Мектепке дейінгі жастағыларды жас кезеңдеріне бөлу Мектеп жасына дейінгі балалар ағзасы (1-6 жастар арасы) тез және өте күшті өзгереді. Бұл жастағыларды жас кезеңдеріне бөлу биологиялық даму дәрежесін көрсетеді және мектепке дейінгі мекемелердегі тәрбие процесінің талаптарын бір мезгілде қанағаттандырады.
Мектепке дейінгі жастағылар келесі топтарға бөлінеді : 1/ 1-10 күн аралығындағы жаңа туғандар ; 2/ Емізулі сәбилік шақ, 10 күннен–1 жасқа дейінгілер ; 3/ Ерте балалық шақ, 1-3 жастардағылар ; 4/ Бірінші балалық шақ, 4-6 жастардағылар. Бұл келтірілген кезеңге бөлу кеңестер Одағы Педагогика Ғылымдары академиясының балалар мен жасөспірімдер физиологиясы ғылыми-зерттеу институтының басшылығымен өңделіп және пайдаланылуға ұсынылған 2 және 3 топтағылар яслидегі І-ші және ІІ-ші топтарды құрайды.
2-4 жастағылар балалар бақшасының бірінші және екінші майда балалар тобын құрайды. Бірінші балалық шақ (4-7 жастағылар) балалар бақшасының орта тобы (4-5 жастағылар) мен үлкендер тобын (5-6 жастағылар) және мектепке дайындық топтарын (6-7 жастағылар) құрайды.
Мектепке дейінгі мекемелердің іс-тәжірибесінде осыған байланысты мына сөз ұғымдары қолданылады : майдалар, орташалар және мектеп жасына дейінгі үлкендер тобы.
Қозғалыстың даму ерекшеліктері Өмірге келгеннен кейінгі алғашқы үш ай ішінде нәресте әлі денесін игере алмаса да жарық сәулесін, дыбысты, адамның қозғалысы мен даусын сезінеді. Үш айлығында бала етбетінен жатып басын көтеріп ұстай бастайды. Алты айлығында еңбектеуге, тұруға әрекет жасайды және толық отырады. Екі жастағы кезеңінде баланың қоршаған ортаны танымы елеулі жетіледі, тәжірибесі кеңейеді.
Ол еңбектейді, ұстайтын тірек арқылы тұрады, қолымен ойыншықтарды ұстайды және оны тастайды. Бір жаста жүре бастайды. Екі жасында жүреді, өрмелейді, заттармен әртүрлі қимылдар жасайды (сырғанау, затты лақтыру, орын ауыстырып қою т.б.). Қозғалыстың дамуы қоршаған ортаның әрекет қимылына негізінен еліктеу түрінде пайда болады. Ерте балалық шақ кезеңінде (1-3 жас) артық қозғалыс әрекетінің артуы, оны өз бетінше еркін меңгеруінің дамуымен қатар пайда болады. Бұл кезде бала қысқа жол бөлігінде жүру бағытын сақтауға, белгі бойынша қозғалысын өзгертуге, екі қозғалысты кезекпен орындауға, тапсырылған ырғаққа бағынуға қабілеті артып, біртіндеп аяғын жиі басып жүру жүгірумен алмасады. Екі аяқпен секіре білу, гимнастикалық швед қабырғасымен немесе сатымен өрмелеуде қолмен, аяқпен кезекпен қозғалу, қолайлы етіп лақтырған допты қағып ала білу қабілеттері қалыптасады. Төрт жасында шаңғымен қозғалудың қарапайым формаларын, велосипед айдауды үйренеді.
Бес жасқа келгенде, баланың өмірдегі іс-әрекеті үнемді, қуатты болады. Тапсырманы жақсы орындауға деген талап, қызығушылық, барынша дәл, әдемі қимыл әрекеттерді орындауға деген түсіну пайда болады. Табиғи қозғалыс әрекеттерін меңгеруге ғана емес, аяқтың, кеуденің, бастың затпен және затсыз талданатын қозғалыстарына қолайлы жағдай жасалынады. Ұжымдық, топтық қимыл-әрекеттерді күрделілендіру мүмкіндіктері артады (сапта орнын табу, әріптесімен доп лақтырысып және қағып ойнау), 6-7 жасқа қарай бұлшық ет күштері артады, қозғалыс икемділігі дамиды. Алдында қалыптасқан біліктілік, дағдыға айналады. Мектепке дейінгі үлкен жастағы баланың бағытын, амплитудасын, жылдамдығын, қозғалыс ырғағын, қозғалыс сипатын өзгерту, әртүрлі мәнер көрсету бағытын айыруға қабілеті жетеді. Мысалы, олар жануар, құстардың қимылын салады, жолдастарының жаттығуды орындау барасындағы және күрделі емес қозғалыстарындағы қателіктерін көреді.
Сол сияқты, ол өзгеріп отыратын әртүрлі жағдайларға бейімделуді талап ететін қимыл әрекеттерді жасайды (ойын бастаушыдан қашу), бірнеше қимыл қозғалысты үйлестіре алады (қолды шапалақтаудан соң допты лақтырып, қағып алу, секіріп жүгіру және т.б.). Дене жаттығуларының негізгі әдістерін жүйелі түрде үйрену үшін мүмкіндік туады. Мектеп жасына дейінгі балалар бақшасына барып жүрген үлкен балалар (6-7 жастардағы) мектепке оқуға дайын болу үшін келесі көрсеткіштерді көрсетуі тиіс : ол жеңіл, ырғақпен жүреді, жүгіреді, жіңішке тірек жолағымен тепе-теңдік қалпын сақтап жүреді (тақта, ені 15-20 см ұзын орындық, бөрене), бір орыннан және жүгіріп келіп, қуатпен жерден серпіліп секіреді және жерге жұмсақ, жеңіл аяқ басады (70 см ұзындыққа, 40 см биіктікке), доп және басқа да жеңіл затты бір қолымен құлаштап серпіп лақтырады, сонымен бірге екі қолмен жоғарыдан төмен және төменнен жоғары лақтырады, алақанының көлеміне лайық допты қағып алады, гимнастикалық сатымен жоғары, төмен, жанына қарай аяқ-қолды бір уақытта қозғап өрмелейді, шаңғымен сырғанайды, сонымен бірге, жалпы дамыту жаттығуларды және музыканың сүйемелдеуімен күрделі билерді орындайды, бірнеше қимыл-қозғалыс ойындарын ойнай біледі.
Достарыңызбен бөлісу: |