Лекция тезистері 5B010800 «Дене шынықтыру және спорт»


Бейімделу дене мәдениетінен денсаулығы жағдайында ауытқуы бар студенттермен сабақ өткізу әдістемесі



бет109/147
Дата11.10.2022
өлшемі3 Mb.
#42299
түріЛекция
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   147
Байланысты:
4. лекция тезистері

Бейімделу дене мәдениетінен денсаулығы жағдайында ауытқуы бар студенттермен сабақ өткізу әдістемесі. Денсаулығы нашар, мемлекеттік бағдарлама бойынша дене мәдениетімен шұғылдануға мүмкіндігі жоқ студенттер саны жоғары оқу орнының ерекшелігіне қарай жалпы студенттер контингентінің 15-30% пайызын құрайды.
Денсаулық жағдайына байланысты ауытқуы бар студенттер санының арту себебіне (тенденциясына) байланысты дене мәдениетінің осы заманғы бағыттағы маңызы артады, яғни таным, әсер ету және денсаулығын жақсарту нысаны (объектісі) ауру адам, яғни бейімділік (адаптивті) дене мәдениеті (АДМ).
АДМ (адаптивті дене мәдениеті) мамандары дене мәдениеті мен спорт қызметіне мүгедектерді де тартады, яғни олардың өмірге қабілеттілігін максимальды мүмкіндігіше дамыту және қоғамның әлеуметтік маңызды мүшесі ретінде үйлесімді іске асыру қажет.
АДМ-да денсаулық жағдайында ауытқуы бар адамдардың оқу және еңбек қызметінде сауығуын және бейімделуіне мүмкіндік туғызатын құралдары мен әдістері жетілдіріледі.
Дене мәдениеті пәнінен практикалық сабақтан ұзақ мерзімге босатылған студенттермен жүргізілетін білім беру процесі өзіне үш модулді кіргізетін оқу бағдарламасы бойынша іске асырылады: білім беру, валеометриялық және практикалық (Хомутов Г.А., 1999 ж.).
Бағдарламаның білім беру модулінде студенттер “Адам және оның денсаулығы” мәселесі бойынша осы заманғы ғылым жетістіктері деңгейінде білім ала алады.
Бағдарламаның валеометриялық модулінде студенттер көрнекілікпен, осы заманғы технологияны пайдаланып олардың денсаулық жағдайының деңгейі туралы өзінің жеке сауықтыру бағдарламасын іске асырудың әсерімен денсаулық жағдайының динамикасымен, ауруға шалдығу қауіп-қатерінің негізгі паталогиялық жинақты белгілері (синдром) туралы студенттер көрнекі мағлұмат алады.
Жүйелендірілген, біріктіретін және жағдай жасайтын білім беру процесінің бастамасы студенттердің тұлғалық, дербес, кешенді, базалық және мазмұны жағынан қосымша, ағымдағы және уақыты бойынша келешектік (перспективалы) сауықтыру бағдарламасын жасауы болып табылады. Базалық бағдарламаны міндетті түрде құрайтын қозғалыс белсенділігі, температураға шынығу тыныс алу гимнастикасы, үйлесімді тамақтану, психотехнология болып табылады. Қосымша бағдарламаға студенттерде бар ауруларға байланысты жеке сауықтыру әдістері кіреді. Уақытпен жеке сауықтырудың базалық және қосымша бағдарламасы ағымдағы сияқты жоғары оқу орнында оқыған жылдар кезіне және келешектік сияқты көз жетер кезеңге, шамамен 5 жылға жоспарланады.
Бағдарламаның практикалық модулінде мақсатты шамалау, мақсатқа жетумен, яғни өз бетінше бейімделу (адаптивной) дене мәдениетімен шұғылдануда жеке сауықтыру бағдарламасын іске асыру түрінде нығайтады.
Дене мәдениетінің құнды құрал-күштерін (потенциалын) игеруге студенттерді қатыстырып тартудың үйлесімді формасы (ағза жағдайының тепе-теңдігі) мыналар болып табылады:
1/ оқытушының басшылығымен жеке-бағытталған, сауықтырудың жеке бағдарламасын іс жүзінде іске асыру;
2/ аэробты сипаттағы циклдік дене жаттығулары түріндегі рекреативтік (үзілістік) сабақтар (мысалы, жаяу және шаңғымен серуендеу).
Г.А.Хамутовтың зерттеулерінде көрсетілгендей дене мәдениетінің бейімді құралдарымен сауықтыру формаларының жеке-бағытталған бағдарламасын іс жүзінде орындау денсаулығында ауытқушылығы бар студенттердің үйлесімді сауығуына мүмкіндік туғызады. Бұл морфофункциональдық көрсеткіштердің дұрыс динамикасымен, яғни ол бәрінен бұрын өкпенің өмірлік сиымдылығымен (¤.¤.С.), өмірлік көрсеткіштерімен (индекс) , күштік көрсеткіштерімен, ЖСЖ (жүрек соғуы жиілігі) төмендеуімен, дене жүктемелерінен кейінгі тамыр соғуының қалпына келуімен мақұлданады. Бейімді дене мәдениетімен шұғылдану өзін-өзі сезіну, белсенділік және көңіл-күйдің тұрақты өсу көрсеткіштері шкаласымен студенттердің психофизиологиялық мәртебесін (статусын) жүйелендіруге (оптимизациялауға) мүмкіндік туғызады.
Студенттердің дене тәрбиесін ұйымдастыру түрлері. Дене тәрбиесі ЖОО студенттерінің оқу қызметінде және оқудан тыс уақытта барлық оқу кезеңдері бойында өткізіледі.
Студенттердің дене тәрбиесі оқу жұмыстарының режімінде келесі түрде іске асыралады:

  1. Оқу жоспарымен және ЖОО сабақ кестесінде алдын-ала қарастырылған оқу сабағы (аптасына 4 сағат). Бұл ЖОО дене тәрбиесінен негізгі шұғылдану түрі болып табылады.

  2. Оқу сабақтарының жалғасы және қосымшасы болып табылатын факультативтік сабақтар. Студенттердің сабаққа қатысуына мүмкіндік жасау үшін дене тәрбие кафедрасының келісімімен ЖОО оқу бөлімі басқармасымен оқу кестесіне ендіріледі. Факультативтік сабақтарда (аптасына 2-4 сағат) бағдарламалық мөлшер көлемінде студенттердің дене дайындығы жетілдіріледі, кәсіби дене дайындығы тереңдетіледі, дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесінен білімі кеңейеді, студенттердің қоғамдық дене мәдениеті және спорт қызметіндегі дайындығы жалғасады.

Студенттердің оқудан тыс уақыттағы дене тәрбиесі (міндетті шұғылдану) келесі түрде өткізіледі:
1. Оқу күні режіміндегі дене жаттығулары: таңертеңгілік гигиеналық гимнастика, кіріспе гимнастика, денешынықтыру үзілісі, қосымша сабақ және т.б.
Денешынықтыру үзілісі бірінші 4 сағаттық аудиториялық немесе практикалық сабақтан кейін өткізіледі. Олардың созылу ұзақтығы 8-10 минут.
Қосымша сабақтар (жеке және топпен) дене тәрбиесінен сынақ және оқу бағдарламасы талаптарын тапсыруға нашар дайындықтағы студенттерді дайындау мақсатында оқытушы басшылығымен өткізіледі.
2. Спорт секцияларындағы, ЖДД топтарындағы, аэробика, шейпинг және басқа да дене мәдениеті мен спорттан педагогтың басшылығымен оқудан тыс уақытта студенттердің ұйымдастыру сабақтары.
3. Студенттердің оқудан бос уақытында дене жаттығуларымен өз бетінше шұғылдану сабақтары:
а/ толық еркіндік және бастамашылдық негізде (студенттердің тілегі бойынша); б/ оқытушының тапсырмасы бойынша (үй тапсырмасы).
4. Оқу жылы барысындағы демалыс күндері және каникул уақытында өткізілетін жаппай көпшілік денешынықтыру-спорттық шаралары. Олардың мазмұнына спорттық кештер, факультет құрама командаларының қатысуымен спартакиадалар, жаппай көпшілік кростары мен эстафеталар, дене мәдениеті мерекелері, әртүрлі деңгейдегі жарыстар, туристік жорықтар және т.б. кіреді.
5. Қысқы және жазғы студенттер каникулдарындағы қалпына келтіру, сауықтыру, шынықтыру және дамыту әсерін беретін сауықтыру-спорттық лагерлеріндегі шұғылдану сабақтары. Сауықтыру-спорттық лагері жағдайында студенттердің дене белсенділігінің көптеген формалары іске асырылады: Таңертеңгілік гигиеналық гимнастика, суға жүзуге үйрену, әртүрлі спорт түрлерінен жаттығу сабақтары (студенттердің таңдауы бойынша), денсаулығы нашар студенттермен шұғылдану сабағы (емдеу бағдарламасы бойынша), туристік жорықтар, денешынықтыру-спорттық көңіл көтерулер мен ойындар, лагерішілік және лагерлер аралық спорттық жарыстар және т.б.
Осындай бейнеде, тәрбиелік және білім беру міндеттерін шешуден тыс дене тәрбиесі оқудан тыс уақытта студенттердің қозғалыс белсенділігін арттыруға мүмкіндік туғызады; кәсіби қолданбалы дене дайындығы мен оқуға жұмыс қабілеттілігін жүйке-сезім жүктенуін түсіру жолымен жақсартады; өзбетінше денешынықтыру-спорттық сабақтарды өткізумен байланысты білімді, біліктілікті және дағдыларды қалыптастыруды жалғастырады.
Жастық шақтағы дене жұмыс қабілеттілігін арттыру үшін сауықтыру жаттығуында әртүрлі төзімділік түрлерін (жалпы, жылдамдық, жылдамдық-күш) жетілдіретін жаттығуларға артығырақ мән берген дұрыс. Орта және егде жастарда шектелген жылдамдық жаттығулары жағдайында барлық қозғалыс сапаларына әсер ету маңызды.
Орта және ортадан жоғары дене қабілеті жағдайы деңгейіндегі адамдар үшін аптасына үш реттік шұғылдану дұрыс болып табылады. Жоғары дене дайындығы жағдайындағы жас адамдарға да дене жұмыс қабілеттілігі мен дайындығын одан әрі жетілдіру мақсатында аптасына 3 рет шұғылдану мақсатқа сәйкес болады. Кемеліне келген және егде жаста дене дайындығы жағдайының жоғары деңгейінде, оны одан әрі сүйемелдеу үшін аптпсына екі реттік шұғылдану қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет