Лекция тезистері түркістан 016 Лекция. ПӘнгекіріспе жоспары


Адамзат қоғамыныңқалыптасу



бет54/85
Дата22.12.2023
өлшемі1,88 Mb.
#142611
түріЛекция
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   85
Байланысты:
Лекция тезистері

Адамзат қоғамыныңқалыптасу
түсінігі
Адамзат қоғамықалай қалыптасты? Бұл сұрақ тарихшылардың алдында көптен қойылып келе жатқан сұрақ.Олқандай заңдылықтармен дамиды? Әлбетте алғаш рет оның діни және мифологиялық концепциясы қалыптасты. Адамзат қоғамының пайда болуы, оның дамуы,адамның жеткен жетістіктері оның өзіне байланысты емес. Христиандық шіркеу тарихшылары тарихи процесстің негізгі мақсаты құдайға жақындау, рухани даму,адамның өзін өзі құтқару деп тұсіндір-ді.Тарихтың қозғаушы күші құдайдың қолында. Тарихи процесстің мұндай концепцисын ғылымда – провиденциализм деп атайды. Осы концепцияға жақын тұрған тарихи процесстің объективті-идеалистік түсінігі адам санасынан жоғары тұрған абсолютті рух, (Гегель)-Әлемдік ерік (Шопенгауер).Тарихи процестің субъктивті концепциясы тарихтағы жеке тұлғалардың роліне зор баға берді.
Х1Х ғасырдың екінші жарытсында пайда болған тарихтыматериалитік тұрғыдан түсіну концепциясы адамзат қоғамының дамуын өндіргіш күштердің ауысуымен байланыс-тырды. Соңғы жылдары тарихи дамудың мәденитарихи концепциясы бел алуда. Бұл ілім бойынша адамзат тарихы әртүрлі өркениеттер жиынтығы. Жер шарын мекендеген халықтар өз жерінде өзіне тән өркениет қалыптастыра-ды.Сөйтіп әр қоғам әлемдік өркениетке өз үлестерін қосады.

Тарихи процесс концепция түсінігі

Тарих ғылымында қоғам дамуының бірнеше концепциялары бар.Сонау көне заманда –ақ дамудың циклдық және бір түзудің бойымен дамуұғымдары пайда болған болатын.





Бір түзу бойымен даму концепциясы
А дамды келешектен нені күтуге болады деген сұрақ мазалды.Адамзат өмірі уақыт өткен сайын дұрыстала ма?Әлде одан әрі нашарлап, адамның бақытсыздығы ұлғайып,өмі сүру қиындай түсеме? Б.з.д. VIII–VII ғасырларда өмір сүрген грек данышпаны Гесиод өзінің «Еңбек пен күндер» деп аталатын шығармасында адамзат тарихын бес ғасырға бөледі: алтын,күміс,мыс, батырлар ғасыры және темір.
Алғашқы ғасыр-адамзаттың бақытты өмір сүрген ғасы-ры. Тамағы тоқ, уайымы жоқ, көйлегі көк,ауру-сырқауды білмейтін,әрқашанда көңілді,той-думанның заманында тұрмыс кешкен адамзат қоғамы.Аспан әлемін билеген Крон есімді құдай адамдармен жақсы қарым –қатынаста болып, олармен ақылдасып отырған. Бірақ, өкінішке қарай, бұл ғасыр таусылды.Адамдар ол дүниеге өтіп, рухқа айналды. Сөйтіп, Зевс құдай адамдарды өлгеннен кейін де ұмытпай,оларды ерекше қамқорлықта ұстаған.Уақыт өте келе адамдар өзгереді, сонымен қатар қоғам да өзгеріске ұшырайды.Адамзат тарихының келесі ғасырлары адам үшін онша қолайлы болмайды.
Бір түзудің бойымен даму коцепциясының екі нұсқасы бар:пессимистік және оптимистік. Әлем-дік процесстің қайта айналып келу концепциясы көне үнді,антика филосо-фисында және Билиядан кездестіреміз. Бұл концепция бойын-ша тарихи процесс өрлеу троекториясы бойынша дамиды. Содан кейін, уақыт өте келе төменду жолына түседі де, қайта өрлейді. Міне осындай бітпейтін, мәңгілік процесс. Христиан философиясының екінші бір өкілдері келешекке писсимистік көзқарасты қолдағанмен,тарихтың алға жылжуы адамзатты «құтқару», мессяның(Библиядағы әділ патша) келуіне жақындау деп түсіндіреді.Провиденциализм идеясын осы күнге дейін қолдай-тындар бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет