Лекция№1 Қазіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық ролі Лекция жоспары



бет73/109
Дата16.10.2022
өлшемі344,98 Kb.
#43446
түріЛекция
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   109
Байланысты:
Лекция№1 азіргі жа дайда ы білім беруді басымдылы ролі Лекция (1)

Өзін-өзі бақылау әдістері. Өзін-өзі бақылау әдістері - оқушылардың оқу жұмысының маңызды элементі. Үй жұмысын оқушының өзі тексеретін тәсілдері: оқулық мәтінін оқып, оның жоспарын құру, ол жоспармен мәтіннің негізгі ойын айтып беру, әр тақырып соңында бақылау сұрақтарымен жұмыс істеу, мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, оған жауап беру.
Оқушылардың үй жұмысын тексеру - бастауыш мектептегі негізгі әдістердің бірі. Күнбе-күнгі тексеру жақсы нәтиже береді. Бұл әдіс арқылы мұғалім меңгерілген білімнің сапасын бақылап, оқушылардың біліміндегі кемшіліктерді анықтап, келесі сабақтардың жоспарларына түзету енгізеді. Дәстүрлісі және тиімдісі - оқушылардың үй жұмыстары орындалған дәптерлерді тексеру. Оқу үлгерімі нашар оқушылардың дәптерлерін үнемі тексеріп, жақсы оқитын оқушылардың дәптерлерін кейде тексеруге болады.
Сынақ-емтихан әдісі арқылы ірі тақырыптарды, курстың бөлімдерін немесе тұтас курсты оқып үйренудің қорытындылары шығарылады. Оқушылар монолог түрінде жауап бере алады. Сұрақ-жауап арқылы және алдын ала әзірленген сұрақтар, тапсырмалар арқылы да оқушылардың білімдері тексеріледі.
Оқыту нәтижелерін бағалау. Бақылау - білім, іскерліктерді анықтау, өлшеу және бағалау. Тексеру - бақылаудың бір бөлігі, негізгі дидактикалық қызметі мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланысты қамтамасыз ету, оқушылардың материалды қалай түсінгендігі туралы мұғалімнің ақпарат алуы, білімдегі кемшіліктерді дер кезінде табу. Бақылаудың жалпы қызметі; тексеру, оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ынталандыру. Тексерудің мақсаты- оқушылардың білім деңгейін, оның сапасын, оқу еңбегінің көлемін анықтау.
Жүйелілік принципінің талабына сәйкес диагностикалық бақылау білімді қабылдаудан оны тәжірибеде қолдануға дейін жүру керек.
Көрнекілік принципіне сәйкес барлық оқушыларды бір өлшеммен сынақтан өткізіп, бағаны талдап қойып, тестілердің нәтижелері талқыланады.
Тексеру жүйесіндегі бірінші звено - білім, іскерліктерді алдын ала талдау. Ол оқу жылының басында өткізіліп, оқушылардың өткен оқу жылындағы білімдері немесе 1-сыныпқа қабылданған оқушылардың мектепке әзірлігі анықталады. Тексеру нәтижелеріне сүйеніп, оқушылардың білім, іскерліктеріндегі кемшіліктерді жоюға бағытталған оқу жұмыстары жүреді.
2-бөлім: әр тақырыпты меңгеру процесін күн сайын тексеру.
3-бөлім: жаңа материалды оқумен қатар бұрынғы оқылған материалдарды қайталау, қайта тексеру, білімді бекіту.
4-бөлім: оқушылардың білім, іскерліктерін жүйелеу мақсатымен бөлім, тақырыптар бойынша мезгіл-мезгіл тексеру.
5-бөлім: дидактикалық процестің барлық кезеңінде алынған білім, іскерліктердің қорытындыларын әр тоқсанның аяғында, оқу жылының соңында тексеру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет