ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан мәдениеті. Халық ағарту ісі. Шоқан Уәлиханов (1835-1865 жж.). Ыбырай Алтынсарин (1841-1889 жж.). Абай Құнанбаев (1845-1904 жж.). ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. Қазақ композиторлары. Өлкетану және ғылыми зерттеу ұйымдары. Баспасөз. Еуропалық және ресейлік саяхатшылардың Қазақстан туралы жазба мұралары. Жергілікті орыс мектептері.
2.3 ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН. ТҰРҒЫНДАРДЫҢ КӨПҰЛТТЫ ҚҰРАМЫ
ХХ ғасырдың басындағы әлеуметтік-экономикалық жағдай. Өлке халқының күнделікті өмірі, кәсібі. Өнеркәсіптің дамуы. Байланыс жолдары және сауда. Жұмысшылардың өндірістік орталықтарының қалыптасуы. Жер мәселесінің шиеленісуі. Столыпиннің аграрлық реформасы және оның зардаптары.
ХХ ғасырдың басындағы саяси өмірдің жандануы.1905-1907 жылдардағы Ресейдегі буржуазиялық-демократиялық революция және Қазақстан. Өлкедегі саяси үйірмелердің пайда болуы. Қарқаралы петициясы. Социал-демократтар, кадеттер және т.б. саяси ағымдар. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс. Қазақстанға жасалған жазалау жорықтары. Қазақстанға соғыс тұтқындарының (Австрия-Венгрия, Германия) келуі.
ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті. Оқу-ағарту ісі. Ғылыми мекемелер мен қоғамдардың қызметі. Ұлттық мерзімді басылымдар. «Айқап». «Қазақ». ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті. ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басындағы ұлттық интеллигенцияның қалыптасуы. Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Ж.Ақбаев, Ә.Ермеков, Х.Ғаббасов, Б.Қаратаев, Х.Досмұхаммедов, Ж.Досмұхаммедов, С. Асфендияров және т.б. Саяси жер аударылғандардың қазақстандық қоғам өміріне қатысуы.
ІІІ МОДУЛЬ. ЖАҢА ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН
3.1 1917 ЖЫЛҒЫ РЕСЕЙДЕГІ РЕВОЛЮЦИЯЛАР. КЕҢЕСТІК КЕЗЕҢ. ЖАҢА ЗАМАННЫҢ БАСТАЛУЫ (ақпан-қазан 1917 ж. – тамыз 1991 ж.)
1917 жылғы ақпан революциясы тұсындағы Қазақстан. 1917 жылғы ақпан революциясы және оның ерекшелігі. Ресей империясының күйреуі. Алаш қозғалысы. Уақытша үкімет пен Кеңестің жергілікті басқару мекемелері. Соғысқа көзқарас. Қазақ комитеттері. Қазақ съездері. Бірінші жалпы қазақ сьезі және оның шешімдері (21-26 шілде, 1917 ж.). 1917 жылдың жаз-күз айларындағы саяси дағдарыс. Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына даярлық жұмыстары. Қазақстандағы большевиктердің қызметі. «Алаш» партиясы және оның бағдарламасы. «Үш жүз» партиясының құрылуы.