Түсіндіру Көрсету Қозғалу
Спорт кондырғыларын орнату және т.б.
№11 Лекция сабағының тақырыбы : Студенттің өзіндік жұмысы.
Сабақтың мақсаты: . Білім жүйесі мен дене шынықтырудың жалпы теориясын қалыптастыру. Зерттеудің ақпараттық негізін құрайтын материалдарды ашу және оны өңдеу әдістерін оқытып үйрету
Жоспары: Дене тәрбиесінің мөлшерлі негізі мен мазмұны.
Дене тәрбиесің сауықтыру және қолданбалы бағыттары.
Жүктемені оның сипаттамасына, бағытына және мөлшеріне қарай қалыптастыру ерекшеліктері.
Қозғалыс дағдылар мен біліктіліктерге бастапқы үйретудің жене олардың қалыптастыруының негізгі тәсілдері мен бақылауы.
Лекция мәтіні: Бұл принциптің мәні, дене мәдениеті денсаулықты нығайтуға жәрдемдесетіндігімен тұжырымдалады.
Денсаулық ұғымына америкалық дәрігер Г.Сигерист мына келесі анықтаманы берді: “Денсаулығы мықты болу үшін, үйлесімді дамуымен және оны қоршаған дене және әлеуметтік ортаға бейімделгіштігімен айырмаланатын адам ғана саналады. Дені саулық тек ауруы жоқ деген ұғымды ғана бермейді, яғни бұл дұрыс, адамға өмір тапсырған міндетін өмір қуанышымен және шын көңілмен орындау”. Бұған Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы (БДС¦) қабылдаған мына анықтама сәйкес келеді: “Денсаулық – бұл толық дене, рухани және әлеуметтік аман-есендік жағдай, яғни тек ауруы жоқтың немесе дене ақауының болмауы емес”.
Ағзаның өзінің функционалдық көрсеткіштерін адекватты (бара-бар) өзгерту және әртүрлі жағдайларда үйлесімділігін сақтау қабілеті- денсаулықтың барынша тән өлшемінің белгісі (Баевский Р. 1979ж.).
Адам денсаулығы денсаулық сақтау мекемелерінің қызметіне 10-15 %, ал 15-20% -қоршаған орта жағдайына және 50-55%- өмір сүру бейнесі мен жағдайына тәуелді екені ғылымда дәлелденген. Қозғалыс және денсаулық мәселелері сонау Ежелгі Грекия мен Римде де жеткілікті дәрежеде өзектілігімен ойшылдарды толғандырды. Мысалы, Грек философы Аристотель (б.д.д. ІVғ.) ағзаны дене әрекетсіздігінен артық ешнәрсе бұза алмайтындығы туралы ойын айтқан болатын, Ұлы дәрігер Гиппократ ауруларды емдегенде дене жаттығуларын пайдаланып қана қоймай, сонымен бірге олардың қолданылу принципін негіздеді. Ол: “Қызмет үйлестігі сол адам денсаулығына жаттығу жиынтығына дұрыс көңіл бөлудің нәтижесі болып табылады,” - деп жазды. Ерте дүниедегі Римдік дәрігер Галлен өзінің “Денсаулықты қайтару өнері” еңбегінде: “Мен өз ауруларымның мың және мың рет жаттығулар арқылы денсаулығын қайтардым,” - деп жазды. Француз дәрігері Симон-Андре Тиссо (ХVІІІ ғ.): “... Қозғалысты кез келген құрал ауыстыра алуы мүмкін бірақ Әлемнің барлық емдеу құралдары қозғалыс әрекетін ауыстыра алмайды,” - деп жазды.
Осы заманғы жағдайда біздің қоғамның дамуында халықтардың денсаулық жағдайы мен өмір сүру ұзақтығы күрт төмендеп кеткені байқалады.
Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасындағы жастардың тек 10%-ң ғана дене дайындығы жағдайы мен денсаулығының дұрыс деңгейде екені, адамдардың өмір сүру ұзақтығының 7-9 жылға қысқарғаны, нәтижесінде қоғамның өндірістік потенциалының төмендейтіні әртүрлі зерттеу мәлімет көздерінен белгілі.
Денсаулық жағдайы мен дене жұмыс қабілеттілігінің өмір сүру бейнесімен, күнделікті қозғалыс белсенділігі сипатымен арасындағы тығыз байланыстылығы көптеген зерттеулермен дәлелденген. Бұл зерттеулер ең жақсы дене жүктемесінің орынды тамақтану және салауатты өмір бейнесімен үйлестікте берілуі “қан тамыры (коронарный) эпидемиясын” жеңуде, көптеген аурулардың алдын-алуда және өмір сүру ұзақтығын арттыруда барынша әсерлі болады. Дене мәдениеті адам денсаулығына дұрыс әсер етуі үшін белгілі мына ережелер сақталуы тиіс:
1/ дене тәрбиесінің құралдары мен әдістерінің тек сауықтыру құндылығы ғылыми негізделгендері ғана қолданылуы тиіс;
2/ дене жүктемелері шұғылданушылардың (оқушылардың, студенттердің т.б.) мүмкіндігіне сәйкес жоспарлануы тиіс;
3/ дене мәдениетінің барлық түрлерін қолдану процесінде дәрігерлік, педагогикалық бақылау және өзін-өзі бақылаудың жүйелілігі мен бірлігін қамтамасыз ету қажет.
Сауықтыру бағыттылығының принципі дене мәдениеті және спорт мамандарын дене тәрбиесін ұйымдастырғанда, олар сақтандыру және дамыту қызметтерін де атқаруы тиіс екенін міндеттейді. Бұл дене тәрбиесі көмегімен мыналар қажет екенін білдіреді:
ағзаның қызмет ету мүмкіндіктерін, яғни оның жұмыс қабілеттілігін және қолайсыз әсер етулерге төзімділігін арттыра отырып жетілдіру;
қазіргі өмір жағдайында туындайтын қозғалыс белсенділігінің жетімсіздігінің орнын толтыру;
Денешынықтыру-сауықтыру процесін оңтайландыруда (оптимизациялауда) басты рөль ғылыми дәйектелген және сыртқы және ішкі адам дамуының қозғаушы күштерінің бара-бар өзара байланысын жобалауға жіберіледі.
Қазіргі уақытта, кең қолданысқа арналып ұсынылған авторлық кешендердің бүтіндей қатары мен сауықтыру бағытындағы дене жаттығуларының бағдарламасы дайындалған және мақұлданған. Олардың негізгі құндылығы - қол жетерлік, іске асырылу және тиімділік қарапайымдылығы.
Бұл бәрінен бұрын мыналар:
бақыланатын жүгіру жүктемелері (Купер жүйесі);
1000 қозғалыс режімі (Амосов жүйесі);
күнде 10000 қадам жасау (Михао Икам жүйесі);
өмір үшін жүгіру (Лидьярд жүйесі);
ережесі ескеріліп, күнделікті табиғи аясындағы дене аптасына 30 минут спорттық дене жүктемесі: отыра алсаң, он жата алмасаң-отыр, егер тұра алсаң, жата алмасаң-тұр, егер қозғала алсаң-қозғал (Моргауза жүйесі);
тәуліктің барлық ұйқтамайтын бөлігінде дененің бұлшық еттерін кезекпен, еркін, ұзындығын өзгертпей жинау (Томсонның жасырын изометриялық гимнастикасы);
калланетика: әйелдер үшін созылу акцентімен 30 жаттығудан тұратын бағдарлама (Пинкней Каллане жүйесі) және т.б.
Қазіргі кезде сауықтыруға күмәнсіз пайдалы әсерін тигізетін сауықтыру дене мәдениетінің жаңа бағыттары пайда болды. Оларға сауықтыру аэробикасы мен оның мына түрлерін жатқызуға болады: степ, слаид, джаз, аква немесе гидроаэробиканы, би аэробикасын (фанк-аэробика, сити-джем, хип-хоп және т.б.), велоаэробиканы, аэробиканы жүктемемен (аз салмақты штангамен), акваджогинг, шейпинг, стретчинг және т.б.
Сауықтыру бағытындағы дене мәдениеті сабағының бағдарлау методологиясы нақтылы адамның қуаттық мүмкіндігіне немесе адамдар тобының қуаттық мүмкіндіктері жағынан гомогенді қуаттық өлшем белгісіне негізделген сабақтағы жаттығуды орындау процесінің сәйкестігін тексерумен әсерлілік және имитациялық (ұқсатқыштық) және компьютерлік үлгілеуді Ресейде өңдеп дайындалған және қолдануға ендірілген.
Бір немесе басқа сауықтыру бағытындағы дене жаттығуларымен шұғылдану әдістемесін таңдау, нақтылы іске асатын жағдайға, мүмкіндікке, сұранысқа, кейде адамның жеке әдемілікті айыра білуі және қызығушылығымен ара қатынаста болады.
Дене жаттығуларының сауықтыру әсерлілігі, егер олар шұғылданушылардың жеке мүмкіндіктеріне сәйкес бағыттылығы, қуаттылығы және көлемі жағынан орынды теңестірілген (сбалансированы) жағдайда ғана байқалады. Дене жаттығуларымен шұғылдану зат алмасу процесін жандандырады және жетілдіреді, орталық жүйке жүйесі қызметін жақсартады, жүрек қан тамыры, тыныс алу және басқа жүйелердің бұлшық ет қызметі жағдайына бейімделуін қамтамасыз етеді, қан айналу және тыныс алу жүйелерінің жұмысқа кірісу қызметін жеделдетеді, сонымен бірге дене жүктемелерінің әсерінен туындаған өзгерістен кейінгі қызметтік қалпына келу ұзақтығын қысқартады.
Дене жаттығуларымен жүйелі шұғылдану ас қорыту және сыртқа шығару органдарының қызметіне оңды әсерін тигізеді (және емдеу дене мәдениеті орындалу тәртібі): асқазанның және ішектің жирылуы (перстальтика) жақсарады, олардың секрециялық қызметі артады, ішектердің жұмысында үлкен рөль ойнайтын қарынның алдыңғы қабырғасының бұлшық еттері нығаяды; сыртқа шығару органдарының, сол сияқты ішкі секреция бездерінің қызметі көбірек жетіле бастайды.
Дене жаттығулары сауықтыру әсерінен бөлек адам ағзасына жаттықтыру әсерін тигізеді (ақыл-ой және дене жұмыс қабілеттілігі артады), дене сапалары деңгейін арттыруға мүмкіндік туғызады, өмірде маңызды қозғалыс біліктілігі мен дағдыларын (суға жүзу, шаңғымен жүру және т.б.) қалыптастыруға және одан әрі жетілдіруге көмектеседі.
Ағзаға дене жаттығуларының сауықтыру, емдеу және жаттықтыру әсерін беруі, егер олар су процедурасы, күн және ауа ваннасы, сонымен бірге массаж түріндегі шынықтыру құралдарымен дұрыс үйлестірілсе одан да әсерлі болады.
Осындай бейнеде, дене жаттығулары мен шынықтырудың қозғаушы күштерін жүйелі қолдану шұғылданушылардың ағзаларының өмірлік тонусын (жүйке жүйесі мен бұлшық еттердің физиологиялық жағдайдағы күш қуаты), оның табиғи имунитетін арттырады, вегетативтік жүйелердің қызметін, жұмыс қабілеттілігін арттырады және ерте қартаюдың алдын алады.