Лекция тезистері №1 Лекция тақырыбы: Стилистиканың ғылым және пән ретінде қалыптасуы



бет12/21
Дата04.11.2023
өлшемі410 Kb.
#121985
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21
Байланысты:
СТИЛИСТИКА ЛЕКЦИЯ ОРИГИНАЛ

5. Бақылау сұрақтары:
1. Құрмалас сөйлем түрлерінің қолданылуы?
2. Жазба тілдегі, фольклордағы және ауызша сөйлеудегі сөйлемдер?
3. Құрмалас сөйлемді қолдануда кететін қателер?


6. Лекция тақырыбына сәйкес әдебиеттер тізімі:
1. Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б.
«Қазақ тілінің стилистикасы» Алматы,1974, 2005.
2. А. Жапбаров «Қазақ тілі стилистикасын оқыту методикасының негіздері»
Алматы, 1991.
3. Хасанова С., Жексембаева Ғ. «Қазақ тілінің стилистикасы» (жаттығулар жинағы)
Алматы, 1999.
4. М. Балақаев, М. Серғалиев «Қазақ тілінің мәдениеті» Алматы, 2004.
5. М. Балақаев «Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері» Алматы, 1965.
6. Н. Уәлиев «Сөз мәдениеті» Алматы, 1984.
7. Б. Адамбаев «Халық даналығы» Алматы, 1976.
8. Мұсабекова Ф. «Қазақ тіліндегі зат есім стилистикасы» Алматы, 1979.
9. Мұсабекова Ф. «Қазақ тілінің практикалық стилистикасы» Алматы, 1974.
10


1. Лекция тақырыбы: Қазіргі қазақ әдеби тілінің функционалды стильдері
2. Лекцияның жоспары: 1. Функционалды стильдердің пайда болуының алғышаттары
мен себептері
2. Қазіргі стилистика ғылымындағы функционалдық
стильдердің концепциясы
3. «Стиль», «подстиль», «жанр» ұғымдарының
қарым-қатынасы
4. Әдеби тіл құрамындағы функционалды стильдердің өзара
байланысы мен әсері
5. Қазіргі қазақ әдеби тілінің стильдер құрамы және
оларды топтастырудың принциптері
3. Лекцияның мақсаты: Студенттерге қазіргі қазақ әдеби тілінің функциональды
стильдері жайында мәлімет беру.


4. Қысқаша теориялық мәлімет:
«Функционалды стиль» ұғымы-қазіргі стилистикадағы негізгі ұғым. Функционалды стильдер тілдің қолданысымен, қызмет етуімен тікелей байланысты, яғни шынайы сөйлеуде, мәтінде көрінеді. Функционалды стильдерде әртүрлі тілдік деңгейлердің тұлға-бірліктері мен олардың стильдік бояуға ие түрлері белгілі бір қатынас саласында қызмет ету міндеттеріне сәйкесті түрде бірігеді. Функционалды стильді В.В.Виноградов: «Стиль-бұл жалпыхалықтық, жалпыұлттық тілдің белгілі бір саласында тілдік қарым-қатынас құралдарының сұрыпталып тіркесу, қолдану тәсілдерінің қоғамдық тұрғыдан қабылданған, функционалдық тұрғыдан шартталған, іштей біріккен жиынтығы. Ол басқа мақсатқа қызмет ететін, басқалай қызмет атқаратын өзі сияқты бейнелеу тәсілдерімен бір қатарда тұрады».
Функционалды стильдердің қалыптасуына әсер ететін факторлар тілден тысқары (экстралингвистикалық) және таза тілдік болып екі топқа бөлінеді. Функционалды стильдерді сипаттауда олардың екеуі де ескеріледі.
Тілден тысқары стиль құраушы әсерлерге қоғамдық сана формасы және соған тән ойлау түрі, сөздің ауызша не жазбаша көрінісі, сөздің жанрлық ерекшелігі, қарым-қатынастың түрі (көпшілік не жекелік), баяндау түрі (әңгімелеу, суреттеу, ойталқы), жағдаяттық-қоғамдық факторлар (сөздің тоны, сөйлеу актісінің түрі, тыңдаушы ерекшелігі) т.б. жатады. Бұлар объективті факторларды құраса, автор ұстанымы, оның даралығы сияқты субъективті факторлар да болады.
Бұл факторлардың барлығы да сөз сипатына тікелей әсер етеді, бірақ олардың стиль құраушылық дәрежелері бірдей емес.
Тілдің негізгі қатысымдық (коммуникативтік) қызметінен өзге де қызметтері бар екені белгілі. В.В.Виноградов функционалды стильдерді топтастыруда осы қызметтерін басшылыққа алады. «При выделении таких важнейжих общественных функций языка, как общение, сообщение и воздейтвие, могли бы быть в общем плане структуры языка разграничены такие стили: обиходно-бытовой стиль (функция общения); обиходно-деловой, официально-документальный и научный (функция сообщения); публицистический и художественно-беллетристический (функция воздействия)» . Алайда, тіл қызметтерін бұлай бөлу өте жалпылама және стиль түрлері де олардың ауқымына сыя бермейді.
Негізгі стиль құраушы факторлар функционалды стильдердің жүйелілігін қамтамасыз етеді. Стиль жүйелілігінің негізіне оны құрайтын тілдік бірліктердің бір мақсат негізінде өзара тығыз байланысып бірігуі жатады. Мысалы, ғылыми стильде жалпылама, дерексіз мәнге ие бірліктер белсенді рөл атқарса, көркем стильде керісінше , көркем-бейнелі тілдік нақтылыққа ие бірліктер маңызды болады.
Тілдің өзінде, бір жағынан, стильдік тармақтарға жіктеліп дамыған сайын белгілі бір функционалды стильге тән тілдік құралдар тұрақтала түседі. Екінші жағынан, функционалды стильде оны құраушы факторлардың әсерімен тілдік бірліктердің белгілі дәрежедегі өзгерісі, ауысуы жүзеге асады. Соның нәтижесінде бір тілдік бірліктің өзі қай стильде қолданылуына қарай мағынасы жағынан функционалдық сипатқа ие болады.
Қазіргі кезде стилистика ғылымында функционалды белгісі жағынан стильдердің бес түрі ажыратылады. Олар: ғылыми, ресми, публицистикалық, көркем сөз және ауызекі тұрмыстық сөйлеу стильдері. Функционалды стильдердің әрқайсысы стилішілік тармақтарға жіктеледі. Мысалы, ғылыми стильдің таза ғылыми, ғылыми-оқулық, ғылыми-көпшілк сияқты тармақтары болса, ресми, іс қағаздары стилінің де ұйымдық, өкілеттік, анықтамалық-ақпараттық сияқты тармақтары бар, сол сияқты публицистикалық стиль де іштей жанрлық ерекшеліктеріне қарай көптеген түрге жіктеледі.
Тілдік қолданыста функционалды стильдердің әр түрінің элементтері араласа жұмсалып, көп қабатты стильдік құбылыстар да пайда болады. Бұл жағдай стильдердің өзара әсері және олардың өз ішінде ұсақ жанрларға жіктелісі нәтижесінде жүзеге асады. Сөйтіп, тілде функционалды стильдік және стилішілік жіктеліс өте күрделі, сан тармақты болып келеді.
Стиль ұғымы да сөйлеу (речь) және оның формаларымен байланысты құралады. Стильдердің негізгі арқауы-сөйлеудің ауызшы және жазбаша формалары.
Қоғамдық өмірде қатынастың көптеген түрінің болуына байланысты онда тіл біркелкі пайдаланылмайды. Өйткені адамдардың қатынасы әр түрлі жағдайда жасалады. Әр түрлі жағдайда, әр түрлі сөйленіп, әр түрлі жазылады. Мысалы:
«Тыңдаңыздар, Алматыдан сөйлеп тұрмыз!» бен «Әй, тыңдасаңдаршы!» дегенді салыстырсақ, біріншіден, әдеттегі, күнде радиодан естіп жүрген ресми хабар түрі де, екіншіде-үйреншікті сөйлеу тілі бар. Формасынан жағынан екеуі де-ауызша, айтылып жеткізілуі әр басқа.
Форма-ол тіл құралдарының көмегімен болатын сөйлеудің сыртқы көрінісі.
Стиль-ол белгілі бір қатынастың түрінде тілдік единацаларды сұрыптап пайдалану арқылы, ойды жеткізу мәнерінің көрінісі.
Форма – тұрақты ұғым. Мәселен, тілдің ауызша түрі адам қай кезден бастап сөйлесе, содан бері бірге жасап келеді және бұдан былай жасай бермек. Стиль болса, ол тарихи категория. Сондықтан тарихи бір кезеңде кейбір стильдердің болмауы заңды құбылыс деп саналады.
Стильдер қалай қалыптасады? Стильдер жасалатын қатынастың ерекшелігіне қарай тілдік единицалардың сұрыпталып қолданылу нәтижесінде дамып жетіледі. Демек, сөйлену жағдайына байланысты, әр алуан стильдік бояуы бар (стильдік ыңғайдағы) тілдік құралдар пайда болады.
Тілдегі стильдердің дамып жетілуі белгілі бір жанрдың пайда болуымен байланысты. Сондықтан әдеби тілдің стильдерін таптастыруда ең алдымен жанрлық принципті негізге алу қажет.
Ал жанрлардың пайда болуы, жазба әдеби тілдің даму қалпын көрсетеді. Жазба тілдің жетіле түсуі ғылым мен техника, әдебиет пен өнер салаларының дамуына байланысты. Ғылым мен мәдениет салаларының дамуы жаңа жанрлардың пайда болуына ықпал жасайды. Ол жанрға сай тілімізде жаңа стиль қалыптасады.
Кейінгі жылдары қазақ тілінің тек грамматикалық құрылысы жетіліп, лексикасы молығып қана қоймай, сонымен бірге, қазақ әдеби тілінің стильдер жүйесі, функционалды стильдері де дамиды.
Стиль-тілдің бәріне тән құбылыс. Стильдердің таптастыру проблемасы да тіл білімінде әлі тиянақты шешілмеген даулы мәселенің бірі. Стильдерді таптастырудың дәстүрлі, қалыптасқан, бұрыннан белгілі принципі жоқ. Тіл стильдері туралы қазір де әр түрлі көзқарастар бар. Адам тілді қатынас құралы ретінде өздерінің барлық жұмыс салаларында қолданған.
Сөйтіп, стиль дегеніміз-өмірдің белглі бір саласында қолданылып, тарихи қалыптасқан тілдік құралдардың жүйесі. Басқа тілдер сияқты қазақ тілінің де әр түрлі стильдері бар. Олар: сөйлеу стилі, кітаби жазба стильдер, т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет