Лекция тезистері



Pdf көрінісі
бет18/49
Дата06.04.2023
өлшемі1,09 Mb.
#79862
түріЛекция
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   49
Байланысты:
Лекция тезистері

 
4. Қазақстан Республикасының Конституциясы - Қазақстан Республикасының Ата 
Заңы. 
Ағымдағы Конституция 1995 
жылы 30 
тамыз күні 
жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. 
Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады. 
Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат 
болып табылады. Ол мемлекеттілік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің 
негізі боларлық принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық 
мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады. Бұл тәуелсіз 
Қазақстанның қабылдаған екінші конституциясы. Алдыңғы конституция 1993 жылы 28 
қаңтарда қабылданған болатын. 
1995 жылғы 30 тамызда жалпы халықтық референдумда қабылданған Қазақстан 
Республикасының Конституциясында «Парламент» ұғымы алғаш рет ресми түрде 
бекітілді. Осыдан кейін ғана ел Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасындағы 
сайлау туралы» Констициялық заң күші бар Жарлыққа қол қойды, оған сәйкес қос 
палаталы Парламентке депутаттарды сайлау процесі 1995 жылдың соңында өткізілді. 
1995 жылғы Конституция мемлекеттік басқару жүйесі, меншік, азаматтардың 
құқықтары мен еркіндіктеріне қатысты міндеттерді жаңаша тұрғыда шешті. Жоғары 
өкілді орган — екі палаталы Парламенттің құрылуына құқықтық негіз жасады. 1993 
жылғы Конституцияда келісім және саяси тұрактылық, халықтын игілігі үшін 
экономиканы дамыту, қазақстандық патриотизм, мемлекет өміріндегі аса маңызды 
мәселелерді демократиялық әдістермен шешу, республикалық референдумда немесе 
Парламентте дауыс беру түсіндірмелері енгізілмей қалған болатын. Елбасының 
кадағалауымен бұл түсініктер 1995 жылы қабылданған Конституцияға енгізілді. 
Конституцияға «Парламент» ұғымы заң шығарушы органды жетілдіру және одан әрі 
дамыту мақсатында екі палаталы Парламент енгізілді. 1995 жылғы Қазақстан 
Республикасының Конституциясында Парламенттің заң шығару функциясын жүзеге 
асыратын Республиканың жоғары өкілді органы болып табылатыны бекітілген. 
Парламент тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн екi Палатадан: Сенаттан және 
Мәжiлiстен тұрады. 


57 
Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан 
Республикасының астанасынан екi адамнан, тиiсiнше облыстың, республикалық маңызы 
бар қаланың және республика астанасының барлық өкiлдi органдары депутаттарының 
бiрлескен отырысында сайланатын депутаттардан құралады. Сенаттың жетi депутатын 
Сенат өкiлеттiгi мерзiмiне Республика Президентi тағайындайды.
Мәжiлiс жетпiс жетi депутаттан тұрады. Алпыс жетi депутат республиканың 
әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсi ескерiле отырып құрылатын және шамамен сайлаушылардың 
саны тең бiр мандатты аумақтық сайлау округтерi бойынша сайланады. Он депутат бара-
бар өкiлдiк жүйесi бойынша және бiртұтас жалпыұлттық сайлау округiнiң аумағы 
бойынша партиялық тiзiмдер негiзiнде сайланады.
Сенат депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - алты жыл, Мәжiлiс депутаттарының 
өкiлеттiк мерзiмi - бес жыл. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет