Лекция тезистері №1 Лекция тақырыбы: Стилистиканың ғылым және пән ретінде қалыптасуы



бет20/21
Дата04.11.2023
өлшемі410 Kb.
#121985
түріЛекция
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
СТИЛИСТИКА ЛЕКЦИЯ ОРИГИНАЛ

5. Бақылау сұрақтары:
1.Публицистикалық стильдің түрлері?
2. Публицистикалық стильдің ауызша- жазбаша түрлері?
3. Публицистикалық стильдің лингвистикалық, экстралингвистикалық белгілері?
4. Публицистикалық стильдің фонетикасы?
5. Публицистикалық стильдің лексикасы мен фразеологиясы?
6. Публицистикалық стильдің морфологиясы мен синтаксисі?
7. Публицистикалық стиль және көркем әдебиет стилі?
6. Лекция тақырыбына сәйкес әдебиеттер тізімі:
1. Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б.
«Қазақ тілінің стилистикасы» Алматы,1974, 2005.
2. А. Жапбаров «Қазақ тілі стилистикасын оқыту методикасының негіздері»
Алматы, 1991.
3. Хасанова С., Жексембаева Ғ. «Қазақ тілінің стилистикасы» (жаттығулар жинағы)
Алматы, 1999.
4. М. Балақаев, М. Серғалиев «Қазақ тілінің мәдениеті» Алматы, 2004.
5. М. Балақаев «Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері» Алматы, 1965.
6. Н. Уәлиев «Сөз мәдениеті» Алматы, 1984.
7. Б. Адамбаев «Халық даналығы» Алматы, 1976.
8. Мұсабекова Ф. «Қазақ тіліндегі зат есім стилистикасы» Алматы, 1979.
9. Мұсабекова Ф. «Қазақ тілінің практикалық стилистикасы» Алматы, 1974.
№15


1. Лекция тақырыбы: Көркем әдебиет тілі
2. Лекцияның жоспары: 1. Көркем әдебиет тілінің өзіндік ерекшелігі
2. Көркем әдебиет тілінің жүйесіндегі
функционалдық стильдер орны
3. Көркем әдебиет стилистикасы мен тіл стилистикасы
3. Лекция мақсаты: Студенттерге көркем әдебиет тілі жайында мәлімет беру.


4. Қысқаша теориялық мәлімет:
Функционалдық стильдің ерекше бір түрі-көркем әдебиет стилі. Стильдің бұл түрінде де сөздер екшеліп, сараланып қолданылады.Көркем шығармада өмір фактілері шынайы суреттелетіндіктен, ондағы сөздер, көркемдік бейнелегіш құралдар белгілі бір стильдік мақсатта жұмсалады. Шығарманың кейіпкері өмірдің әр түрлі құбылыстарында әр қырынан суреттеліп, әрекет жасайды. Ол әрекетке аң да, құс та, адам да , табиғат та қатысады. Осы әрекеттің бәрін бейнелеп, көркем шығарманы жасайтын-жазушы. Жазушы шеберлігі-жазушы стилі. Жазушы стилі-жазушының сөз қолдану тәсілдері.
Көркем әдебиет стилінің белгілері:
-жазушы әр сөзді саралап, стильдік мақсатта қолданады;
-көркемдік –бейнелегіш құралдар аса мол қолданылады;
-тілдің лексикалық қабаттарының барлық түрі қолданылады.
Көркем әдебиет стилінде функционалдық стильдің барлық түрлерінің де элементтері кездеседі.
Көркем әдебиет стилі ойды және сезімді образ арқылы суреттейтін айрықша өнер. Тіл көркем шығармада эстетикалық қызмет атқарады.
Тіл адам баласының іс-әрекеттерінің барлық жақтарын тегіс қамтиды.
Көркем әдебиет тілі-әдеби тілдің үлгісі.
Әдеби тіл-халық тілінің ең жоғарғы формасы, сондықтан ол ғылымның барлық саласын қамтиды. Әдеби негізінде сөз арқылы суреттелетін, өрнектелетін сөздердің, сөз тіркестерінің, тіпті сөйлемнің әдемі қолданылуы осы көркем әдебиет стилінде қарастырылады. Сөзді әр ақын-жазушы өзінше өрнектейді, іріктейді, осыған байланысты әр жазушыға тән стильдік ерекшелік болады. М.Әуезов: "Қырғи тілді Асқар, сыршыл, үнді Әбілдә, майда қоңыр Ғали, басым сөзді Тайыр, күйлі-мұңды Қасым, ізденгіш те тапқыр Хамит, өзінше бөлек сазды Сырбай, салқын ойлы Сайын"-деп әр ақын-жазушыға тән ерекшелігін екшеп айтқан еді.
Тілдің эстетикалық қызметі көркем әдебиет стилінде ерекше көрінеді. Себебі тіл құралдары стильдің бұл түрінде бояулы болып келеді. Көркем әдебиет стиліне сөздердің көп шығарманың тілін зерттеу тәсіліне баса көңіл бөлініп жүр, бірақ көркем сөз стилистикасы әліде зерттеуді қажет ететін сала.
Көркем шығарма тілін зерттеуде кездесетін қиындық-оның проза, драма, поэзия сияқты жанрларды қамтып, көп жанрлы болып келуінде. Тілімдегі басқа стилідерге қарағанда, көркем сөз стилінің аясы кең. Тілдік тәсілдер көркемдік мақсатта жұмсалады. Образды сөздер жиі қолданылады. Әр жазушының өзінің талғамына қарай тіл ерекшелігі, қолданылу тәсілі болады. Бұл ерекшеліктердің бәрі бірімен-бірі қатынасып, басқа стильдерде қайталанбайтын ерекшелік тудырады.
Көркем әдебиет стилі сөз арқылы өрнектеледі. Сөз-үлкен өнер. Халық асыл сөзді ардақтап, бағалай білген, кестесі келіскен әдемі сөздерді қасиеттеп, өнер тұтқан. Өткір сөзді "үшкір найзам" деп, қисынды сөзді "қиын түсер қылышым" деп, сөз сайысына түскен. Соған байланысты "Малға жарлы қылсан да, сөзге жарлы қылма" деп тілек еткен. Сөз зергерлері сөзді бағалау, сөзден мғына іздеу адамды мәдени қөректендіреді дей келіп, тілге тірелмейтін еш нәрсенің жоқ екендігін білген, өйткені инедей өткір икемді тіл-ойдың тікелей шындығы, тіл-ойдың көркі, ал сөз-тілдің көркі. Сондықтан да "тіл тілін түсер наркескен, сөз-өткір жебе тау тескен немесе тереңнен шыққан сөз темір есікті ашады, жылы-жылы сөлесе, жылан іннен шығады" деген. Бұл әр сөздің жаны, бояуы, мың түрлі әуені бар екендігін көрсетеді. Сондықтан қаламды оңды, солды, қалай болса, солай сілтеуге, сөзді қалай болса солай бұрата салуға болмайды.
Әр сөз қурайдың басында қылп-қылп ұшып кеткелі түрған торғайдай ұшқалақ болмай, тартқан садақтай болумен бірге, ұста қаққан шегедей дәл түсіп орнатқан жеріне қорғасындай құйыла қалатын орнықты сөз болуы керек. Қазақ сөзінің майталман білгірі М.Әуезов сөз туралы бір сөзінде былай дейді:
"Сіздің жақта арбаға екі атты порлап жекпеуші ме еді? Сонда желісті, күші көп атты түпке салады да, ал басын садақша иіп, сәнді қырындап отыратын сұлу жылқыны қасына жегеді. Сөздің де сондай жүк тартқыш түптегісі мен қиғаштап сұлу жүретін мақаламасы болады. Халық соны біліп сөз екені сөзді де "одағай сөз, сүйкімді сөз, сайқал сөз, салқын сөз, жылы сөз "деп түр-түске бөліп жүр ғой "-деген еді.(І. Омаров"Сөз қадірі"."Шабыт шалқары"Алматы 1973, 248 бет).
Халқымыз өмірдің сәнін сөз деп біліп, сөзге байланысты тамаша сөз айшықтарын өрген:
"Ескі сөз-жаңа сөздің қазығы", "Асыл сөз-алмасты да кеседі","От шаласынан сөз шаласы жаман", т.б.
Әр сөзді дұрыс қолдана білу–стильдік қана емес, мағына айқындығының да талабы.
Көркем әдебиетте көп кездесетін қайталау да стильдік мақсатта жұмсалады. Қайталаудың түрлері көп: эпифора, анафора.
Дыбыстың қайталауларда аллитерация, ассонанс, ритмдердің өзіндік қызметі бар. Сөздің дыбыстың ерекшеліктері арқылы әлсіздік,шабандық, жұмсақтық сияқты реңктерді аңғару қиын емес.
Қайталау толып жатқан мағыналық айырмашылықтарды көрсетеді:
бірі-сезімді күшейту мақсатында қайталанса, бірі-мәнерлілік тудыру үшін жұмсалады т.б.
Жалпы алғанда, көркем әдебиет стилінің мынадай ерекшеліктері кездеседі.Сөз арқылы автор көркем образ жасайды. Баяндамайды, суреттейді. Сондықтан тілдік құралдардың көркемдік, бейнелілік және суреттеме қасиеттерін жан-жақты аша түседі.
Көркем әдебиеттің тілі экспрессивті және эмоциональды болады. Жазушы оқушыға көркем образ арқылы әсер етеді. Көркем әдебиет стилі тіл стильдерінің басқа түрлерінде көбірек кездесетін сөздер мен формаларды өзінше құбылтып, өз мақсаттарына лайықты пайдаланады.
Көркем әдебиет стилінде тілдің суреттеме және көркемдегіш тәсілдері жиі кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет