2. Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығы. 1979 жылы «Қазақ хрестоматиясын» жазып шығарды. Ол оқыту әдістерін негізін салушы да болды. Дидактикалық көзқарачтары жағынан ұлы педагогтардың идеяларын басшылыққа алды. Ян Амос Коминскийдіңғ озық идеяларына сүйенді. Ушинский, Толстой, Паульсон сияқты даңқты педагогтарды ұстаз тұтты. Олардың қағидаларын жаңа ортаға бейімдей қолдануға тырысты. Мұғалімдер дайындайтын училище, шеберлікк үйрететін әйелдер пансионы, қыздар мектебі, интернаттар ашты. Бұлар қазақ балалары үшін ашылған тұңғыш оқу орындары болатын. Ол ортаның наразылықтарына қарсы күресе жүріп, қазақ балаларын оқыту, оларға мектеп ашу жұмыстарын қажырлықпен ілгері бастыра берді.
Ыбырай ескі қоғам мен жаңа қоғам арасындағы қайшылықты көре білді. Сондықтан ескіні сынап, жаңаны үгіттейді. Басты нысанасы – еңбек пен талап.
3. Ыбырай Алтынсариннің өлеңдері, тақырыптары, мазмұны, мәні. Ыбырай - көрнекті ақын, талантты жазушы. Оның қаламынан бойындағы тамаша талабын танытқандай маңызы зор көркем шығармалар туды. Ол өзінің бар күш-қуатын халықты ағарту, жастарды тәрбиелеу қызметіне жұмсады. Ыбырайдың жазушылық қызметінің түпкі қазығы да сол оқу - өнер, білім мәселесімен сабақтас. Оның ойы –қазақ халқының көзін ашу, көңілін ояту, оны озық мәдениетті елдердің қатарына қосу болды.
Ұлы педагог – ақын өзінің өлеңдері арқылы оқудың, өнер – білімнің маңызын түсіндіріп, надандыққа қарсы шықты. Ол қазақ балаларын білімге баулап, олардан болашақтың иелерін даяарлауды бірінші мақсатым деп санады.
Өнер, білім – бәрі де.
Оқуменен табылған.
Кел, балалар, оқылық!-деп жар салады. Қазақ балаларына оқыған адамның қараңғылықтан құтылып, дүниенің шырағын жағып, ілгері нық басатынын ескертті.
Оқымаған жүреді,
Қараңғыны қармалап
Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар!
Адамды қор етіп, әбден аздыратын надандық деп білген ақын, елдегі небір алуан дөкірлік пен опасыздық осы надандықтың салдары деп бағалады.
Надандықтың белгісі –
Еш ақылға жарымас,
Жайылып жүрген айуандай
Ақ, қараны танымас.
Өнерлі, білімді адамды надандарға қарама – қарсы қойып, ақын олардың біріне – бірінің айырмашылықтарын бейнеді. Өнерді ел бақыты, халықты мұратқа жеткізетін сенімді құрал, шын мәнісіндегі адамгершіліктің, дүние танудың бірден – бір анық жолы деп бағалады. Оқу мен ғылымның мүмкіншіліктерін де ақын терең түсінді. Адам бойындағы ең жақсы қасиет, ақыл, мінез, дәулет, тұрмысқа керекті бұйым бәрі де оқумен, білумен, ізденумен табылатын адам ақылының жемісі. Дүниедегі ең ескірмейтін мұра - өнер-білім деп, ақын қазақтың мал байлығына өнер – білім байлығын жарыстырады. Білім еш арымайды, жұртқа ұшырамайды: ол мәңгі бақыт кілті деп танытады.
Ыбырайдың ұғындыруынша оқу, өнер қиындықсыз, оп-оңай түсер тегін нәрсе емес, оған адам төзімді күрес пен қажырлы еңбек арқылы ғана жетеді. Сауысқан екеш сауысқан да өз тамағын еңбектеніп, шоқумен табады. Үстіңе киер киім де - еңбек жемісі, ол да тоқумен табылған. Жалықпай ізденіп, ерінбей еңбек ету – парыз. Еңбексіз еш нәрсе өнбейді, еңбек - өмір кілті, оқуға, өнерге жеткізетін де осы еңбек дейді.
Қазақтың алдына өнері ілгері елдердің мәдени табыстарын көлденең тартып, сол елдердің техникалық жетістіктері – оқудың жемісі, оқыған адамға дүние кең, өмір сүру жеңіл, өйткені білімді адам от пен суды өзіне қызмет еткізеді; дүниыенің рақаты - мәдениетті өмір, жақсы тұрмыс, салтанат – бәрі де өнер арқылы қол жеткен табыс. Біз де қарап жатпалық. Басқа елдер жеткен өнерге ұмтылып, соған қол созайық деп жастарды өнерге үндейді.
Желкілдеп шыққан көк шөптей,
Жаңа өспірім достарым,
Қатарың кетті - ау алысқа – ай,
Ұмтылыңыз қалыспай!
Ыбырай өлеңдері тек оқу, өнер, білім тақырыбында қалып қоймайды. Оның көп өлеңдері әлеуметтік, гуманистік идеяны нақтылы мәселелер төңірегінде көтеріп, өз кезінің шындығын аша түсті.
Адамға ең керек нәрсенің бірі өнер деп көрсеткен ақын өнерлі адам ақылды, ал ақылды адам озбырлыққа, қиянатқа қарсы ізгі іс қылып, қайырымды болмақ екенін айтады. Ал өз дәулетіне мас болып, адамшылық арын шашу, өзі тойса да көзі тоймай қатыгез, қайырымсыз болу – адамшылыққа жат дейді.Ол адамды өнерлі, өнерсіздегіне қарай, болмаса, туысына, нәсіліне қарай бөлуге болмайды деп түйеді.
Адамның біріне-бірі қол ұшын созып, тату өмір сүруі, дүниеқорлыққа салынбауы жөн.
Жазушы халық аңызындағы Атымтай жомарттың ізгі істерін үлгі етеді. Мал үшін, дүние үшін адамшылықты жоюға, араздық жолға түсуге наразылық білдіреді.
Бұзбаңыз әділдікті бұл мал үшін,
Жиясыз оны дағы бір жан үшін, -дейді ақын.
Ақынның адамгершілік хақындағы кейбір пікірлері өзіне дейінгі қазақ ақындарының ақылгөйлік дәстүрін жалғастырып, орыстың ұлы гуманисі Л.Н.Талстой пікірлерімен ұштасады. Ыбырай да Толстой сияқты, достыққа, адамгершілікке, тату-тәтті өмірге:
Бәріміз бір адамның баласымыз,
Жігіттер, бір – біріңе қарасаңыз!
Өмір деген бес күндік, кетер өтеп,
Атаң барған орынға барасыңыз!деп үндейді.
Дәулеттілер кемтар, кедейлерге көмектесіп, жақсылық жолында ізгі іс қылса, қатарға тез қосылар еді, зұлымдық тез жойылар еді деген адамгершіл сенім айтады.
Қорлама кем адамды болсаң дана,
Кәріпті құдай сүйсе не еді шара?!
Ренжітпе пенде болсаң бейшараны,
Кәріп көңілі бір сынық пияла-ды, - дейді.
Ақының «Араз бол кедей болсаң ұрлықпенен» деген өлеңінде адалдықты, шындықты жырлайды, халқын берекесіз, жұғымсыз істен аулақ болып, игілікті еңбегімен, өз күшімен күн көруге, шындық үшін жан беруге, адал өмір сүруге шақырады.
Дүниедегі адам көзі бақ пен дәулетке тоймайды. Сондықтан адамға қайыр, рақым керек. Онсыз ол адам атағынан айырылады дейді.
Ыбырай адамгершілікке сыйымсыз зиянды мінез-құлықтарды атап көрсетіп, солардан елді сақтандырады. Қоғам адамдарының әр тобына тоқтап, олардың бойындағы азғындық белгілерін айтып береді.