Лекция тезистері №1 Лекция тақырыбы: Стилистиканың ғылым және пән ретінде қалыптасуы


Лекция тақырыбына сәйкес бақылау сұрақтары



бет15/21
Дата04.11.2023
өлшемі410 Kb.
#121985
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21
Байланысты:
СТИЛИСТИКА ЛЕКЦИЯ ОРИГИНАЛ

5. Лекция тақырыбына сәйкес бақылау сұрақтары:
1.Ауызекі стиль туралы жалпы түсінік?
2.Бейресми, ресми сөйлеу стилі?
3.Ауызекі сөйлеу стилінің ерекшеліктері?


6. Лекция тақырыбына сәйкес әдебиеттер тізімі:
1. Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б.
«Қазақ тілінің стилистикасы» Алматы,1974, 2005.
2. А. Жапбаров «Қазақ тілі стилистикасын оқыту методикасының негіздері»
Алматы, 1991.
3. Хасанова С., Жексембаева Ғ. «Қазақ тілінің стилистикасы» (жаттығулар жинағы)
Алматы, 1999.
4. М. Балақаев, М. Серғалиев «Қазақ тілінің мәдениеті» Алматы, 2004.
5. М. Балақаев «Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері» Алматы, 1965.
6. Н. Уәлиев «Сөз мәдениеті» Алматы, 1984.
7. Б. Адамбаев «Халық даналығы» Алматы, 1976.
8. Мұсабекова Ф. «Қазақ тіліндегі зат есім стилистикасы» Алматы, 1979.
9. Мұсабекова Ф. «Қазақ тілінің практикалық стилистикасы» Алматы, 1974.

12




1. Лекция тақырыбы: Ресми-іскери стиль
2. Лекцияның жоспары: 1. Іскери стильдің қолданыс аймағы мен қызметі
2. Іскери стильдің түрлері
3. Іскери стильдің стандарттану дәрежесі
4. Ресми-іскери стильдің тілдік белгілері
3. Лекция мақсаты: Студенттерге ресми-іскери стиль жайында түсінік беру.


4. Қысқаша теориялық мәлімет:
Қазақ тіл білімінде ресми-іскери стильдің ішкі тармақтары емес, түрлері ғана аталады: Кеңсе іс қағаздарының үлгілеріне өтініш, сенімхат, қолхат, анықтама, мінездеме, шақыру билеті, хабарландыру, протокол, қатынас қағазы, акт, рапорт, міндеттеме, бұйрық, есеп т.б. жатады (М.Балақаев). Зерттеуші Б.Әбілқасымов «ресми іс қағаздар стиліне нені жатқызып, нені жатқызбау керек деген мәселеде әртүрлі пікірлер бар» екендігін айтып, өз тарапынан «ХІХ ғасырдың екінші жартысында баспа бетінде жарияланып, көпшілікке тараған» құжаттардың тілін зерттейді, яғни осы аталғандарды ресми іс қағаздары үлгілерінің аясында қарайды. Ал зерттеуші Р.Сыздықова ХVІІІ ғ. мен ХІХ ғ. І жартысында әкімшілік, билік өкілдерінің, лауазымды адамдардың өзара жазысқан әр қилы сипаттағы (мазмұндағы) қағаздары мен хаттары болғандығын көрсетіп, ХІХ ғасырдың екінші жартысында ресми тілдің бұйрық, жарлық, указ, үндеу тәріздес үлгілерінің көбейгені туралы түйіндейді (Р.Сыздықова).
Қатынастың бұл түрлері де күнделікті өмір қажетінен туып, өз алдына орныққан бөлек жүйе болып саналады. Іс-қағаздар стиліне әртүрлі мекемелерде жүргізілетін жазу үлгілері жатады. Іс қағаздары белгілі бір форма бойынша жазылады. Ол форманың түрлі үлгілері болады. Кеңсе қағаздарының үлгілеріне өтініш, сенім хат, қол хат, анықтама, мінездеме, шақыру билеті, хабарландыру, протокол, қатынас қағазы, акт, рапорт, шарт, міндеттеме, бұйрық, есеп т.б. жатады.
Іс қағаздарының әрқайсысының бұрыннан жаттанды болған белгілі бірыңғай сөздері мен сөйлем үлгілері болады. Сол үлгі бойынша сөз болатын зат туралы өте қысқа айтылады. Мұндай кеңсе қағаздарын жазу онша қиынға соқпайды. Ол алдын-ала танысып, жаттығу, дағдылану арқылы меңгеріледі. Ресми стильдің көлем, мазмұн және жазылу формасы жағынан іс қағаздарынан біраз ерекшеліктері бар, яғни ол белгілі бір қалыпта (стандартты формада) жазылып отырады. Мемлекеттік құжаттарда әкімшілік терминдерінің қолданылуы басым келеді, жазба тілі нормасынан ауытқушылық болмайды.
Ресми стильге жататын мемлекеттік құжаттар жанр және мазмұн жағынан әр түрлі болып келгенімен, олардың барлығына ортақ жалпы сипаты болады:
1. Белгілі бір қалыптасқан үлгіде, баяндау тәсілімен жазылады.
2. Лексикалық құрамы (саяси-публицистикалық сипатта, әкімшілік терминдер мен күрделі терминдер, қысқарған сөздер) өзгеше болып келеді.
3. Ойдың логикалық жүйелілігін сақтау мақсатымен сөйлем күрделі құрылады.
Сонымен қатар, экспрессивті, бояулы тілдік құралдар қолданылатын кейбір текстер де бар. Мәселен, халықаралық ұйымдарды, даңқты қалаларды және жеке мекемелер мен белгілі қоғам қайраткерлерінің мүшелі тойына арналған құттықтаулар болады. Құттықтау текстерінің қайсысы болса да жігер, қуатқа толы, жақсы тілектер айтылып, жылы сезіммен жазылады. Сондықтан онда эмоциональды бояулы сөздердің қолданылуы заңды құбылыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет