрылыс пайдаланылады. Бұнда ой күрделі баяндалып, анықтама, дәлелдеме және формулаларға негізделуінде. Сонымен бірге әрбір ғылым саласының өзінің ерекшелігіне қарай баяндау тәсілінде кейбір өзгешеліктер болып отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет