Лекция топырақТЫҢ компоненттік қҰрамдары жəне олардың ҚАСИЕТТЕРІ топырақТЫҢ минералогиялық ҚҰрамы


Екіншілік минералдар жəне олардың маңызы



бет3/3
Дата10.12.2023
өлшемі192 Kb.
#136425
түріЛекция
1   2   3
4.3. Екіншілік минералдар жəне олардың маңызы

Екіншілік қатардағы минералдар топырақта көбінесе, лайлы жəне коллоидты бөлшектер түрінде болады, ал шаң тəрізді бөлшектер күйінде сирек кездеседі.


Химиялық құрамы бойынша минералдар: кремний-оттекті қосылыстар немесе силикаттар жəне алюмокремний-оттекті қосылыстар немесе алюмосиликаттар болып екі топқа бөлінеді.


Кремний-оттекті қосылыстар ішінде топырақта кварц SiО2 кеңінен таралған, ол көбіне, құм жəне шаң бөлшектері түрінде келеді. Барлық топырақтарда кварц мөлшері 60 %-дан асса, құмдақ топырақтарда 90 %-ға жетеді, ал кейде одан да көп болады. Кварц өте тұрақты жəне мықты минерал, оның химиялық реакцияға икемі көп емес.


Алюмокремний – оттекті қосылыстар əртүрлі алғашқы жəне екінші қатардағы минералдардан тұрады.


Екіншілік қатардағы минералдар химиялық қасиеттері бойынша үш топқа бөлінеді:





  1. Монтмориллониттер (монтмориллонит, бейделлит, т.б.). Олар аса жоғары майдалы (дисперсті) бөлшектер. Бұл минералдардың дисперстілігі, ісінуі, жабысқақтығы, тұтқырлығы жоғары.

  2. Каолиниттер (каолинит, галлуазит). Бұл топқа жататын мине-ралдардың дисперстілігі, ісінуі мен жабысқақтығы азырақ болады.

  3. Гидрослюдалар (гидромусковит, гидробиотит, вермику-лит). Олар далалық шпаттары мен слюдалардан пайда болады. Гидрослюдалардың химиялық құрамы тұрақты емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет