Лекция тезистері №1 Лекция тақырыбы: Стилистиканың ғылым және пән ретінде қалыптасуы



бет13/21
Дата04.11.2023
өлшемі410 Kb.
#121985
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21
Байланысты:
СТИЛИСТИКА ЛЕКЦИЯ ОРИГИНАЛ

5. Бақылау сұрақтары:
1. Функциональды стиль ұғымының пайда болуы?
2. Функциональды стиль түрлері?
3. Стиль ұғымы?


6. Лекция тақырыбына сәйкес әдебиеттер тізімі:
1. Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б.
«Қазақ тілінің стилистикасы» Алматы,1974, 2005.
2. А. Жапбаров «Қазақ тілі стилистикасын оқыту методикасының негіздері»
Алматы, 1991.
3. Хасанова С., Жексембаева Ғ. «Қазақ тілінің стилистикасы» (жаттығулар жинағы)
Алматы, 1999.
4. М. Балақаев, М. Серғалиев «Қазақ тілінің мәдениеті» Алматы, 2004.
5. М. Балақаев «Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері» Алматы, 1965.
6. Н. Уәлиев «Сөз мәдениеті» Алматы, 1984.
7. Б. Адамбаев «Халық даналығы» Алматы, 1976.
8. Мұсабекова Ф. «Қазақ тіліндегі зат есім стилистикасы» Алматы, 1979.
9. Мұсабекова Ф. «Қазақ тілінің практикалық стилистикасы» Алматы, 1974.
11 лекция


1. Лекция тақырыбы: Ауызекі сөйлеу стилі
2. Лекцияның жоспары: 1. Оның қолданыс аймағы мен қызметі
2. Ауызекі сөйлеудің әдеби, әдеби емес түрлері,
стильдік белгілері
3. Ауызекі сөйлеу стилінің тілдік белгілері
3. Лекцияның мақсаты: Студенттерге ауызекі сөйлеу стилі, оның қызметі жайында
түсінік беру.


4. Қысқаша теориялық мәлімет:
Сөйлеу тілі адамдардың бір-бірімен күнделікті қатынасында пайдаланады. Ол – белгілі бір жағдайдағы тікелей қарым-қатынас стилі. Сондықтан сөйлеудің ауызша формасымен тікелей байланысты. Адамдар бір-бірімен тікелей әңгімелесіп, жауап беріп, сұрап, өз пікірін жеткізеді. Бұл стильдің ауызша және жазбаша түрлері бар. Сөйлеу тілінің негізгі қолданылатын орны – диалог.
Ауызекі сөйлеу стилі жарыссөз, лекция, консультация, баяндама, әңгімелесу т.б. түрінде болып келеді.
Сөйлеу стиліне эмоционалды сөздер жиі қолданылады. Мысалы, қаңғыбас, шошақай, зымзиян, шатпақ, балдыр, батпақ, сұғанақ, көк мылжың, ақымақ, бошалаң, бақырауық, мес қарын, нақұрыс, жарамсақ т.б.
Сөйлеу стилінде кейбір сөздер айтылуынша жазылады. Бір дыбыс орнына басқа бір дыбыстың айтылуы да тән; «Н-ның» орнына «Ң-ның» айтылуы, «Ш-ның» орнына, «Ч-ның» айтылуы т.б.
Сөйлеу тілінде диалектизм сөздер де айтыла береді және әртүрлі эмоцияны білдіруде дыбыстар қайталанып айтылады:
«Мен өлдім..., өзім де өлдім. Жұлмаламаса да өлдім ... Ә ... ә... не боп қалды осы? Дулат неге ән салмай қойды? Сырым неге қанжар ұстады?...
Мені өлтіреді ... өлім ... өлім» (М. Әуезов).
«Ә ... ә!» деген сөз арқылы Қарагөздің есінен ауысқанын дәлдікпен шебер көрсеткен, одан кейінгі сөйлемнің мағынасы байланыссыз, берілуі де Қарагөздің ақылынан ауысқанын анық көрсету үшін қолданған.
Ру-тайпалардың әрқайсысының ертеде өзіне тән белгілі тілдік ерекшеліктері болған, соған орай олардың сөз қолданысында да ерекшеліктер көп. Әр өлкеде қоныстанған қазақтардың ауызекі тілінде әртүрлі жергілікті өзгешеліктер бар. Ондай өзгешелігі бар сөздер бір аймақты мекендейтін жергілікті халықтың тіліне ғана тән болады да, сол халықтың өзге жерлерінде тұратындарының тілінде қолданылмайды.
Мысалы, Жетісу қазақтары бұлақ дегенді тұма, мола дегенді мүрде, жексұрын дегенді мүттәйім, мақұлық дегенді кеңкелес, арық қозы дегенді нәрегей деп қолданылады.
Ал басқа түркі халықтарымен араласатын қазақтардың тілінде сол түркі тілндегі сөздер жұмсалады. Мағыстау қазақтарының тіліндегі әтішкір (шымшуыр), ашар (кілт), дес (дыбыс, үн) сияқты сөздер солармен көршілес отырған түрікмендердің тілінде қолданылады. Өзбектерге жақын тұратын қазақтар пельменді – тұшпәрә, қиярды – бәдірен деп соларша атап қолданады.
Сөйлеу тіліне тән тағы бір ерекшелік кісі аттарының қысқартылып айтыла салуы. Мысалы, Жанар деудің орнына Жан, Гүлнар деудің орнына Гүл деп қысқартып айтамыз.
Сөйлеу тілінде сөздің орын тәртібі еркін болады.
Мысалы, әдеби құрылған сөйлемде сөйлем соңында тек баяндауыш мүше ғана тұруы керек, олай болмай, кейбір сөйлемдерде сөйлем соңында сөйлемнің басқа мүшелері тұрады:
Дәл осылай айтса, сал Біржан сенің сыңарың-дағы! – деді де тұрып кетті орнынан. Осы сөйлемдегі тұрып кетті деген баяндауыш сөйлемнің соңында тұруы керек еді, сөйлеу тілінде осылайша орнынан деген пысықтауыш мүшенің алдынан да айтыла береді.
Сөйлеу тілінде одағай сөздер жиі айтылады.
Әй, байғұсым-ай, басын бастаса, түсіне кетесің-ау!
Ойбай, мынауың барып тұрған масқара ғой!
Сөйлеу тілінде көп мағыналы сөздер қолданылады.
«Дастарқанды мақтан ету», «дастарқаны мол екен» дегенде дастарқан сөзінің беретін мағынасы столға жабатын зат емес, оның үстіндегі тамақтың молдығын айтып отыр.
Сөйлеу тілінде синоним сөздер жиі қолданылады.
Қазіргі Тоғжан жүзінде Абайдың қиялынан бір шақ кетпеген, үлбіреп, толқып, лезде келіп, сәтте қайтып тұратын қызыл арай реңі жоқ.
Сөйлеу тілінде сөздер қайталанып та айтыла береді:
Апажан-ау, Апажан!
Биік-биік
Тұратын көкке тиіп,
Үй салсам, не болады?
Не болсын, үй болады (Қ.М.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет