Сабақтық шұғылданудың әр түрлілігі. Дене жаттығуларымен шұғылданудың сабақтық түрлерінің барлығын олардың бағытына қарай жалпы дене дайындығы, спорт түрлерінен жаттыгу сабақтары және кәсіби-қолданбалы дене дайындығы сабақтары деп бөлуге болады. Жалпы дене дайындығы сабағы балалар бақшасында, мектепте, жоғары және орта оқу орындарында, жалпы дене дайындығы (Ж.Д.Д.) топтарында, ересек тұрғындар үшін, яғни барлық жастағылар контингентімен өткізіледі. Бұл сабақтар үшін оқу материалының әр түрлілігі, оны меңгеру кешенділігі, біркелкі денеге берілетін жүктеме және баска да бірқатар ерекшеліктері тән.
Спорттық жаттығу сабақтары таңдап алған спорт түрімен шұғылданатындармен жұмыста пайдаланылады: жеңіл атлетика, акробатика, гинастика, суға секіру және т.б. сабақтары. Әрбір жекелеген жағдайда олар жеке спорт түрлерінің ілімі мен әдістемесі жинағында мазмұндалған ерекше өткізу әдістемесін талап етеді. Мұндай сабақтар жаттықтырушылар мен спортшылардың бірлестіктегі шығармашылығын, жүктемені мөлшерлеу шамасына ерекше назар аударуын, жарақаттанудан сақтану жолдарын табуды міндеттейді.
Кәсіби-қолданбалы дене дайындығы сабағы жеткіншектермен, жасөспірімдермен, үлкендермен өткізіледі. Бұл сабақтар үшін қозғалыс әрекеттеріне мазмұны ұқсас кәсіби еңбекке үйрену тән.
Оқу жұмысының сипатына қарай сабақтар жаңа оқу материалын меңгеру сабағы, оны жетілдіру және бекіту сабақтары, аралас типтес сабақтар болып бөлінеді.
Жаңа материалды игеру сабағы үшін салыстырмалы кіші моторлы тығыздық тән, сол себепті түсіндіруге, көрсетуге, қозғалыстағы бірінші өрескел қателерді жөндеуге көп уақыт жоғалтады. Мұндай сабақтардың табысты болуы сабақ өтетін орынды дайындаудың ерекше мұқияттылығына байланысты.
Оқу материалын жетілдіру және бекіту сабағында, мысалы, жоғары дәрежелі спортшылармен жаттығу сабағында моторлы тығыздығы ең жоғарғы мөлшерге дейін өседі.
Бақылау сабақтары әдетте спорттық жарыстар түрінде өтеді. Бұл сабақтарда қатаң тәртіп, жарыс ережесіне сәйкестік, нәтижелерін дәл белгілеу қамтамасыз етілуі тиіс.
Дене тәрбиесі үшін бүтіндей алғанда аралас типтес сабақтар басымырақ тән (яғни бір сабақта жаңа материалды зерттеу, бұрын меңгергендерді жетілдіру және тексеру).
Сонымен бірге ерекше әдістемелік тәсілдер сабақты әр түрлі орында және әр түрлі уақыт жағдайында өткізуді талап етеді: спортзалда, спорт алаңында (стадионда), табиғи орындар жағдайында, қыста, жазда және маусым аралығында.
Сабақты спортзалда өткізуді ұйымдастыру өте қолайлы болады. Салыстырмалы кіші жұмыс алаңы, көру аясының шектеулілігі, температураның тұрақтылығы сабақ міндетін шешуде оқушылардың назарын жақсы бейнеде шоғырландыруға мүмкіндік жасайды. Алайда ғимарат ішінде сабақ өткізудің елеулі кемшіліктері бар. Атап айтқанда, гигиеналық сипаттағы, яғни мұнда ғимарат ішіндегі жарықтың талапқа сәйкес еместігі, шаң, буланудан ауаның ластануы Шұғылданушылардың жұмысқа қабілеттілігін төмендетеді. Сондықтан барлық мүмкіндіктерді пайдаланып сабақты сыртта таза ауада өткізу дұрыс. Әрине, шұғылданушыларды ашық алаңда басқару қиынырақ. Бір жағынан сабақты өткізуге күн, желдің бағыты мен күші, бөгде заттар, оқушылардың назарын аудартатын көрермендер кедергі жасайды.
Дегенмен, бұл әдістемелік қиындықтар таза ауа жағдайындағы оқушылардың жұмыс қабілеттілігінің артуымен түгелдей есесі қайтады. Ашық аспан астында, таза ауада өткізілген сабақ, әсіресе, егер ол жыл бойы әр түрлі ауа райында өткізілсе шынығуға, денсаулығын нығайтуға жәрдемдеседі. Спорт ғимаратындағыға қарағанда таза ауада, ашық аспан астында өткізілген сабақта шұғылданушылар әдістер мен тәсілдерді жақсы меңгереді және барынша жоғары нәтижеге жетеді.
Табиғи орындар жағдайында сабақ өткізу үлкен дәрежеде жаттығуды түрлендіруге және ең бастысы оқушыларды өмірдегі қызмет ету жағдайына өте жақын жағдайға көшіреді. Табиғат аясында сабақ өткізуге көптен шұғылданушыларды өмірге дайындаудың басты құралы ретінде маңыз берілген.
Сабақ өткізу үшін жергілікті жердің табиғи жағдайын пайдалану әдісі осы заманғы дене тәрбиесі жүйесінде кең қолданылып келеді. Мектепте, орта, жоғары оқу орындарында, әскерде табиғат аясындағы сабақтар міндетті түрде өткізіледі. Бұлай сабақ өткізу, әсіресе, спортта кең таралған.
Жергілікті жердегі қолайсыз ауа райы жағдайына сәйкес күні бұрын сабақ өткізілетін орынды дайындау және сабақ өтілетін орынды сынап көру, оқушыларға мұндай сабақтың пайдалылығын ұғындыру, олардың киімі жайлы және т.б. қамын ойлау өз жемісін береді. Дегенмен, көпшілік дене жаттығуларының әдістерін меңгеріп, сауатты орындау үшін арнайы жабдықталған сабақ өткізу орны талап етіледі. Сондықтан табиғи орындарда сабақ өткізуді спорт ғимараттарындағы және спорт алаңдарындағы сабақтармен ауыстырып өткізген дұрыс.
Оқытушыны сабақ өткізуге дайындау. Сабақ өткізу көп жақты, күрделі қызмет түрі болып саналады. Сондықтан сабақтың жоғары сапалылығына жету үшін оқытушы оған күні бұрын және тыңғылықты дайындалып, келесі мәселелерді ойластыруы тиіс:
а) сабақтың міндетін анықтау;
ә) оның нақтылы жоспарын жасау;
б) материалдық жабдығын дайындау.
Бұл жоғарыда көрсетілген сәттер өзара байланысты және оның әрқайсысы арнайы жұмысты талап етеді. Сабақтың міндетін анықтау дегеніміз шұғылдану жүйесіндегі орнын айқындау және мүмкін болған толықтығымен оның нәтижесін өзінше шамалау болып саналады. Мүны іске асыруға жоспарланған жұмыс мүмкіндік туғызады.
Алайда оқу-тәрбие жүйесінің нақтылы ағымы барлық уақытта жоспарға түзетулер ендіреді. Сондықтан жоспарда қойылған міндеттерді барлық уақытта өткен бірқатар сабақ нәтижелерін тыңғылықты талдау негізінде және сабақтың барлық сериялары бойынша қалған уақыт санын есепке алып нақтылау қажет. Тек осылай жоспарланған сабақтың лайықты сабақтастығын қамтамасыз етуге болады. Бұдан басқа, жұмыстық жоспарлаумен сабақтың барынша елеулі міндеттері кешенін дайындау алдын ала ойластырылады, ал іс-тәжірибеде нақтылығының қажеттілігі туындайды. Сонымен, оқу сабағының алдыңғы жоспарларына қатыссыз нақтылы міндеттерін белгілеу барлық уақытта байсалды, ойластырылған еңбекті талап етеді. Сабақ міндетін дұрыс белгілеу және оны іске асыру жоспары оқытушының педагогикалық тәжірибесімен және оның шығармашылық қабілетімен анықталады. Бірақ ешқашан жеке тәжірибесін артық бағалауға болмайды, өйткені оқу-тәрбие жүйесін терең және жан-жақты түсінуге тек ұжымдық күш салу нәтижесінде ғана қол жетеді. Сондықтан сабақ міндетін белгілеу кезінде оны іске асырудың әдістемелік жолы туралы жаңа мәліметтерді зерттеу қажеттілігі туындайды. Алдын ала белгіленген тапсырма мен жалпы жоспарға сәйкес әдебиеттік деректерді күні бұрын оқып, зерттеудің нәтижесінде оларды шешуге де түзетулер ендіреді Сабаққа дайындалудың келесі кезеңі - бұл оны өткізудің егжей-тегжейлі жоспары, яғни әр сабақтың жазбаша жоспары (план-конспект). Сабақты жазбаша жоспарлау қызметтің барлық жақтарын барынша толық ескеруге және оның ұйымдастырылуын терең зерттеп, дайындауға мүмкіндік береді.
Сабақты жоспарлау оның міндетін барынша тиімді жүйелілікпен анықтаудан басталады. Атап көрсетілгендей, аса үлкен назарды және жоғары жұмыс қабілеттілігін талап ететін жана материалды оқытып үйрету сабақтың негізгі бөлімінде өтуге, ал барынша жеңіл міндеттерді іске асыру сабақтың басында және соңында жоспарланады. Одан әрі сабақтың негізгі бөлімі егжей-тегжейлі терең зерттеліп дайындалады. Оқушылардың жаттығуларды орындау кезіндегі ұйымдастыру үлгісі белгіленеді.
Жоғарыда көрсетілген үлгі жазбаша сабақ жоспарына түседі. Мұнда ерекше назарды жаттығуды іріктеп алуға аударып, міндетті шешу үшін оқушылар әрекетіне қажеттілердің барлығы тыңғылықты жоспарланады. Нәтижесінде қатаң ғылыми негізделген жүйеліліктегі тәрбие және жеткілікті дәрежедегі толық оқытып үйрету әдістемесін көрсететін жаттығулар кешені өңделіп, дайындалуы тиіс.
Сабақтың негізгі бөлімінің мазмұнын дайындап, оқытушы оның биологиялық және педагогикалық маңыздылығын есепке алып, дайындық және қорытынды бөлімдерін жоспарлайды. Мұнымен бірге ол негізгі бөлімінің жоспарын дайындағандай айқын сабақтың міндетін белгілеу түрін, әрбір жаттығудың мәнін және белгіленген бағытын, мөлшерленіп бөлінуін, оқушыларды ұйымдастыру әдістерін, орын ауыстыруы мен сапта қайта тұрғызылуьш, сабақ кезіндегі өзінің жұмыс алаңындағы орнын білуі тиіс. Осылардың барлығы әр сабақтың жазбаша жоспарында (план-конспект) толық мазмұндалады.
Сабақтың алдында мұғалім өзі тікелей сабақ өтілетін орынды дайындауы және жаттығуды орындап, байқап көруі тиіс. Сабақ өтілетін орынды дайындау кезінде оқушылардың өздерін қимыл-әрекеттерін бақылай отырып қатыстыру керек. Іс-тәжірибелер нәтижелері көрсеткендей, сабақ өтілетін орынның талап дәрежесінде дайын болмағандығынан көбіне босқа тұрып қалушылық және жарақат алу жағдайлары жиі кездеседі.