Лекция ТҰРАҚты тоқТЫҢ сызықты емес тізбектері


Есептеудің графикалық әдісі



бет2/4
Дата15.04.2023
өлшемі0,64 Mb.
#82732
түріЛекция
1   2   3   4
6.2. Есептеудің графикалық әдісі

Сызықты емес тізбектер графикалық және аналитикалық екі әдіспен есептеледі. Графикалық әдіс жиі қолданылады. Графикалық есептеу кезінде сызықты емес тізбектің тоғы мен кернеуі тізбекке кіретін элементтердің вольт-амперлік сипаттамасынан анықталады.


Тармақталмаған тізбекте (сур. 6.2) вольт-амперлік сипаттаманы сызықты емес элементтердің сипаттамаларымен анықтау қажет. Негізінен U(I) U1 (I) U2(I),
мұндағы U1 He1 элементіндегі кернеу;
U 2 He2 элементіндегі кернеу.
Тізбектің вольт-амперлік сипаттамасын элементтердің вольт-амперлік сипаттамаларының абсциссаларын қосу арқылы анықтайды (сур. 6.3).


Cур. 6.2. Тармақталмаған тізбек Cур. 6.3. Тізбектің ВАС-сы


Сызықты емес элементтердің тармақталған қосылуында (сур. 6.4) Кирхгофтың бірінші заңы бойынша тоқ мынаған тең:


I(U) I1(U) I2(U).



Cур. 6.4. Тармақталған тізбек Cур. 6.5. Тізбектің ВАС-сы


Сонымен, тізбектің вольт-амперлік сипаттамасын элементтердің вольт-амперлік сипаттамаларының ординаталарын қосу арқылы анықтайды (сур. 6.5).


Егер электр тізбегінде сызықтық емес элементтер араласып қосылатын болса, онда есептеу былай жүргізіледі:

  • барлық тармақталған (тармақталмаған) бөліктердің вольт-амперлік сипаттамалары анықталады;

  • барлық тізбекті тармақталмаған (тармақталған) деп қарастырады.

Егер сызықтық элемент сызықтық емес элементпен қосылған болса, вольт- амперлік сипаттамасын сол әдіспен анықтайды (сур. 6.6).


Сур. 6.6. Сызықтық элемент Сур. 6.7. Тізбектің вольт-амперлік


сызықтық емес элементпен сипаттамасы
қосылған тізбек

Жұмыстық нүктені Кирхгофтың екінші заңының көмегімен анықтайды:


E U2 IR1 ,
мұндағы U 2  сызықтық емес элементтегі кернеу.
Бұл теңдеу I және U координаттарында түзумен берілген. Егер

I  0
болса, онда U2 E , егер
U2  0 болса, онда

I E .
R1
Жұмыстық нүкте сызықтық емес элементтің вольт-амперлік
сипаттамасы мен тізбек теңдеуін анықтайтын түзу қиылысында орналасады (сур. 6.7).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет