Лекция тезистері 5B010800 «Дене шынықтыру және спорт»



бет100/147
Дата11.10.2022
өлшемі3 Mb.
#42299
түріЛекция
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   147
Байланысты:
4. лекция тезистері

Оқу-жаттығу сабақтары іс жүзіндегі шығармашылық іс тәжірибелік қызметте тәжірибе жинақтауға таңдап алған спорт түрінен жоғары нәтижелерге жету үшін денені жетілдіруге жеткізу мақсатында әрекетшілдікті дамыту қызметтік және қозғалыс қабілеттерінің деңгейін арттыру, жеке тұлғаның дене сапасы мен қасиеттерін қалаптастыруға бағытталған.
Жоғары оқу орындарында оқыған кезеңдерінде студенттердің қажетті қозғалыс белсенділігін қамтамасыз етуге, дене жаттығулары мен қызмет етуге дайындалғандығының үйлесімді деңгейін ұстаудың практикалық тарауының құралына жеңіл атлетиканың жекелеген түрлері (негізінен жүгіру және секіру), суға жүзу, спорт ойындары, шаңғымен сырғанау, туризм, кәсіби-қолданбалы дене дайындығы және күштік бағыттағы жаттығулары жатады.
Практикалық тарау оқытып үйрету ретінде шұғылданушыларды жаңа қозғалыс әрекетіне, сонымен бірге дене сапаларын тәрбиелеуді алдын-ала қарастырады.
Бақылау тарауы. Тараудың материалдары студенттердің оқу қызметі процесі мен нәтижелерін дифференцирлі және объективті есепке алуға бағытталған.
Ілімдік, практикалық және әдістемелік білімді меңгеру және дене дамуының динамикасы, әрбір студенттің дене және кәсіби қолданбалы дайындығы жағдайы жайлы бақылау сабақтары жедел, ағымдағы және қортынды ақпараттарды қамтамасыз етеді.
Оқу-жаттығу сабақтарының нәтижелілігінің өлшем белгісі ретінде, сонымен бірге өз оқу орнының мамандарды дайындау ерекшелігі ескеріліп жоғары оқу орнының дене тәрбие кафедрасы өңдеп, дайындаған жоғары оқу орындарына арналған оқу бағдарламасында мазмұндалған сынақ талаптары мен практикалық нормативтер саналады.
Студенттердің дене дайындығын анықтайтын міндетті тест мыналар болып табылады: 1/ 100м. жүгіру; 2/ жатып кеудені көтеріп, түсіру, аяқтары бекітілген, қолы басында (әйелдер үшін), белтемірге тартылу (ерлер); 3/ 2000м. (әйелдер) және 3000м. (ерлер) жүгіру, бір орыннан ұзындыққа секіру т.б.
Тесттер оқу жылының басында оқуға түскен студенттердің дайындық деңгейін бақылау ретінде және оқу жылының соңында оқу жылы барысындағы алға басушылықты анықтау үшін өткізіледі.
Жоғары оқу орнында оқитын студенттер контингентініңжас ерекшеліктері. Жоғары оқу орнында оқитын студенттер жасөспірімдер және жастар тобына (жастар тобы 19-28 жас) жатады. Бұл жастардағы оқитын контингентпен сабақты Ғйымдастырып өткізгенде олардың морфологиялық қызметтік және психологиялық ерекшеліктері назарға алынуы тиіс.
Медициналық-биологиялық зерттеулер нәтижесі көрсеткендей студенттердің бойларының өсуі тоқтағаннан кейін ағзаның морфо-функционалдық дамуы жалғасады. Дене массасы, көкірек қаңқасының ауқымы, өкпенің өмірлік сиымдылығының, бұлшық ет күшінің дене жұмыс қабілеттілігінің артқаны байқалады. Бұл кезеңде биологиялық даму, жас адамның ағзасының қалыптасу кезеңі, яғни оның ағзасы жоғары дәрежеде икемді, иілгіш, дене жүктемелеріне бейімді болады.
Студенттердің дене дамуының үйлесімділігі олардың жетілмеген дене сапалары мен морфофункционалдық көрсеткіштері деңгейін арттыруға бағытталған болуы тиіс (мүсінінің сұлулануы, дене массасын игеру, өкпенің өмір сиымдылығын ұлғайту). Шұғылданушылардың морфофункционалдық мәліметтерін бағалау, әдебиеттегі бар дене дамуының бар стандартының жеке көрсеткіштерін салыстыру, дене дамуы үйлестігінің деңгейін бағалау кестесімен, индекстер әдісін пайдалану негізінде өткізіледі. Адамның жасы оның психологиясына, көңіл күйі жағдайына, қызығушылығына белгілі дәрежеде із қалдырады. Социологиялық зерттеулер көрсеткендей бүтіндей алғанда студент жастар дене мәдениеті және спортпен шұғылдануға оң көзқараспен қарайды. Солай бола тұрсада бозбалалардың көпшілігі және әсіресе, қыздарда дене мәдениеті мен спортқа қызығушылық және белсенді қозғалыс әрекетіне деген қажеттілік олардың бойында қалыптаспаған. Бұған қосымша осыған байланысты пәннің оқу бағдарламасын жақсы меңгеру үшін қажетті психологиялық алғы шарттары жасалмаған. Бұл студенттердің дене дайындығына және денсаулығына кері әсерін тигізеді. Сондықтанда сәйкес келетін қызмет мотивациясын педагогикалық міндеттердің ішіндегі маңыздыларының бірі ретінде қарау қажет.
Студенттердің дене мәдениеті мен спортқа қызығушылығын дамыту мыналардың негізінде іске асады:

  • қызығушылықтың әлеуметтік маңызды мотивациясының артуы;

  • оқу процесі сапасының артуы;

  • дене тәрбиесімен шұғылдану жағдайының одан әрі жақсаруы;

  • студенттерге арнайы білімнің үлкен көлемін хабардар ету және осының негізінде дене мәдениетімен және спортпен шұғылдануға сапалы түрдегі қажеттілігін қалыптастыру;

  • студенттердің дене мәдениті мен спортқа қызығушылығын басқа қызығушылықтарымен байланыстыру (кәсіби мамандығына, өнерге және т.б.);

  • оқу бөлімдері мен спорт түрлеріне оларды бөлгенде студенттердің талабы мен бейімі барынша ұқыпты ескерілуі тиіс.

Жоғары оқу орындарындағы дене тәрбиесінің әдістемелік негіздері. Жоғары оқу орнында оқытып үйрету оқу жұмыстарының үлкен көлемімен және аса жоғары ақыл-ой жұмсалуымен байланысты болады. Жоғары оқу орнындағы қарқындылық, әсіресе техникалық, ғылыми ақпарат ағынының артуымен байланысты және студентке оны тығыз уақыт ішінде меңгеру қажеттілігін арттыруға үзіліссіз мақсатты бағыт керек. Студенттердің жоғары оқу орнында оқу кезеңінің барлығында ақыл-ой жұмыс қабілеттілігінің динамикасы, жоғары ақыл-ой белсенділігін сақтауы күн режіміндегі және оқу аптасындағы дене жүктемелерінің көлеміне байланысты. Сонымен бірге дене және жұмыс қабілеттілігінің арасында тығыз байланыс бар екені байқалады.
Дене тәрбиесімен жүйелі шұғылдану кезінде дене жұмыс қабілеттілігінің артуы студенттердің орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) қызметтік жағдайының жақсарумен қатар жүреді. Орталық жүйке жүйесінің жұмысын сүйемелдеу және арттыру үшін студенттерге жоғары оқу орнында оқыған барлық жылдарында аптасына 6-8 сағат көлеміндегі қозғалыс режімімен шұғылдану аса тиімді (Замаренов Б.К., 1972ж).
Егер келесі принципті ережелер ескерілсе қозғалыс жүктемесімен ақыл-ой қызметі үйлесімділікпен тиімді іске асырылады:

  1. Тәртіп бойынша дене жаттығуларымен шұғылдану (міндетті және өз бетінше) әрбір семестрдің бірінші жартысында жылдамдық қабілеттерін, жылдамдық-күш сапалары мен жылдамдық төзімділігін дамытуға бағытталған 70-75% жаттығулардан тұруы қажет. Студенттердің жүрек қан-тамырларының соғуы жиілігі бойынша жүктеме қарқыны минутына 160-170 ретке дейін соғуы мүмкін.

Әрбір семестрдің екінші жартысында шамамен қолданылатын дене тәрбиесі құралдарын күшті, жалпы және күш төзімділігін дамытуға жұмсау қажет. Сонымен бірге қарқындылық бұл кезеңде біршама төмендейді (ЖСЖ минутына 150 ретке дейін соғады).
Оқу және өзбетінше шұғылдануды бұлай құру студенттердің ақыл-ой жұмыс қабілеттілігіне ынталандыру әсерін тигізеді.

  1. Күнделікті сабақ кестесінің тәртіп бойынша бірінші жұбында өткізілетін дене тәрбиесі сабағында аз қарқынмен орындалатын жүктемелер беру мақсатқа сәйкес келеді (ЖСЖ 110-130 рет .мин.) немесе орташа қарқындылық (130-150 рет. мин.). Мұнда сабақтың ең жақсы моторлы тығыздығы 50-60% аралығында болады. Мұндай сабақтардың негізгі міндеті соңғы нәтижеде жоғары жұмыс қабілеттілігі кезеңіне дем беріп және ұзартатын және оқу материалын жақсы меңгеруді қамтамасыз ететін ақыл-ой қызметінің жақсы қызметі (врабатывание) кезеңінің қысқаруы қамтамасыз етіледі. Мұндай жүктемемен шұғылдану өз дайындығын қоса оқу күнінің соңына дейін жақсы ақыл-ой белсенділігінің сақталуына мүмкіндік береді.

Егер дене тәрбиесі сабағы оқу күнінің 3-4-ші жұбында өткізілген жағдайда ЖСЖ мин 150-160 реттен аспауы тиіс. Жоғары дене дайындығы жоқ топтар студенттері үшін үлкен жүктеме беру қолайсыз болады.

  1. Аз жаттыққан студенттерге аптасына 2 рет дене тәрбиесінен шұғылдану сабақтарында үлкен қарқынмен жүктеме беру оқу аптасы барысында ақыл-ой қызметін төмендетеді. Сондықтан ақыл-ой белсенділігін төмен түсірмеу үшін дене жүктемелерін жоспарлауда студенттердің дене дайындығы деңгейін есепке алу маңызды.

  2. Әртүрлі спорт түрлерімен шұғылдану ақыл-ой жұмыс қабілеттілігіне әртүрлі әсер етеді. Бір жағынан ойындар мен жеке сайыс түрлері психикаға жоғары талап қояды.

Бұл сезім күйінің психикалық механизімдері қызметінің артуымен байланысты болады. Мұндай сабақтардың әсерінен ақыл-ой белсенділігі төмендейді. Басқа жағынан, ұзаққа созылмайтын ойынмен берілетін сезімдік жүктемелер оқу қызметіне демеу беріп, студенттерді ынталдырады. Дене тәрбиесі сабағының мазмұны сылбыр емес, жеткілікті дәрежеде әртүрлі болса жоғары әсері болады.

  1. Емтихан-сынақ сессиялары кезеңдерінде мүмкіндігінше әдеттегі сабақтарға қарағанда 60-70% төмендетілген қарқынмен таза ауада аптасына 2 реттен артық емес етіп өткізу керек. Циклдік сипаттағы жаттығулар пайдаланған мақсатқа сәйкес болады (суға жүзу, шаңғы, жүгіру).

Осындай бейнеде, сессия кезінде дене жаттығуларымен шұғылдану сабағының бағыты бойынша сауықтыру-сақтандыру (негізінен спортшы еместер үшін), екінші жағынан сүйемелдеу басымырақ (спортшылар үшін) сипатында болады.
Оқу аптасының шегінде қалыпты ақыл-ой жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында дене тәрбиесінен шұғылдану сабағын жоспарлаудың келесі бастапқы-бағдарлау үлгісі ұсынылады:

  • дүйсенбі-студент ағзасының психологиялық дене жағдайын жандандыру мақсатында дене жаттығуларымен шұғылдану;

  • сәрсенбі-жұмыс қабілеттілігін сүйемелдеу үшін дене жаттығуларымен шұғылдану;

  • жұма (немесе сенбі) - апталық жинақталған (кумулятивтік) шаршауды түсіру мақсатында дене жаттығуларымен шұғылдану;

Ақыл-ой жұмыс қабілеттілігінің үйлесімді көрінуі үшін тек әртүрлі дене тәрбиесі құралдарын жүйелі пайдалану ғана дұрыс (объективті) жағдай жасайтынын атап өткен жөн.
Студенттердің дене тәрбиесі өзіне келесі негізгі бағыттарды кірістіреді: жалпы спорттық, кәсіби-қолданбалы дене дайындықтары мен гигиеналық, сауықтыру-рекреативтік, емдеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет