Лекция тезистері №1 Лекция тақырыбы: Стилистиканың ғылым және пән ретінде қалыптасуы



бет8/21
Дата04.11.2023
өлшемі410 Kb.
#121985
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21
Байланысты:
СТИЛИСТИКА ЛЕКЦИЯ ОРИГИНАЛ

5. Бақылау сұрақтары:
1. Стилистикалық қатенің түрлері?
2. Стилистикалық қателердің басқа қателерден ерекшелігі?
3. Стилистикалық емес қателер?


6. Лекция тақырыбына сәйкес әдебиеттер тізімі:
1. Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б.
«Қазақ тілінің стилистикасы» Алматы,1974, 2005.
2. А. Жапбаров «Қазақ тілі стилистикасын оқыту методикасының негіздері»
Алматы, 1991.
3. Хасанова С., Жексембаева Ғ. «Қазақ тілінің стилистикасы» (жаттығулар жинағы)
Алматы, 1999.
4. М. Балақаев, М. Серғалиев «Қазақ тілінің мәдениеті» Алматы, 2004.
5. М. Балақаев «Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері» Алматы, 1965.
6. Н. Уәлиев «Сөз мәдениеті» Алматы, 1984.
7. Б. Адамбаев «Халық даналығы» Алматы, 1976.
8. Мұсабекова Ф. «Қазақ тіліндегі зат есім стилистикасы» Алматы, 1979.
9. Мұсабекова Ф. «Қазақ тілінің практикалық стилистикасы» Алматы, 1974.

№6




1. Лекция тақырыбы: Стилистиканың зерттеу әдістері
2. Лекцияның жоспары: 1. Стилистикалық талдау, оның нақтылы әдіс-тәсілдері
2. Сөздіктер мен анықтамалықтардағы
стилистикалық белгілерді талдау
3. Бейтарап не стильдік бояуы бар тілдік құралдарды табу,
бақылау
4. Тілдік әдістерді (сипаттама, салыстырмалы) пайдалану
3. Лекцияның мақсаты: Студенттерге стилистиканың зерттеу әдістері жайында
түсінік беру.


4. Қысқаша теориялық мәлімет:
Стилистиканың зерттеу пәні мәселесіне байланысты ғалымдардың арасында тілдік деңгейлердің қатарында стилистикалық деңгей жеке бөлінеді, оны фонетикалық, лексикалық, сөзжасамдық, морфологиялық, синтаксистік деңгейлермен бір қатарға қоюға болады деген де көзқарастар болды. Мұның себебін көбінесе әртүрлі стилистикалық тәсілдердің көптігімен, олардың жиынтығын бір деңгей етіп алуға болатындығымен түсіндіреді. Алайда, стилистикалық тәсілдер тілдің қызмет етуі барысында пайда болып, мәтін құрамында жұмсалым процесінде қолданылады. Олардың қолданысы қатысым міндетіне қарай сан алуан болады. Олар құрылымдық жағынан да түрлі сипатқа ие: лексика-семантикалық, фразеологиялық, сөзжасамдық, морфологиялық, синтаксистік, композициялық сипаттағы дайын, немесе белгілі бір үлгідегі, немесе жаңадан туындаған тәсілдер болуы мүмкін. Демек, стилистикалық тәсілдер тұлғалық және сапалық әркелкілікке ие бірліктер мен құбылыстарға жатқандықтан, тілдің айрықша деңгейін құрай алмайды. Олар сөзде тек қызметтерінің тұтастығына байланысты, яғни айтылымның тиімділігін арттыру үшін бірігеді.
Қолданым кезіндегі стилистикалық құбылыстардың жүзеге асуы, яғни айтылым стилінің қатысым міндетіне сай болуы (дұрыстығы, мәнерлілігі, тиімділігі) айтылымда, мәтінде орындалады. Сөздің реңі контексте белгілі болады. Мысалы, жеке бір сөздің бірнеше мәні, бояуы болуы мүмкін (ит, шошқа т.б.). Контексте соның қай мәнде қолданылғаны белгілі болады. Тілдік тұлғаның мәні, бояуы мәтінде ашылатындықтан, мәтінді стилистикалық деңгей ретінде алуға болатындай көрінуі де мүмкін.
Стиль шынында да мәтінмен тығыз байланысты. Алайда шын мәнінде мәтін стильдің жүзеге асатын материалы болып табылады. Мәтіннің ұйымдасуы стилистикалық сипатқа мазмұнына сай келетін мәнерлілікке, тиімділікке, әсерлілікке қол жеткізгенде ғана ие болады. Сондықтан мәтінді стильдің көрініс табатын жері, мекені деуге болады.
Мәтін, оның бірліктері мен категориялары басқа да деңгейлердің бірліктерімен бірлікте стильді бейнелеуші құрал болып табылады. Сонымен қатар жеке бір мәтін белгілі бір стильдің көрінісі, стильдің нақты өзі де бола алады. Бірақ, көбінесе, стильді мәтіннің көптеген қасиет-сапаларының, қырларының бірі деп қана қарау керек.
Сонымен, стилистиканың пәні тілді қолдану барысында қолданымның түрлі жағдайлары мен салаларына байланысты мәтін көлемінде жүзеге асатын тілдік құбылыстар екен.
Стилистиканың негізгі мәселелерінің қатарына мыналарды жатқызуға болады: стиль, функционалды стильдерді анықтау, олардың мәнін, жүйелік сипатын ашу; қарым-қатынастың әртүрлі саласында тілдің қолдану заңдылықтарын анықтау; функционалды стильдерді топтастыру; стилистикадағы тілдік және тілден сыртқары жайлардың ара қатынасын айқындау; стильдегі объективтілік пен субъективтілік мәселесі; функционалды стильдер мен сөз түрлерінің ара қатынасы; стильдердің өзара әсері мен тұтастығы мәселесі; лингвистикалық стилистика мен әдебиеттік стилистиканың ара қатынасы; көркем әдебиеттілінің функционалды стильдерге қарым-қатынасы; стилистикалық норманы және оның тарихилығын анықтау; стилистикадағы диахрония мен синхрония мәселесі т.б.
Стилистиканың зерттеу әдістеріне келетін болсақ, олардың бастыларына мәтінді талдаудың мағыналық-стилистикалық әдісі, салыстырмалы әдіс, сөз-образ, экспримент жасау және статистикалық әдістер жатады.
Стилистика (Лингвистикалық стилистика, лингвостилистика, жалпы стилистика)-тіл білімінің бір саласы. Стилистика тілдің көркемдегіш амал тәсілдерін, тілдің жұмсалу аясынан түрлі қоғамдық салаларда қолдануын, қатысымдық әрекетінің функциясын атқарады. Стилистика мәселесі өте күрделі, өзінің функциональдығымен қарым-қатынас әрекетіндегі тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық тәсілдерді қолдану принциптерін ретке келтіретін сала. Стилистика сөйлеу коммуникация процесіндегі тілді пайдаланудың заңдылықтарын зерттейді.
Стилистика ғылымы стилистикалық ұғымдар мен белгілердің межесін өзіне тірек ете отырып, теориялық проблемаларын шешіп береді.
Стилистика ғылымының зерттейтіні- стиль. Стильдің мәселелері мағынасы «ағаш қалақша» сондай-ақ, стиль «адам мен мәдениет» ғылымына да жатады, «стиль-адам» (Бюффон), ендеше стилистикалық мүмкіндіктердің жүзеге асуы тікелей адамға қатысты. Сондықтан стилистика көп аспектілі ғылым саласы ретінде қарастырылады.
Стилистика-тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық принциптерін ғана ретке келтіріп қоймайды, прагматикалық әлеуметтік ықпалы ерекше стилистикалық әсер ететін тілдік бірліктердің қызметін толық есепке ала отырып, оны жүзеге асырушы экстралингвистикалық және басқа факторлармен бірлесіп стилистикалық мүмкіндіктерді қарастыратын тіл ғылымының күрделі саласы.
Қазіргі тіл ғылымында стилистиканың екі бағыты бар: бірі-стилистиканың орталық бағыты функционалдық стилистика. Функциональдық стилистика қоғамның әр алуан саласында тілдің қолданысқа түсу заңдылықтары әрі сөздің базалық, экстралингвистикалық және стиль құраушы факторлардың ықпалынан пайда болған. Функцинальды стилистика қолданыс тілі стилистикасы деп те аталады. Стилистиканың негізгі бағыттарының бірі-ресурстар стилистикасы. Тіл ресурстары тіл стилистикасы деп те аталынады. Тіл ресурстар стилистикасы сөздердің мәтіннен тысқары күйіндегі қызметін айқындайды.
Стилистиканың бағыттарының қатарына автор мен қабылдаушының арасындағы қодтау және декодтау стилистикасы жатады.
Кодтау стилистикасы-қолданыс тіліне қатынасушылардың қызметіне қарай тілді айтушы не жазушының стилистикасы. Бұл негізінен зерттеушінің назары туынды авторының шығармашылық стиліне баса көңіл аударуды қажет етеді. Кодтау стилистикасы информация теориясын пайдаланады: автор өзін қоршаған ортадан өзіне керекті ақпарат көздерін алады, осы ақпаратты өңдеп, тыңнан жасап, оқырманның сезіміне, еркіне әсер етуді мақсат етеді. Кодтау стилистикасына қарама-қарсы қойылатын декодтау стилистикасы.
Декодтау стилистикасы-қабылдаушының (тыңдарманның, оқырманның) стилистикасы. Декодтау стилистикасы мәтінді түсіндірудің теориялық базасы болып табылады. Қабылдаушы немесе тыңдарман қабылдаған мәтіндегі фонетикалық, құрылымдық, семантикалық тілдік бірліктердің қабылдаушы сөз етуін анықтау болып саналады.
Декодтау стилистикасында шығарманың контексіндегі коннотациялық мағынаға баса назар аудару, фонетикалық, грамматикалық тілдік бірліктердің көркемдік күшінің жеткідіктігін көрсету, сондай-ақ, қолданыс тіліне қатынасушылардың әр түрлі қарым-қатынасы мен мәтіндегі сезім, ой бірлігінің қызметін анықтау мәселелері көтеріледі.
Дара стилистика-автордың, не жеке шығарманың немесе бір жанрдың стилистикасын зерттеу нысаны. Дара стиль жеке адамның ақыл-ойын бірінші кезекке қояды, сондай-ақ жазушының, ғалымның, журналистің, деректі сөйлеушінің, адамның, жеке тұлғаның стилі. Дара стиль кең мағынасында танымдық-стильдік, аналитикалық-синтездік іс-әрекет қызметі болып табылады. Бұнда ғылыми еңбек авторының терминжасам ұстанымы мен таза ғылыми стиль нысандары әлдеқайда тереңдеп жан-жақты көп мағыналы сипатқа ауысады. Автор ғылыми атау жасауда сол ұғымның басты белгілерін басқаша танымдық дәрежеден де тереңдетіп көрсетуге тырысады. Автор дара стильдің прагматикалық аспектісіне жету үшін еңбегін, шығармашылық қабілетін концептуальды энциклопедиялық масштабта көрсете білуі керек.
Қазіргі уақытта ресми стиль, шешендік стиль ерекше даму үстінде сол сияқты үлкен-кішілі стильдер де жеке, дара стиль бағытына жатады.
Стилистиканың ерекше қызғылықты бағытының бірі-безендіруші стилистика.
Безендіруші стилистика-тілдегі экспрессивті әдіс-тәсілдерді оқып үйретеді. Қазіргі стилистикада көріктеу, шеберлік тәсілдері көркем әдебиет стиліне ғана тән деп қарауға болмайды, ол барлық стиль түрлерінде коммуникативті-прагматикалық мақсатпен жүзеге асатын шеберлік тәсілдері безендіруші стилистикада жан-жақты көрініс табады. Безендіруші стилистикасының зерттейтін мәселелері мыналар болып саналады: тілдік бірліктердің безендіруші тапсырмаларының сапалық және тиімділік қасиеттерін әр түрлі стилистикалық амалдардың көмегімен анықтау. Олар: стилистикалық мағына, стилистикалық тәсіл, стилистикалық амал, стилистикалық тапсырма.
Стилистикалық мағына қазіргі уақытта стилистикалық коннотация деген терминмен аталып жүр. Қазақ тіл білімінде стилистикаға байланысты еңбектерде де жан-жақты талданған, кейде мәдени коннотация ұғымымен қатар айтылады, сондықтан лингвомәдениеттану бағытында қарастырылып жүр. Стилистикалық мағына қолданыс тіліндегі денотативті немесе бейнелі уәжді аспектілерінің интерпретациясы мағынасында жұмсалынады.
Стилистикалық тәсілдер деп стильдерді құрастырушының әр түрлі бірліктерді қолдану амал-тәсілдерін айтады. Олар: троптың түрлері, стилистикалық фигуралар, стиль құраудың стратегиясы мен тактикасы. Тілдік бірліктердің дәстүрлі стилистикалық тәсілдері контекстен тыс стилистикалық коннотациялардың негізгі жүйесін құрай отырып, оның тұтас көркемдік сапасын жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет