ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университеті
МОДУЛЬ БОЙЫНША ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ
Тараз, 2018 ж
ПӘН БОЙЫНША ДӘРІС САБАҚТАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
№ апталар
|
Дәрістің тақырыбы мен тақырыпшалары
(4.1, 4.2, 4.3 кестелер бірігуі мүмкін)
|
Акад. сағаттар саны
|
Әдебиеттер (бет
тері көрсетілсін)
|
күндізгі
|
сырттай
|
1
|
Тақырып №1. Экспериментальды психологияға кіріспе.
Методология, әдіс, әдістеме туралы ұғым
Жалпы арнайы ғылым методологиясы
Эксперментті психологияның қалыптасуының алғы шарты.
|
1
|
|
Н.ә-1,2,.5
Қ.ә- 1,5.
|
2
|
Тақырып №2 психологиялық зерттеудегі негізгі әдістер.
1. Бақылау туралы жалпы түсінік.
2.Психологиялық әдіс ретіндегі өзін-өзі бақылау және бақылау түрлері
|
1
|
|
Н.ә-1,3,11
Қ.ә- 1.4.
|
3
|
Тақырып №3. Бақылау әдісінің прцедуралары және кезеңдері
Бақылау әдістемесін қолданудағы типтік қателіктер
Практикалық психологияда бакылауды жоспарлау
|
1
|
|
Н.ә-2,3,5.
Қ.ә- 3,6.
|
4
|
Тақырып№4. Психологиялық өлшеулер теориясының элементі.
Өлшеу әдісі
Нольөлшемдік шкалалау
|
1
|
|
Н.ә-6
Қ.ә- 3
|
5
|
Тақырып №5 Психологиялық өлшеулердің түрлері
1.Тестілеу және өгеріс теориясы.
2. Классикалық эмпирико-статистикалық тест теориясы. Стохастикалық тест тероиясы. (IRT)
|
1
|
|
Н.ә-1,6,3.
Қ.ә- 4
|
6
|
Тақырып №6 Интеллектті (Векслер)зерттеу. Аудиторияда тәжірибе жүргізу
1. Интерпитация. Қорытындылау. Есеп.
|
1
|
|
Н.ә-1.5.12
Қ.ә- 3
|
7
|
Тақырып №7 Түйсік мен қабылдауды зерттеу
Түйсік түрлерін зерттеу. Айырма сезгіштік табалдырықтарын зерттейтін әдістер
Актив және пассив сипай сезуңдегі қабылдауды реттеу
|
1
|
|
Н.ә-11.6.
Қ.ә- 2.4.
|
8
|
Тақырып №8 Зейін және зейін қасиеттерін зерттеу
Назар аудару қасиетін зерттеу. Назар аудару көлемін зерттеу.
Зейін қасиеттерін зерттеу.Корректурлық сынақты назар аудару консенрациясы және бекемдігін өлшеу.
|
1
|
|
Н.ә-4.5.
Қ.ә- 3,6.
|
9
|
Тақырып №9 Ес процестері мен ес ерекшеліктерін зерттеу
Есте сақтау қабілетінің ерекшеліктерін зерттеу.
Тәжірибелеу қондырғысынан материалды есте сақтау төуелділігін анықтау
|
1
|
|
Н.ә-6
Қ.ә- 4
|
10
|
Тақырып №10 Интеллекті зерттеу
Ойлау қабілетін зерттеу. «Пиктограмма» тәсілінің көмегімен байқап – карау ойлау қабілетін зерттеу
Ақыл-ой деңгейін анықтауға арналған әдістемер жинағы
|
1
|
|
Н.ә-6
Қ.ә- 4
|
11
|
Тақырып №11 Жас кезеңдеріне байланысты ес процестерін зерттеу
Мектепке дейінгі ес процестерін зерттеу
Жеткіншек жастағы ес процессін зерттеу
|
1
|
|
Н.ә-6
Қ.ә- 3
|
12
|
Тақырып №12 Мінез. Мінез бітістеріне тоқталу.
Мінездің ерекшелігін анықтауға арналған тапсырмалар.
Мінез бітістерін зерттеуге арналған әдістемелер
|
1
|
|
Н.ә-9
Қ.ә- 6
|
13
|
Тақырып №13 Темперамент.
Темперамент туралы теориялар
Темперамент тинперін анықтауға арналған әдістемелер
|
1
|
|
|
14
|
Тақырып №14 Қабылдау қасиетін зерттеу.
Мюллер – Лайер иллюзиясының кеңдігін өлшеу
Жас ерекшелігіне байланысты зерттеу жұмыстарынжүргізу
|
1
|
|
Н.ә-10
Қ.ә- 3
|
15
|
Тақырып №15 Жеке тұлға психологиясы.
Тұлға дамуының әлеуметтік және психологиялық даму өрісі.
Әдістелер мен тестік тапсырмалары
|
1
|
|
Н.ә-6
Қ.ә- 5
|
Сабақтың тақырыбы №1. Экспериментальды психологияға кіріспе.
Методология, әдіс, әдістеме туралы ұғым туралы толық шолу
Эксперментті психологияның қалыптасуының алғы шарты. Педагог – психологтың жүргізетін жұмыстарының негізгі мақсаты мен міндеттері:
Эксперимент кезінде оқушыға жан-жақты тексеру жүргізіледі. Ондағы мақсат — оқу-тәрбие процесінде оқушымен жеке қатынас жасау жолдарын анықтау.Оқушының жеке ерекшеліктері жөнінде мәліметтер жинау оның өсу жолында өзін-өзі тәрбиелеуіне игі ықпал етеді. Оқушының жаңа материалдарды қабылдау мен игеру ерекшелігі мұғалім қолданған әдіс-тәсілдердің нәтижесін көрсетеді. Ол оқытудың сапасын арттыруға, тәжірибесін сараптауға игі ықпал етеді.Сондықтан оқушының іс-әрекетіне белгілі бір уақыт көлемінде үздіксіз бақылау жасау ең алдымен, ғылыми ұстанымдарға сүйенуді қажет етеді. Олардың ішіндегі ең маңыздысы- іс-әрекеттегі психиканы тексеру ұстанымы. Өйткені жеке тұлға өз өміріндегі негізгі іс-әрекеттер түрімен қалыптасады. Мектеп оқушысы үшін бұл іс-әрекеттер: ойын, оқу, еңбек және т.б. болып саналады.Ұстанымдар нақты әдістер мен тәсілдер арқылы орындалады. Олар зертеу және анықтау әдістері болып бөлінеді.Зерттеу әдістері ғылыми мәселелерді шешуге арналған, ал анықтау- жеке тұлғаны, ұжымды, белгілі бір топты практикалық мақсатта тексеретін диагностикалық әдіс. Мұндай жағдайда ғылымда белгілі теориялар мен түсініктер қолданылады. Әдістер бақылау мен эксперименттен тұрады және олар табиғи және зертханалық болып бөлінеді. Мектеп жағдайына ыңғайлы эксперимент — бақылау, әңгімелесу, оқушының іс-әрекет өнімдері, сауалнама жүргізу. Бұл әдістер тәжірибеде кеңінен қолданылып, нақты нәтижесін көрсетіп жүр. Бүгінгі күні баланың мектепке дайындығын анықтауда оның психологиялық және физиологиялық дамуы басты назарда болып отыр.Психологиялық дайындықтың құрылымы мынандай бөліктерге бөлінеді:А. Жеке дайындық. Баланың жаңа қоғамдық ортаға дайындығының қалыптасуы бірнеше құқықтар мен міндеттерді қамтитын мектеп ережесінен тұрады. Мектепте оқуға дайын оқушы- мектепке қажетті оқу құралдарын (портфель, окулық, дәптер және т.б.) түгелдеп ғана қоймай, сондай-ақ жаңа білім алу мүмкіндігі мен таным қабілеті жеткілікті дәрежеде дамыған бала болып табылады.Болашақ мектеп оқушысы қызығушылығының қалыптасу жүйесіне карай өзінің мінез-құлқын, танымдық іс-әрекетін басқара алуы керек. Сонда ғана оның оқуға деген құлшынысы пайда болады.Сонымен қатар, жеке дайындық баланың эмоциялық жай-күйінің даму деңгейін де көрсетеді. Мектепке барар алдында баланың көңіл күйінің көтеріңкі болғаны жөн.Ә. Зияткерлік дайындық. Дайындықтын бұл түрі баланың нақты білімі мен ой-өрісінің ауқымын көрсетеді. Баланың танысып отырған материалына деген көзқарасы мен материалды жекелей әрі жоспарлы түрде қабылдау жүйесінің қалыптасуы маңызды. Соңдай-ақ, жалпылай ойлау формасы мен негізгі логикалық операцияларды атқарып, есте сақтай алуы да міндетті.Зияткерлік дайындық негізінен баланың бойындағы оқу іс-әрекетінің бастапқы пайымдарын қалылтастыруды көздейді. Осы дайындық түрі жалпы алғанда төмендегілерді қамтиды:
— саралап қабылдау;
— аналитикалық ойлау;
— нақтылықка талпыныс;
— логикалық естс сақтау;
— білуте құштарлық;
— сөйлеу тілін игеру;
— қолдың қозғалысы мен көру-қозғалыс үйлесімділігі.
Б. Әлеуметтік-психологиялық дайындық. Дайындықтың бұл компоненті балада басқа балалармен, мұғаліммен қарым-қатынас жасай алатын сапаларды қалыптастыруды көзделеді. Бала тон болып бірге жасап жатқан жұмыс үстінен түседі. Осы кезде балада өзін ортаға бейімдеу қабілеті өте қажет болады. Ол үшін балалармен араласып кетуге, олармен бірге әрекет етуте, олардың қызығушылығына ортақтасуына, оқу процесіндегі түрлі жағдайларга икемделуіне ықпал ету керек.
Мектепке келу кезеңі:
— мінез-құлықтың жаңа сапалық денгейге көтерілуі;
— әрекетке-іштей талдау жасау;
— нактылыққа жаңа танымдық қатынасының дамуы;
— карым-катынастың жаңа сапалы кезеңіне өту болып табылады.
Сабақтың тақырыбы №2. Психологиялық зерттеудегі негізгі әдістер.
1. Бақылау туралы жалпы түсінік.
2.Психологиялық әдіс ретіндегі өзін-өзі бақылау және бақылау түрлері
Психологиялық әдіс ретіндегі өзін-өзі бақылау және бақылау түрлері.Бақылау деп объектінің қимыл-әрекетін тіркеуді және мақсатты ұйымдастырылған қабылдауды атаймыз. Бақылау – басқа тұлғаны, микротопты, үлкен әлеуметтік топтарды және өзін-өзі зерттеудің ең тиімді және кеңінен таралған әдісі, оның көмегімен өмірдің әртүрлі жағдайындағы адамның психикасының кейбір сыртқы көріністерін ашуымызға болады. Мұнда қимыл-әрекеттің сыртқы жақтары (мимика, жесттер, сөйлеу, әртүрлі қозғалыстар, әрекеттер) тек қорытынды материал болып табылады, ал зерттеудің нағыз нысанына оның ішкі психологиялық мазмұны жатады. Бақылаудағы ең басты нәрсе – сыртқы көріністердің психологиялық мәнін дұрыс түсіндіру. Адамның өзіне тән қасиеттерін, ерекшеліктерін дер кезінде анықтау керек және оларды кездей-соқ қасиеттерден айыра білу керек. Бақылау тек оның мақсаты дәл анықталып, объектілер алдын-ала таңдалған кезде, нәтижелердің жазулары алдын ала таңдалған кезде ғана тиімді жүзеге асады. Ол жоспарлы және жүйелі түрде жүзеге асуы керек. Бақылау табиғи жағдайларда жүзеге асады: зертттеуші зерттеліп жатқан іс-әрекеттің барысын және оның өту жағдайларына араласпайды. Мысалы, адамның темпераменті көрінстерінің ерекшеліктерін зерттеуде.алыңған мәліметтер мұқият жазып алынады, одан кейін талданады. Жиналған фактілік материалдардың және оның анализінің негізінде қорытындылар жасалады, ол қорытындыларды әртүрлі сипаттағы тұлғалармен нақты жұмыс істегенде ескерген жөн.
Сабақтың тақырыбы №3. Бақылау әдісінің процедуралары және кезеңдері
Бақылау әдістемесін қолданудағы типтік қателіктер
Практикалық психологияда бакылауды жоспарлау
Бақылау әдісінің прцедуралары және кезеңдеріБақылау әдісінің прцедуралары және кезеңдері.
Психологиялық әртүрлі негіздеріне қарай классификациялау әдісі:
«шикі» мәліметтерді жинақтау процедурасы;
өлшеу нысаны;
пайдаланатын шшкаланың түрі;
шкаланатын материалдың түрі;
шкалалау моделі;
«өлшем» саны – (бірөлшемді және көпөлшемді);
мәліметтерді жинау әдісінің қуаттылығы (қуатты және әлсіз);
индивидтің жауабының түрі;
олар қандай болып табылады: детерминиялы немесе болуы ықтимал.
Ранжирлеу әдісі – барлық объектілер зерттелушіге бірден ұсынылады, ол оларды өлшеу белгісінің артуына қарай реттестіруі қажет.
Жұптарды салыстыру әдісі – объектілер жұп болып берледі, және олардың ұқсастығы мен айырмашылығы бағаланады.
Абсолютті бағалау әдісі – стимулдер біртіндеп ұсынылады, ұсынылған шкаланың бірліктерінде стимулдың бағасы беріледі. Таңдау әдісі – зертелушіге берілген критерийге сәйкес ұсынылған стимулдарды таңдау ұсынылады.
Қарым-қатынастарды бағалау әдісі – зерттелуші екі стимул тудыратын сезінулердің қарым-қатынасының сандық мөлшерін тікелей қалыптастырады.
Қарым-қатынастарды орнату әдісі – зерттелуші екінші стимулды таңдайды, онда ол тудыратын сезіну бірінші стимулға белгілі бір қатынаста орналасады.
Сезімталдылық – тікелей биолгиялық маңызы жоқ, бірақ сезіну формасындағы психологиялық реакцияны тудыратын ортаның әсеріне деген ағзаның жауап беру немесе есте сақтау қабілеті.
Сезімталдылықтың төменгі абсолютті шегі – тітіркендіргішті саналы танудың шегарасы минималды және әрең байқалатын сезімді тудырады.
Сезімталдылықтың физиологиялық шегі – неғұрлым «төмен» шек, ол әр рецептордың сезімталдылығының шарықтау шегі болып табылады.
Ажырату шегі немесе әржақты шек – екі тітіркендіргіш арасындағы минималды айырмашылық, ол сезімдердің әрең байқалатын айырмашылығын тудырады.
Шекті зона – тітіркендіргіштің интенсивтілігінің диапазоны, оның шекарасында зерттелуші іс-жүзінде әрқашан стимулдың әсерін сезіне бастайды немес сезінуді тоқтатады.
Мнемиялық қабілеттер – ми жүйесінің қасиеті, ол ақпаратты сақта , сете сақтау қалпына келтіру функцияларын жүзеге асырады.
Қабылдаудың полене тәуелсіздігі – тұтастықты қабылдаудың басым болуы, қабылдау бейнесінде бөлшектердің жеткіліксіз дифференцияциясы., контекстіні жеңу қабілетінің болмауы.
Сабақтың тақырыбы №4. Психологиялық өлшеулер теориясының элементі.
Өлшеу әдісі
Нольөлшемдік шкалалау
Бақылау әдісі үлкен фактілік материал жинауға, кәсіби-тәжірибе іс-әрекетінде бірқатар психологиялық заңдылықтарды анықтағы мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта бақылау (тиісті мүмкіндіктері болған кезде) техникалық құралдарды қолданумен бірге жүзеге асырылады (аудио-, фото-, видеожазбалар және т.б.), және олар оқиғалардың табиғи барысына кедергі жасамайтындай қолданылады.
Бірақ бақылау әдісінің айтарлықтай кемшіліктері де бар. Олардың бірі, экспериментатордың зерттеу құбылысының барысына араласпауы. Сонымен қатар, көбінде, тек осы әдіске ғана сүйене отырып белгілі бер құбылыстың себептерін анықтау мүмкін емес. Сондықтан бақылау әдісін дәстүрлі түрде, зерттеудің басқа да әдістерімен толықтырып отырады.
Бақылауыдың қателіктері: гало-әсер (әсерлердің жинақталуы, жұқа ерекшеліктерін есепке алмау); оң әсер (оң баға беру тенеденциясы); орталық тенденцияның қателігі (орташа баға беруге тырысу); корреляция қателігі (қимыл-әрекеттің бір белгісі бағасының басқа зерттеліп жатқан белгінің неігізінде берілуі); контраст қателігі (зерттелушілердің бойынан жеке өзінікіне қарама-қарсы қырларын көрсетуге деген қасиет); бірінші әсер қателігі (бірінші әсер бұдан кейінгі қимыл-әрекеттің бағасымен қабылдануын анықтайды).
Әңгімелесу – адамның қимыл-әрекетін зерттеу әдістерінің психологияға тән әдісі, өйткені ғылымдардың басқа салаларында зерттеу объектісі мен субъектісі арасында коммуникация болуы мүмкін емес. Әңгімелесу бірінші деңгейдегі эксперименттің құрылымына және соңғы деңгейдегі эксперименттен кейінгі интервьюдің құрылымына қосымша әдіс ретінде кіргізіледі. Әңгімелесу әдісін қолдану барысында арнайы таңдалып алынған сұрақтарға деген адамның сөздік реакиясы зерттеледі. Бұл психикалық процестердің дамуының және жүзеге асуының әр түрлі жақтарын зерттеуге байланысты білімдерді нақтылауға және тереңдетуге көмектеседі. Әдетте әңгімелесу қосымша әдіс болып табылады және зерттеудің басқа әдістерімен бірге қолданылады.
Әңгімелесуге алдын ала дайындалу қажет – жоспарды ойластырып, сұрақтардың құрылымын анықтау қажет. Сұрақтар тура немесе жанама мағынада қойылуы мүмкін, бірақ көндіретін немесе сендіретін сипаттағы сұрақтар қойылмауы керек. Ең бастысы, әңгімелесу салмақты сабырлы түрде өтіп, онда зерттелушінің жас және жеке ерекшеліктері ескерілген жөн. Барлық сұрақтар мен жауаптар арнайы күнделікке нақтыланып жазап алынады. (әңгіме хаттамасында).
«Архивті әдіс» - немесе праксиметриялық әдіс. Бұған жататындар – тексттерді зерттеу, іс-әрекеттің заттық өнімдерін анализдеу, биографиялық әдіс, контент-анализ техникасы (құжаттарды анализдеу әдісі), проективті әдіс.
Сабақтың тақырыбы №5 .Психологиялық өлшеулердің түрлері. Психологиялық өлшеулер теориясының элементі.
1.Тестілеу және өгеріс теориясы.
2. Классикалық эмпирико-статистикалық тест теориясы. Стохастикалық тест тероиясы. (IRT)
Бақылаушыға нұсқау.
Бақылаушыларды дайындау кезеңдері. Көпөлшемді эксперимент – оның жоспары n-тәуелді ауыспалылардың оқиғасына арналған дәстүрлі схемалардың жиынтығы болып табылады. Көпөлшемді эксперимент - m x n схемасын қарастырады, мұндағы m – тәуелсіз ауыспалылардың саны, n- тәуелді ауыспалылардың саны.
Жеке-психологиялық эксперимент – біртекті ситуацияларда қимыл-әрекеттің жеке айырмашылықтарын айқындайды.
Кроссмәдениетті зерттеулер - әртүрлі әлеуметтік мәдени жағдайларда өскен, индивидтердің қимыл-әрекеттерін салыстыру үшін жүргізіледі. Негізігі мәні жағынан бұл зерттеу ex-post-facto экспериментінің бір варианты болып табылады. Сондықтан ex-post-facto қатысты талаптар және алынған мәліметтерді интерпретациялаудағы шектеулер кроссмәдениетті зерттеулерге бірдей дәрежеде қойылады. Кроссмәдениетті зерттеуді жоспарлаудың ең басты проблемасы – сипаты жағына зерттеліп жатқан психикалық ерекшеліктерге валидті, қимыл-әрекеттің параметрлерін тіркеуге арналған әдістерді таңдау немесе құрастыру.оның зерттеу нысанына әлеуметтік мәдени факторларға қатысты детерминациясы көзқарасы тұрғысынан адамдардың психикалық ерекшеліктерін зерттеу жатады.
Сабақтың тақырыбы №6. Интеллектті (Векслер)зерттеу. Аудиторияда тәжірибе жүргізу
1. Интерпитация. Қорытындылау. Есеп.
Психолгияда өлшеу деп - өлшенетін объект эталонмен салыстырылып, белгілі бір масштабта немесе шкаламен сандық көрінісберетін процедура түсіндіріледі.
Өлшеу шкалалары – зерттелу объектілерінің тікелей белгісінің кейбір белгілерге алмастыру жолымен зерттеу феноменін моделдейтін метриялық жүйе., олардың көрінісінің дәрежесі сандық мәнде , графикалық бейнеде немесе вербалды формада көрініс береді.
Шкалалардың мынадай негізгі түрлері бар: атаулар, реттер, интервалдар, қарым-қатынастар.
Сандық жүйе онда қарым-қатынастар жүзеге асқан көптеген элементтер, ол көптеген өлшеу объектілеріне модель болып қызмет атқарады.
Номинативті шкала (аты, аталуы) – аты бойынша классификацияланады және белгінің белгілі бір классқа сәйкестігін анықтайды.
Дихотомиялық шкала – классификация шкаласы, тек екі көрініс деңгейі бар яғни «бар-жоқ» қасиетін өлшеген жағдайда ғана шкалалар нұсқасы.
Реттік шкала – «аз-көп» принципі бойынша классификациялайтын шкала.
Интервалды шкала – «белгілі бір бірлік санына көп – белгілі бір бірлік санына аз» принципі бойынша классификациялайды.
Тең қарым-қатынастар шкаласы - өлшенетін қасиеттердің көрінісінің прополрционалды субъектілеріне немесе объектілеріне классификациялайды.
Әртүрлілер шкаласы – табиғи нолі жоқ, бірақ табиғи масштабты өлшем бірлігі бар.
Абсолютті шкала – қарым-қатынастардың даму шкаласы болып табылады және одан табиғи өлшем бірлігінің болуымен ерекшеленеді.
Шкала қуаттылығының артуы - әртүрлі объетивтьі емес орын алулар және эмпириялық амалдар, олар интуиция мен шындыққа ұқсас болжамдарға негіделген, неғұрлым қуаттылығы төмен шкаладан қуаттылығы неғұрлым жоғары шкалаға ауысуға мүмкіндік береді.
Шкаланың қуаттылығының төмендеуі – неғұрлым қуатты шкаланың неғұрлым төмен шкалаға ауысуы.
Сабақтың тақырыбы №7. Түйсік мен қабылдауды зерттеу
Түйсік түрлерін зерттеу. Айырма сезгіштік табалдырықтарын зерттейтін әдістер
Актив және пассив сипай сезуңдегі қабылдауды реттеу
Сезім құрамын зерттеу. түсті қағазбен тәжірибелеу.
Сезім құрамын зерттеу. түсті қағазбен тәжірибелеу.Интеллект түсінігінің ықпалы туралы 1921ж американдық он жеті жетекші психологтарға келесі үш сұрақ қойылды.
1.Интеллект дегеніміз не?
2.Ол топтық тестілермен қаншалықты жақсы өлшенуі мүмкін?
3.Оны зерттеуде келесі қадам қандай болуы керек?
Нәтижесінде екі сәйкес жауап алынбады. Бұл ситуация бүгінде қайталанады деуге болмайды, алайда бұл сұрақтарды сол психологтарға қояр болсақ, көп сәйкес жауаптар алатынымыз екіталай екендігіне сенімді болуымызға болады.
Осылайша, бүгін де кешегі сияқты интеллектіні анықтауда біз үлкен қиыншылықтарға кезігеміз. Келесі негізгі әдістемелік кешендерді көрсетуге болады.Осы жерде бірнеше интеллект анықтамасын беруді жөн көрдік және оларды ретімен қарастырдық
♦ Интеллект — бұл интеллект тестілерімен өлшенеді.
♦ Интеллект — бұл оқуға деген жалпы қабілеттілік.
♦ Интеллект — бұл абстрактілі ойлауға қабілеттілік.
♦ Интеллект — бұл күрделі ортада адаптация (бейімделуі), мінез-құлық тиімділігін қамтамасыз етеді.
Интеллект психологиясы
1. Интеллектіні өлшеу
2. Интеллект түсінігінің ықпалы
3. Интеллекті өлшеуге арналған тестілері, олардың түрлері
4. Интеллект құрылымы
5. Терстоун бойынша интеллект модел
6. Гилфорд бойынша интеллект моделі
7. Айзенк бойынша интеллект моделі
8. Кеттелл бойынша интеллект моделі
9. Стернберг бойынша интеллект моделі
10. Генералды фактор концепциясы: кешегісі мен бүгінгісі
11. Интеллектінің тесттік бағаларын бөлу
Сабақтың тақырыбы №8 .Зейін және зейін қасиеттерін зерттеу
Назар аудару қасиетін зерттеу. Назар аудару көлемін зерттеу.
Зейін қасиеттерін зерттеу. Корректурлық сынақты назар аудару консенрациясы және бекемдігін өлшеу.
Корректурлық сынақты назар аудару консенрациясы және бекемдігін өлшеу.
Зейін дегеніміз сананың белгілі бір нәрсеге бағытталып оның айқын бейнеленқамтамасыз етуі . Оны белгілі бір нәрсеге арнайы бағыттау немесе шоғырландыру қабылеті адамның белсенділігін білдіреді.Психиканы ерекше қасиеті ретінде зейін адамның еңбек процесінде қалыптасады. Зейін сыртқы орта құбылыстарына да адамның өзіндік ішкі механикалық күйлерінде бағытталуы мүмкін.
Зейінің қасиеттері – тұрақитылығы көп уақытқа дейін құбылып өзгеріп отыру мен байланысты қасиет, Егер адамның зейіні тұрақты болмаса, ол бастаған жұиысын аяқтап, тұбыне жеткізе алмас еді. Кейбір зерттеулерге қарағанда ІІІ-ІV кластарда оқитын оқушылардың зейіні 30-40 минутқа дейін тұрақты болатыны көрінеді. Олар бір отырғанда 30-40 минут бойы көшіріп жазу, кітап оқып отыра алады.
Зейін сөзі сонымен бірге біздің ой сманамыздың белгілі іс әрекетке шоғырланумен шолу мағынасын да білдіреді.Адам алдында тұрған міндет неғұрлым қиын болса , зейін де соғұрлым күшті әрі өткір болып, ал жұмыс қиындығы болмағанда зейін салудың күші де кенірек келеді.
Зейінді дамытуға арналған жаттығулар.
Зейіннің ауысу қабілетін дамыту жаттығуларын балаға естіртіп бірнеше сөз тіркестері айтылады. Мысалы: ойынның шартындағы келісім бойынша үстел, төсек, қой, кесе, қарындаш, дәптер, кітап, торғай, шанышқы, т.б. тәрбиешінің айтқан сөзін зер салып тыңдап отырады. Мысалы: жануарларды білдіретін болса, жануарлардың атын естіген сәтте алақанын шапалақтау керек. Бала қателесіп кетсе сөздерді қайталап анық айтсын. Ойынды екі рет қайталағанда уәде бойынша өсімдікті сипаттайтындай болуы керек.
келесі вариантында 2 бөлімді қосып өткізуге болады. Яғни жануарлар туралы айтқанда орнынан тұрады. Осы сияқты жаттығулар ұйымдастыру.
Баланың зейінін тез ауыстыруға, жылдам шоғырландыруға, бір мезгілде бірнеше объектіге бөлуге, зейінді дамытуға арналады.
Бала зейінін түзету бағдарламасы.
1 бөлімінде /дәлелдік –диагностика 5-6 сабақ/.
2 бөлімінде /қалыптастырушы 20 сағат/.
3 бөлімінде /үзбей қуаттаушы 10 сағат/.
Алғашқы екі бөлімінде педагогтардың өздері дайындық ретінде өткізсе, соңғы 3-ші сабақта ата-аналарымен бірлікте өткізеді немесе 3 бөлімінде педагогтар мен психологтар бірлесіп өткізеді.
Сабақтың тақырыбы №9. Ес процестері мен ес ерекшеліктерін зерттеу
Есте сақтау қабілетінің ерекшеліктерін зерттеу.
Тәжірибелеу қондырғысынан материалды есте сақтау төуелділігін анықтау Есте сақтау және кейін оны жанғырту немесе біздің бұрынғы тәжірбиемізде болғанды білу ес деп атайды. Ес дегеніміз адам тәжірбиесінің есте сақтау және қайта жанғырту жолымен бейнеленеді. Сыртқы дүние заттары мен құбылыстары мен адам миында сақталып қайтадан жанғыртылып танылып ұмытылуын бейнелейтін процесс. Есте қалдыру және қайта жаңғырту үшін жасалатын әрекеттердің сипатына орай естің әр түрі негізгі үш өлшемге сәйкес болуңы шарт: 1) әрекеттегі басымдау болған психикалық белсенділіктің сипаты бойынша ес – қозғалысты, сезімдік бейнелі және сөз- логикалық болып бөлінеді: 2) іс әрекет мақсатына орай ес – ырықты және ырықсыз болуы мүмкін: 3) дүниелік іс әректтегі ролі мен орнына тәуелді жатталып, сақталу мерзімінің мөлшеріне байланысты қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді және нақты қызметті естер ажыратылады.
Ес процесінің дамытуға арналған жаттығулар.
Қысқа мерзімді естің көлемін дамытуға арналған жаттығу.
Балаға бұрыннан таныс 8-10 сөз дайындау қажет: бала сіздің айтқан әр сөзіңізді қайталап отыру керек. Алдымен бір соңынан екі сөз айтасыз. Балада осы жүйелікпен қайталайды. әр сөздің арасында бір секунд кідіріс болады. Бала сіздің айтқан нақты берілген сөзді айта алмаса, саны бірдей басқа үш сөз айтуы керек.ол үшін басқа сөз тіркестерін ұсынуға болады.
алау
үй, сүт
ат, саңырауқұлақ, ине
әтеш, күн, асфальт, дәптер
төбе, көбік, су, майшам, мектеп
қарындаш, көлік, аға, бор, құс, нан
бүркіт, ойын, емен, телефон, стақан, пальто, бала
тау, қарға, сағат, үстел, қар, кітап, қарағай, бал
доп, алма, құлақшын, сәбіз, орындық,көбелек, метро,балапан, шұлық
жүк мәшинесі, тас, жидек, сөмке, стақан, балға, қыз,дастархан, қарбыз, ескерткіш.
отырады; бастарын, қолдарын көтереді; Бойларын тік ұстап, қолдарын жан-жаққа созады-гүл ашылды;Басын сәл артқа шалқайтып, күнге қарайды. Көздерін жартылай жұмып, көктемгі күнге қарап,күлімсірейді.
Сабақтың тақырыбы №10. Интеллекті зерттеу
Ойлау қабілетін зерттеу. «Пиктограмма» тәсілінің көмегімен байқап – карау ойлау қабілетін зерттеу
Ақыл-ой деңгейін анықтауға арналған әдістемер жинағы
Ойла дегеніміз шындық өмірде затар ме құбылыстардың бейнелерінің бірігуі пайда болатын психикалақ процесс.
Заттар арасындағы байланыстар мен қатынатарды ашу – ойлаудың басты міндеті осыдан ақ ойлаудың болмысты терендеу тануға бағытталған ерекше сипаты көрінеді. Ойлау қатынастар мен байланыстарды ған емес, сонымен бірге қасиеттер мен мәнді белгілейді, бірақ қатынастар ойлаумен ғана көрініп қана қоймайды. Теориялық таным әрекет ретінде ойлау ықпалды қимыл мен тығыз байланысқан. Адам болмысқа әсер жасау арқылы оны түсінеді, дүнені өзгерте, қайта жасай отырып оның мән жайын терендей айырады. Осыдан ойлау әрект пен немесе әрект ойлау ме жай қосарлана жүрмейді.
Адамның ойлау қызметі үшін сезімдік танымға қарағанда сөйлеу мен тіл әлде қайда манызды. Ойлаудың ең жоғарға формасы – сөздік логикалық ой тек қана осы ой формасында адам тілдік танбаларды қолдану мен күрделі байланыста қатынастарында бейнелейді.
Тақырыбы: Ой жылдамдығын анықтау
Мақсаты: Сыналушылардың өз бетімен жұмыс істеуін қадағалау, ой жылдамдығын анықтау
Құрал жабдықтар: ақпарақ, қалам сап .
Барысы: Сыналушыларға сандар жазылған кесте ұсынылады. Олардың міңдеті сандарды араластыру арқылы оңынан, солынаң, тікінен қосқанда «9» саны шығуы қажет екендігін айтылады.
Сабақтың тақырыбы №11. Жас кезеңдеріне байланысты ес процестерін зерттеу
Мектепке дейінгі ес процестерін зерттеу
Жеткіншек жастағы ес процессін зерттеу
Темперамент - нерв жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінң бірі ол адамдардың эмоциалық қозғалыстарына қимыл қоөғалысына жалпы белсенділігіне жақсы байқалады. Темперамент организмнің физиалогиялық өзгешеліктер мен әсіресе жоғары нерв қызметінің тума қасиеттерімен шарттас психикалық құбылыс.
Темперамент – адамның психикалық әрекетінің нақты динамикасын анықтайтын психиканың дара қасиеттерінің жиынтығы. Бұл психикалық ерекшеліктер адамның барша іс әрекеттерінде оның мазмұны, мақсаты және сеп түрліктеріне тәуелсіз бір қалыпты көрінеді.Есейген шақта өзгеріске түспей, өзара байланыста темперамент кейпін өрнектейді.Темперамент түрлерінің жақсы не жаманы болмайды.
Темпераменттер жөніндегі ғылымның ірге тасын қалаған ежелгі грек дәрігері – Гипократ (б.э.д. V ғ.) ол біздің заманымызға дейін жеткен темперамент атауларын белгіледі: Сангвиниг, Флегматик, Холорик, Меланхолик.
Темперамент көбіне адамға тума берілген әрекет-қимылының ұдайы қозғалыстағы сипатын бейнелейді. Сондықтан, темпераменттік қасиеттер басқа психикалық құбылыстарға қарағанда тұрақтанған, өзгеріске келе бермейді.Назар аударлықтай ерекшелік, темпераменттің әрқилы қасиеттері бір-бірімен кездейсоқ қосылмай, заңдылықтар негізінде түрлі темпераменттің белгілі құрылымын түзеді.
Сабақтың тақырыбы №12. Мінез. Мінез бітістеріне тоқталу.
Астеникалық мінез, Эпилоитты мінез.
Мінез тенденсиялары
Мінез тенденсиялары Мінез адам бойындағы тума қасиеттерімен берілумен қатар индивиттық тұрақты қасиет жиынтығы оған қылық және эмоционалды реттелу іс әрекет жатады. Мінез типтерінің ерекшелігі жоғарғы нерв жүйесінінен шығады. Мінез нақты адамның шыншыл, адал, ақкөңілділігіне орай сипатталмайды, аталған сапалар әр түрлі жағдайларды көрініс беретін жеке адам қасиеттері адам мінезін біле отырып оның алдағы ықтималды әрекеттері мен қылықтарын күні ілгері барластырумен оларға тиісті реттелу және түзетулер еңдіруге болады. Қалыпқа түскен мінезде адамның наным сенімдер жүйес жетекшілік етеді.Адамның басқада келбет көрністері (көз,ауыз,тұрыс,отырыс.т.б.) негізінде мінезді байқастыру осы физиогномика аймағында жоғары дамыған
Мінездің құрылымы, жеке адамның қылығы тек қазіргі жағдайларға, тіршілік пен іс-әрекеттің ықпалына тәуелді болып қанақоймай, сондай-ақ оның мінез айқындауға себепші болған барлық өткен өмір жолына, бұрынғы алған әсерлерге де тәуелді болып келеді.
Сондықтан да мінезді зерттеуде жеке адамның тек қазіргі өмір жағдайларын ғана қарастырмай, оның қалыптасуына әсер еткен барлық күрделі және сан алуан әсерлерді білуіміз қажет.
Идеалистер мінезді туа бітетін, кейін өмірде өріс алатын адамның рухани күші деп түсіндіреді. Мінез-қоғамдық-тарихи құбылыс олай болса, уақыт пен кеңістіктен тыс жатқан жалпыға ортақ мінез де болмайды.
Мінез иесі болып табылатын жеке адам - қоғамның мүшесі, ол қоғамда түрлі қарым-қатынасқа түсіп отырады. Қоғамның мүшесі ол таптық қоғамда - таптың өкілі бола отырып, жеке адам қоғамның, таптың басқа мүшелері сияқты белгілі экономикалық, саяси, мәдени жағдайларға тәуелді болады.
Адам мінезінің құрылымы әрқилы қасиеттер жиынтығынан тұрады. Кейбір мінез ерекшеліктері бір-біріне тәуелді, өзара байланысты болып келеді. Міне, мінездегі осындай әр түрлі қасиеттерден құралған біртұтас бірлікті мінез құрылымы дейміз.
Хиромантия- (қол,бал ашу) адам мінезін алақының тері бедерлері , түс арқылы болжастыру жүйесі
Дерматоглифика- бармақ алақан терісіне тумадан тгүсетін өрнектер арқылы адам мінезін анықтайтын ғылым жүйесі
Графология – мәнерлі әрекет жазу таңбасына орай адам мінезін анықтауға бағытталған ғылым.
Физигномика – адамның сыртқы келбетіне және сондай келбеті тұлғаларды ұқсастығымен белгілі тоқа біріктіріп, олардың психологиялық сипатын анықтайтын ғылым.
Жұлдызнама- адам мінезін туған күнімен байланыстырып
Сабақтың тақырыбы №13. Темперамент.
Темперамент туралы теориялар
Темперамент тинперін анықтауға арналған әдістемелер Қандай да іс әрекеттің қажеттігін білумен, адам соған орай керекті шешім қабылдайды бірақ оны орындау үшін кейде бір қимыл жасай алмайды. Мұны орынды түрткілердің кемдігімен ғана түсіндіріп болмайды. Кейде адам тіпті өз өмірі үшін қажетті болған жұмыстарды аяқсыз қалдырады.
Ерік – бұл адамның мақсатты жұмыс орындау барысында кезіккен сыртқы және ішкі кедергілерді жену мен байланысты өз қылық әрекетін қолдап, реттей білу қасиеті.Ерік өмірдің ауыртпалық түскен жағдайларында белсенділік көтеріп, өзін-өзі реттеудің көзі болумен түгелдей сана басқарымында болады.
Осы принциптерге сай ерік саналы өзіндік басқару мен бірге белсенділік аттыру, ынталандыру және реттеу қызметтерінде атқарады. Ерік әрекеті қарапайым және күрделі болып екіге бөлінеді қарапайыум әрекет күнделікті тұрмыс тіршілікті атқару нәтижесі жүзеге асасды.
Әр қандай ерік әрекетін өзінің күрделігімен ерекшеленеді. Ниеттелген мақсат анық болып , орындалу жағдайларына сәйкес әрі тікелей іс әрекетке өтетін болса әңгіме қарапайым ерік әрекеті жөнінде болған. Ал күрделі ерік әрекетінде ықпал жасаушы импульстер мен нақты әрекеттер арсында қосымша ерік бірліктері енеді. Ерік процесінің мәнді кезендері мен бөліктерінің құрамы : 1) ниеттің туындауы мен мақсат белгілеуі .2) талдау, талқылау кезені мен түрткілер таласы,3) шешім қабылдау 4) орындау.
Жаттығу. « Міне, мен қандаймын!» 8 жастан.
Мақсаты: Бұл ойын оқу жылының басына жақсы , балалар өздеріне сыныптастарының шағын ортасында өздерін артық көрсетемін деп, қызығушылығын айтқанын елестетеді. Жоғары сынып оқушыларына толық жан-жақты ашып жауап беретін ашық сұрақтар көбірек келеді. Мұндай жағдайда олар өздері жауап бергілері келетін сұрақтарды құрауға болады. Мысалы. Осы жылы қандай сенің өміріңе бәрінен де не әсер етті? «Саған қашан оқыған ұнайды?», «Сенің дос болғың келген басқа адамдар қандай болуы керек?», «Үлкендермен қалай және қайсысымен араласқан қызығырақ және жеңілірек?».
Сабақтың тақырыбы №14. Қабылдау қасиетін зерттеу.
Мюллер – Лайер иллюзиясының кеңдігін өлшеу
Жас ерекшелігіне байланысты зерттеу жұмыстарынжүргізу Жоғарыда айтқанымыздай түйсіктер қарапайым бейнелеудің жеке формаларының шеңберінен шыға алмайды.Ал сыртқы дүниені бейнелеудің шындықты процесі бұл формалардан неғұрлым бай келеді. Адам бірінен бірі бөлектеніп, дербес оқшауланған түр немесе түс, дыбыс не иіс сезімдерімен шектелмей заттармен формалар , күрделі құрылымдар мен жағдайлар әлемінде жасайды, субъекті затты қабылдамасын оны түйсіктер жиынтығы демей, тұтас бейне деп таныйды.
Қабылдау – аса көп талдап, біріктіру қызметін керек ететін құрлымды әрі белсенді психикалық әрекет. Қабылдау қызметіне қозғалыс әрекеттері де қосылады.
Қабылдаудың бұл қасиеті оның объективті болмыстық көрінісі мен түсіндіріледі, яғни сыртқы дүниеден алынатын ақпарат көзі осы объектив дүниенің өзінде болуы. Заттай қабылдау адамның тума қасиеті емес, ол өмір бойы қалыптасып, іс әрекеттің барша саласында бағыттау- реттеу қызметін атқарады.Қоршаған дүниені заттай тану сол затпен жанасу барысындағы қозғалыс процесін негізінде орнығады.Қозғалыс болмаған жерде біздің қабылдауымыз заттық қасиетіне айырылып, сыртқы ортамен байланысқа келе алмаған болар еді.
Сабақтың тақырыбы №15. Жеке тұлға психологиясы.
Тұлға дамуының әлеуметтік және психологиялық даму өрісі.
Әдістелер мен тестік тапсырмалары
«Жеке адам » түсінігі мен қатар біздің қолданымызда адам , дарада , даралық терминдары бірге жүр. Дара адам – тектілердің өкілі адамдық даму нышандарының иесі – нақты адам. Жеке адам көп сатылы құрлымға ие. Осыдан жеке адам психологиялық құрлымның ең жоғарғы жетекші деңгейі қажеттік – себеп аймағы жеке адамның бағыт бағдарының, оның қоғамға , басқа тұлғаларға , өзіне қатынасына және қоғамдық әрі еңбектік міндеттерінен туындайды.Жеке адам тұрақты қасиеттер жиынтығымен дараланады, тұлғаның барша ерекшеліктері оның тума, нәсілдік және әлеуметтік-мәдени сапаларының бірлігінен қалыптасады.Қоғамдық қатынастарға араласып және оларды басшылыққа ала отырып, адам сол қатынастоардың ықпалында қалып қоймайды. Әр қандай дара тұлға өз дербестігімен ерекшелігіне ие. Жеке адамның дербестігі оның ең жоғарғы психикалық сапасы – рухани дүниесімен ұштасады. Рухани дүние дегеніміз адам мәнінің ең биік көрінісі, оның жалпы адамзаттық инабат парызды түсіне білуі, болмыстағы өз орнына сай қызмет ете алуы.
Бір қарағанда батыл адам мақсатты оңай және еркін таңдайтын тәрізді болып көрінеді. Бірақ, шындығында олай болмайды. Батыладам да күрделі, азапты ішкі тартысты, қарама-қарсы мотивтер қақатығысын, эмоциялық тебіреністерді басынан кешіреді. Сөйте тұра ол, қажет болған жағдайда, барлық толқуларды ығыстырып қояды да, дәл осы жағдайда көбірек пайдалы бір мақсатқа немесе оны жүзеге асыру жолына берік тоқтайды.
Әдебиеттер тізімі
1 Акимова М. Н. Индивидуальность учащегося и индивидуальный подход. – М., Знание, 1992.
2. Ананьев Б. Г. Воспитание внимания школьников. – М., 1986.
3. Артёмов В. А. Психология обучения иностранным языкам. – М., Просвещение, 1989.
4. Битянова М.Р., Т.В. Азарова, Е.И. Афанасьев, Н.Л. Васильева. Работа психолога в начальной школе. Москва Совершенство, 1998, стр. 137-139, 191-193.
5. Волков В. С. Психологическое развитие и формирование личности школьника. – М., 1988.
6. Вопросы психологии внимания. Выпуск 2. – Саратов, 1990.
7. Вопросы психологии внимания. Выпуск 4. – Саратов 1992.
8. Выготский Л. С. Собрание сочинений: В 6 тт. – М., педагогика 1992.
9. Выготский Л. С. Педагогическая психология. – М., Педагогика, 1991.
10.Гальперин П. Я. К проблеме внимания. /Доклад. – М., АПН РСФСР, 1988.
11.Гальперин П. Я., Кабыльницкая С. Л. Экспериментальное формирование внимания. – М., МГУ, 1994.
12.Гильбух Ю. З. Темперамент и познавательные способности школьника. – Киев, 1993.
13.Гоноблин Ф. Н. Воспитание внимания у учащихся. – М., АПН РСФСР, 1995.
14.Гоноблин Ф. Н. Психология. – М, 1993.
15.Гуревич К. М. Индивидуально-психологические особенности школьников. – М., Знание, 1988.
16.Деятельность и внимание /Под ред. Леонтьева А. Н. – М., 1993.
17.Добрынин Н. Ф. Произвольное и непроизвольное внимание. /Учёные записки МГПИ им. В. И. Ленина. – М., 1998.
18.Домашнев Ю. Б. Психология внимания. – М., Просвещение, 1997.
19.Ермолаев О. Ю. Внимание школьника. – М., Просвещение, 1997.
20.Зимняя И. А. Психологические аспекты обучения говорению на иностранном языке. – М., Просвещение 1998.
21.Златогорская Р. Л. В помощь будущему учителю немецкого языка. – М., Просвещение 1996.
22.Иванов П. И. Общая психология. – М., 1997.
23.Климов Е. А. Психология. – М., 1997.
24.Крутецкий В. А. Психология. – М., Просвещение, 1996.
25.Крутецкий В. А. Психология обучения и воспитания школьников. – М., Просвещение, 1996.
26.Левижина С. С. Можно ли управлять вниманием школьника? – М., 1990.
27.Леонтьев А. Н. Избранные психологические сочинения: В 2 тт. – М., педагогика, 1993.
28.Леонтьев А. Н. Умственное развитие ребёнка. – М., правда, 1990.
29.Лозинский Д. И. Наглядность при обучении устной речи. – М., 1989.
30.Лурия А. Р. Внимание и память. – М., 1995.
31.Марюжина Т. М., Ермолаев О. Ю., Мешкова Т. А. Внимание школьников. – М., 1997.
32.Матюгин И. Ю., Аскоченская Т. Ю., Бонк И. А. Как развивать внимание и память вашего ребёнка. – М., 1996.
33.Миролюбов А. А., Эпельбаум Б. Н. Тексты к диафильмам и кинофильмам. – М., 1991.
34.Немов Р. С. Психология: В 2 тт. – М., Просвещение, 1995.
35.Общая психология /Под ред. Богословского В. В. – М., Просвещение, 1991.
36.Общая психология /Под ред. Петровского А. В. – М., просвещение 1996.
37.Павлов И. П. Условный рефлекс. – М., Акад. Мед. Наук СССР. – 1992.
38.Платонов К. К. Краткий словарь системы психологических понятий. – М., Высшая школа, 1994.
39.Психологический словарь /Под Ред. Давыдова В. В., Запорожца А. В., Ломова Б. Ф. – М., 1990.
40.Рогова Г. В. Методика обучения иностранным языкам. – М., Просвещение, 1991.
41.Рогов И.С.. Настольная книга практического психолога. Москва-Владос, 2000, 253 стр.
42.Рубинштейн С. Л. Проблемы общей психологии. – М., МГУ, 1993.
43.Рубинштейн С. Л. Внимание и его воспитание. – М., 1992.
44.Сеченов И. М. Избранные произведения: В 2 тт. – М., 1994.
45.Страхов И. В. Психология внимания. – Саратов, 1998.
46.Страхов И. В. Воспитание внимания у школьников. – Саратов, 1999.
47.Технические средства обучения в средней школе /Под ред. Прессмана Л. П. – М., Педагогика, 1992.
48.Ухтомский А. А. Собрание сочинений: В 4 тт. – Л., ЛГУ, 1992.
49.Фридман Л. М. Наглядность и моделирование в обучении. – М., Знание 1994.
50.Хрестоматия по вниманию /Под ред. Леонтьева А. Н. – М., МГУ, 1999.
51.Шахмаев Н. М. Технические средства обучения. – М., Знание. 1995.
52.Шардаков М.Н. развитие внимания у школьников.-М.:Учпедиз,1995
53. Щербаков А.И. Практикум по общей психологии.-М.: Просвещение,1991
54.Экранные и звуковые пособия в школе /Под ред. Шахмаева Н. М. – М.,
Просвещение, 1996.
Достарыңызбен бөлісу: |