Лекция№1 Қазіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық ролі Лекция жоспары


Тәрбие жұмыстары бағытында озық педагогикалық тәжірибені зерттеу және жинактап қорытындылау



бет108/109
Дата19.05.2023
өлшемі252,53 Kb.
#94850
түріЛекция
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   109
Байланысты:
Лекция№1 азіргі жа дайда ы білім беруді басымдылы ролі Лекция

2.Тәрбие жұмыстары бағытында озық педагогикалық тәжірибені зерттеу және жинактап қорытындылау.
Тәжірибелі тәрбиешілер әдетте кінәлау, жазғыру, өсиет айту шараларын шектен тыс қолданбайды. Олар үйрету мен оқушы әрекетіндегі кемшіліктердің себебін анықтап алады, сонан соң барып бұларды түзетуге бағытталған орнықты кеңестер береді. Кемшіліктің себебін білмеу іс-әрекетті орынсыз бағалап, асығыс шешім қабылдауға әкеліп соғады. Әсіресе алғашқы сезімдерге беріліп немесе ашу, ширығу үстінде шешім қабылдауға болмайды. Ашулану оқушылармен арадағы қарым-қатынасты нашарлатады, мұғалім беделін төмендетеді. Педагогтар мен балалар арасындағы қайшылықтар, әдетте, тәрбиеленушілерге деген сенім мен құрмет аз, ұстаздық әдептілік орнықпаған жерлерде туындайды. Әдепті тәрбиеші бәрін ақылға салып, үлкен сақтықпен, сыпайы түрде әрекет етеді. Ол оқушылардың іс-әрекетіне тән ішкі мотивтерді анықтауға және түсінуге тырысады. Содан кейін барып педагогикалық ықпал етудің қандай да бір шараларын қарастырады, қолданады. Оқушыларды жақсы тәрбиелеп, қайшылықты жәйттерді орнымен шеше білу үшін ұстаздың өзі жақсы тәрбие көрген және санасы жоғары жан болуы тиіс. Өз білімін, педагогикалық шеберлігін тұрақты түрде толықтырып, жетілдіріп отыруы шарт. Сынып жетекшісі білімін көтерудің аса маңызды бір формасы өз біліктілігін өздігінен жетілдіру болып табылады. Сондықтан сынып жетекшісіне тән тәрбие қызметінің тиімділігі мен сапасы көбіне-көп оның өз біліктілігін көтеруге байланысты жүйелі жұмыстармен тығыз байланысты. Оны педагогикалық шеберлік шыңына қарай бастайтын да осы әрекеті. Педагогикалық шеберліктің маңызды бір көрсеткіші – балалармен қарым-қатынас жасауда жаңа жолдар табу, жұмыста тәрбиенің инновациялық технологияларын қолдана білу болып табылады. Сондықтан практикада мынадай технологияларды қолдануға тырысу қажет: ұжымдық творчестволық істер технологиясы; сыныптың тәрбие жүйесін жетілдіру технологяисы; сынып қызметіндегі бірлесіп (ұжымдық) жоспарлау технологиясы; жеке-бағдарлану жөніндегі сынып сағатын даярлау мен өткізу технологиясы; ойындық және коммуникативтік технологиялар; сауалнама жүргізу, тестілеу және психологиялық-педагогикалық диагностиканың өзге де әдістерін қолдану технологиясы; қарым-қатынас тренингтері; шоу-технологиялар; «педагог – тәрбиеленуші» диалогы; табысқа жету жағдайын жасау. Табысқа жету жағдайы – бұл баланың белгілі бір іс-әрекеттерге өзінің қатынасуынан және одан алған нәтижелерінен қанағат табуы. Табысқа жету жағдайының жалпы шарты – оған деген сенім мен оң көзқарастың орнығуы. Табысқа жету жағдайын жасауға бір мысал. Оқушының «кешегі» және «бүгінгі» жетістіктеріне баға беріп отырып, ешқашан оны өзге балалармен салыстыруға болмайды. «Бәрінен де пәленшенің жұмысы жақсы болып шықты... Ең жақсысы төленшенің жазғандары... Сенде бәз-баяғысынша нашар...» деген сияқты сөздердің орнына: «Бүгін кешегіден жақсы... Сенің қолыңнан келеді, мен саған сенемін... Сен бүгін алға бір қадам жасадың...» деген секілді сөздерді қолдану керек. Күнделікті практикада сынып жетекшісінің оқушымен қарым-қатынасы жеке тұлғаға деген құрмет пен сенімге негізделуі тиіс. Сынып жетекшісі атқарған тәрбие процесін ұйымдастыру жөніндегі қызметтің тиімділігін анықтау педагогикалық күрделі проблемалар қатарына жатады. Бұл күрделілік, ең алдымен, сынып жетекшісі жұмысының нәтижесі мен тиімділігіне мектептегі жағдай ғана емес, сонымен бірге сыртқы орта әсері де ықпал ететіндігіне байланысты. Бұл жағдайда нәтижені «таза күйінде» анықтау мүмкін емес. Сынып жетекшісі жұмысының тиімділігіне баға беру үшін тиісті критерийлер мен көрсеткіштерді анықтап алу қажет. Тәжірибелерге сүйене отырып, сынып жетекшісі қызметін айқындауға байланысты мынадай негізгі бағалау критерийлерін бөліп атауға болады: – оқушылар тәрбиелілігінің артуы; – олардың интеллектуальдық, адамгершілік тұрғыдан дамуы, дүниетанымдарының кеңеюі; – құқық бұзушылық көріністерінің орын алмауы; – оқушылардың өздерін өздері басқару ісіндегі белсенділігі. Сынып жетекшісі жұмысының тиімділігін зерделеу кезінде көрсеткіштер динамикасының бірдей болмайтынын ескеру керек. Олардың кейбіреулері тіпті өзгермеуі де мүмкін. Кейде мүлдем өткен кездегіден де төмен болып шығуы ықтимал.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет